1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері мен құқықтары



бет3/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

2. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері мен құқықтары

Экономика облысында әрекет ететін мемлекеттік заңдар мемлекеттің компетенциясы мен оның кәсіпорын (фирма) жұмысына араласу шекарасын анықтайды. Жеке, кооперативтік және акционерлік кәсіпорындар мемлекеттік бақылаудан босатылмайды, олар мыналарға жүргізіледі:



  • кәсіпорындар табыстары және олармен салықтардың төленуі;

  • өндірістің санитарлық жағдайы;

  • өнімнің бағыты мен техникалық деңгейі;

  • өндіріс стандарттары мен техникалық шарттарын сақтау;

  • жалдамалы персоналды құқықтық қорғау және кәсіпорын қызметінің кейбір басқа тұстары.

Шаруашылық және құқықтық бақылау әлемнің барлық елдерінде іске асырылады. Заңнамада қарастырылғандай кәсіпорын өз қызметінің барлық түрлері үшін толық жауапкершілікте болады, оның ішінде:

  • мемлекет мүддесі мен азаматтар құқығын сақтау;

  • заңдар мен қоршаған ортаның қорғалуын қадағалау;

  • мемлекетпен немесе акция ұстаушылармен оған сеніп тапсырылған мүлікті көбейту;

  • өндіріс тиімділігін арттыру.

Кәсіпорын қызметі басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты жұмыс жағдайын бұзбауы, сол аумақта орналасқан азаматтардың өмір сүру жағдайын нашарлатпауы тиіс. Мұнда мемлекет немесе басқа жоғары тұрған орган кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Кәсіпорын әкімшілігі персонал үшін қалыпты еңбек жағдайларын жасауға міндетті. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдер еңбек ұжымының қатысуымен қабылдануы тиіс. Әкімшілік пен еңбек ұжымы арасында еңбек келісімі жасалады, онда төмендегідей өзара міндеттемелер бекітіледі:



  • жұмыстардың санитарлық жағдайы мен техникалық қауіпсіздігі бойынша;

  • кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің жұмыс режимінің жағдайы;

  • еңбек демалысының ұзақтығы мен ақы төлеу мөлшері;

  • жұмыскерлер категориясы бойынша еңбекке ақы төлеу шарттары мен формалары.

Заңмен қарастырылған өкілеттіліктерден тыс жергілікті билік органдары кәсіпорынның ішкі шаруашылық және әкімшілік функцияларын іске асыруға араласуға құқылы емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет