Байланысты: 1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені
2. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы айналым құралдарының жағдайынан тікелей тәуелділікте болады, сондықтан кәсіпорын айналым құралдарының неғұрлым рационалды қозғалысы мен пайдаланылуына мүдделі.
Айналым құралдарын пайдалану тиімділігі экономикалық көрсеткіштер жүйесімен, ең алдымен айналым құралдарының айналымдылығымен сипатталады.
Айналым құралдарының айналымдылығы дегеніміз айналым құралдарын сатып алу кезінен бастап, дайын өнімнің шығуына және сатуына дейінгі қаражаттардың толық шеңбер айналымының ұзақтығы. Айналым құралдарының шеңбер айналымы кәсіпорын шотына түсімнің есепке алынуымен аяқталады.
Айналым құралдарының айналымдылығы өзара байланысты көрсеткіштермен сипатталады: бір айналымның ұзақтығы(күн), белгілі кезеңдегі айналымдардың саны (айналымдылық коэффициенті), өнім бірлігіне шаққандағы кәсіпорында қамтылған айналым құралдарының сомасы (жүктелім коэффициенті).
Айналым құралдарының бір айналымының ұзақтығы былайша есептеледі:
О=С:(Т/Д),
Мұндағы О – айналымның ұзақтығы, күндер; С – айналым құралдарының қалдығы, теңге; Т – тауарлық өнім көлемі,теңге; Д – қарастырылатын кезеңдегі күндер саны.
Бір айналым ұзақтығының азаюы айналым құралдарын жақсы пайдалануды көрсетеді.
Кезеңдегі айналымдар саны немесе айналым құралдарының айналымдылық коэффициентін мына формуладан көруге болады:
Ко=Т/С
Айналымдылық коэффициенті неғұрлым жоғары болса, айналым құралдары соғұрлым жақсы пайдаланылады.
Айналымдылық коэффициентіне кері көрсеткіш айналымдағы құралдардың жүктелім коэффициенті былайша есептеледі:
Кз=С/Т.
Жоғарыда аталған көрсеткіштерден басқа айналым құралдарының қайтарымдылық көрсеткіші пайдаланылуы мүмкін, ол өнімді сатудан түскен пайданың айналым құралдарының қалдығына қатынасы ретінде анықталады.
Айналым құралдарының айналымдылық көрсеткіштері айналымға қатысатын барлық айналым құралдары және жекелеген элементтер бойынша есептеледі.
Құралдардың айналымдылығының өзгеруі нақтылы көрсеткіштерді жоспарлы көрсеткіштермен салыстыру арқылы табылады. Айналым құралдарының айналымдылық көрсеткіштерін салыстыру нәтижесінде оның жеделдеуі немесе баяулауы көрінеді.
Айналым құралдары айналымдылығының жеделдеуі кезінде айналымнан материалдық ресурстар мен олардың құрылу көздері босап, ал баяулау кезінде айналымға қосымша құралдар тартылады.
Айналымдылықтың жеделдеуі салдарынан босаған айналым құралдары абсолютті немесе салыстырмалы болуы мүмкін. Егер айналым құралдарының нақтылы қалдықтары алдыңғы кезеңдегі нормативтен немесе қалдықтардан аз болса абсолютті босау орын алады. Ал айналым құралдарының айналымдылығының жеделдеуі өнім шығару көлемінің өсуімен бір мезгілде жүрсе салыстырмалы босау орын алады.
Айналым құралдарын пайдалану тиімділігі көптеген факторлардан тәуелді. Олардың арасында сыртқы және ішкі факторларды бөлуге болады. Сыртқы факторлар мыналар:
Осыларды ескере отырып кәсіпорын айналым құралдары қозғалысын рационализациялаудың ішкі резервтерін пайдалануы мүмкін.
Айналым құралдарын пайдалану тиімділігін арттыру шеңбер айналымның барлық сатыларында олардың айналымдылығын жеделдетумен қамтамасыз етіледі.