1. Жоспарлаудың әдіснамалық негіздері
Нарықтық экономикада кәсіпорынның тиімді қызметі өздерінің алыс және жақын перспективадағы дамуын қаншалықты сенімді көре білетіндігінен тәуелді.
Кәсіпорынның тиімді қызметі тек даму жоспарларын, өндірістік бағдарламаларды, кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын әзірлегенде ғана мүмкін.
Кәсіпорын деңгейінде жоспарларды әзірлеу жеке меншік ресурстарға есептелінеді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның даму жоспарларын жасауда жоспарлау әдістемесін жетілдіру маңызды мәнге ие, ол жоспарларды әзірлеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын көрсетеді.
Жоспарлау әдістемесін жетілдіру бағыттары: жоспарлардың ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық негізделуін жоғарылату; прогрессивті техника-экономикалық нормативтер мен нормалар жүйесін кеңінен пайдалану және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарлары прогрессивті техника-экономикалық нормативтер мен нормалар негізінде жасалады. Норма дегеніміз берілген сападағы өнім бірлігін дайындауға шикізаттың, материалдардың, отын мен энергияның абсолютті шығынының жіберілетін шамасы. Норматив – бұл салыстырмалы шама, ол еңбек құралдарын, еңбек заттарын пайдалану дәрежесін, олардың аудан, салмақ, көлем бірлігіне шаққанда жұмсалуын сипаттайды.
Техника-экономикалық нормалар мен нормативтер келесі негізгі топтар бойынша жасалады:
Жанды еңбек шығындарының нормалары (өнім бірлігіне шаққандағы жұмыс уақыты шығындарының нормалары, уақыт бірлігіндегі өнім өндірімі нормалары, қызмет көрсету нормалары, сан нормативтері);
Материалдық шығындар нормалары (шикізат, материалдар, отын, энергия, құрастырушы бұйымдар шығындарының үлестік нормалары);
Еңбек құралдарын пайдалану нормативтері (машиналарды, жабдықтарды, механизмдерді, құрылғыларды, инструменттерді пайдалану нормативтері);
өндірістік процесті ұйымдастыру нормативтері (өндірістік циклдың ұзақтығы, аяқталмаған өндіріс, шикізат, материал, отын запастарының көлемдері);
кәсіпорында, цехта, агрегатта енгізілетін жобалық қуаттарды игеру ұзақтығының нормалары.
Жоспарлауда пайдаланылатын көрсеткіштер сандық және сапалық, көлемдік және үлестік болып бөлінеді.
Жоспардың сандық көрсеткіштері абсолютті шамалармен бейнеленеді. Оларға мыналар жатады: тауарлық, жалпы өнім көлемі, сату көлемі, жұмыс жасатындар саны, жұмысшылар саны, еңбек ақы қоры, пайда сомасы жәнет.б.
Сапалық көрсеткіштер – салыстырмалы шамалар. Олар өндірістің, оның жекелеген факторларының экономикалық тиімділігін бейнелейді. Бұл еңбек өнімділігінің өсуі, өзіндік құнның төмендеуі және т.б.
Өнеркәсіп жоспарының көрсеткіштер жүйесінде көлемдік және үлестік көрсеткіштерді ажыратады. Көлемдік көрсеткіштер тұтастай өндірістің, оған қатысатын жеелеген процестер мен факторлардың абсолютті шамасын орнатады. Мысалы өндірісі көлемі, механикалық өңдеу, жинау көлемі, еңбек, материалдық ресурстар шығындарының көлемі. Үлестік көрсеткіштер екі немесе бірнеше өзара байланысқан көрсеткіштердің қатынасын орнатады. Мысалы, өнім бірлігіне шаққандағы металл шығыны, өндірістік қуат бірлігіне келетін күрделі салымдар.
Өнеркәсіптік жоспар көрсеткіштерін есептеу үшін натуралдық, құндық және еңбек өлшемдері қолданылады.
Натуралдық өлшемдер өндіріс, материалдық ресурстар көлемін жоспарлауда пайдаланылады. Материал сиымдылығы бройынша әрқилы біртекті бұйымдардың өндіріс көлемін өлшеу үшін шартты-натуралдық өлшем қолданылады.
Өндіріс көлемінің еңбек өлшемі кеңінен қолданылады, олар норма-сағаттарда бейнеленеді. Натуралдық өлшемдермен үйлесе отырып, еңбек өлшемдері еңбек өнімділігін, еңбек ақы мөлшерін, өндірім нормасын анықтау үшін пайдаланылады.
Тауарлық-ақшалай қатынастар жағдайында құндық өлшем маңызды мәнін сақтайды. Олардың көмегімен өнеркәсіптің даму динамикасын, қарқыны мен пропорцияларын анықтайды, жоспардың барлық бөлімдерін өзара байланыстырады. Құндық өлшемде өнімді сату көлемі, тауарлық және жалпы өнім жоспарланады
Достарыңызбен бөлісу: |