1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері мен құқықтары



бет2/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері мен құқықтары

  • Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі

  • Кәсіпорындардың құрылымы

  • Кәсіпорындардың бірлестіктері

  • Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері.


    1. Кәсіпорын - шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі

    Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын барлық экономиканың негізгі буыны болып табылады, өйткені бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім жасалады, қажетті қызмет көрсетіледі.

    Кәсіпорынның құрылуының және қызмет етуінің басты мақсаты өндірілетін өнімді тұтынушыларға сату есебінен максимальды пайда алу болып табылады, оның негізінде еңбек ұжымы мен өндіріс құралдары иелерінің әлеуметтік және экономикалық сұраныстары қанағаттандырылады.

    Кәсіпорынның жалпы миссиясының негізінде жалпы фирмалық мақсаттар қалыптастырылады, олар кәсіпорын иесінің мүдделерімен, капитал мөлшерімен, кәсіпорын ішіндегі ситуациямен, сыртқы ортамен анықталады және келесі талаптарға жауап беруі тиіс: нақтылы және өлшенетіндей, уақытқа негізделген, қол жеткізілетіндей және өзара қолдайтын.

    Әрбір кәсіпорын – көп қырлы қызметі бар күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Оның ішіндегі басты бағыттар:


    1. нарықты кешенді зерттеу (маркетингтік қызмет);

    2. инновациялық қызмет (ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер, өндіріске технологиялық, ұйымдық, басқару және басқа жаңалықтарды енгізу);

    3. өндірістік қызмет (өнім дайындау, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету, нарықтағы сұранымға сәйкес номенклатура мен ассортиментті әзірлеу);

    4. коммерциялық қызмет (өндірілген өнімді өткізуді ұйымдастыру мен ынталандыру, әрекеттегі жарнама);

    5. өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету (шикізаттарды, материалдарды, комплектіленетін бұйымдарды жеткізу, энергияның, техниканың, жабдықтардың барлық түрлерімен қамтамасыз ету);

    6. кәсіпорынның экономикалық қызметі (жоспарлаудың барлық түрлері, баға қалыптасу, есеп және есеп беру, еңбекті ұйымдастыру және ақы төлеу, шаруашылық қызметті талдау);

    7. өндірістік-техникалық және тұтыну бағытындағы өнімнің сатудан кейінгі сервисі (жіберу-іске қосу жұмыстары, кепілдік қызмет көрсету, жөндеу үшін қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету);

    8. әлеуметтік қызметі (еңбек жағдайлары мен еңбек ұжымының өмірін тиісті деңгейде ұстау, кәсіпорынның әлеуметтік инфрақұрылымын жасау).

    Кәсіпорын кез келген елдің халық шаруашылық кешенінде орталық орын алады. Бұл алғашқы буын, алайда мұнда ұлттық табыс жасалады. Кәсіпорын өз өнімдерін сатудың жолдары мен тәсілдерін өзі анықтап, контрагенттерін өзі таңдайды. Дербестікті иелене отырып кәсіпорын жүргізетін қызмет нәтижелері үшін өзіне жауапкершілік алады. Ол келісім шарт, несие, есеп айырысу және салық міндеттемелерін бұзғаны үшін жауап береді. Кәсіпорын өз құзырындағы жер мен басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланатындай, қоршаған ортаны ластамайтындай, өндіріс қауіпсіздігі ережелерін бұзбайтындай, санитарлық-гигиеналық нормалар мен жұмыскерлердің денсаулығын қорғау талаптарын сақтайтындай етіп ұйымдастырылуы тиіс.

    Осылайша кәсіпорын – бұл пайда алу және оны ұлғайту мақсатында нарықтық экономикада әрекет ететін, өндіріспен, тауарлар мен қызметтерді сатумен айналысатын экономикалық агенттер немесе тұлғалар.

    Кәсіпорынның атауы, фирмалық белгісі, дербес балансы, банкте есеп айырысу шоты болады. Кәсіпорын жұмыс орындарын ұсынады, жалақы төлейді. Салық төлеу жолымен ол ел экономикасының дамуындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет