Кәсіпорындар мөлшері бойынша жіктелуі
Кәсіпорынның маңызды сипаттамаларының бірі жұмыскерлер санымен анықталатын оның мөлшері болып табылады. Бұл белгі бойынша кәсіпорын келесідей бөлінеді: ұсақ – жұмыс жасайтындар саны 50-ге дейін, орташа – 50-ден 500-ге дейін, ірі – 500-ден жоғары, ерекше ірі – 1000-нан жоғары. Жұмыс жасайтындар саны бойынша кәсіпорын мөлшерін анықтау басқа сипаттамалармен толықтырылуы мүмкін – сату көлемі, активтер, алынған пайда т.б.
Ұйымдық-құқықтық формалары бойынша жіктелуі
ҚР Азаматтық Кодексімен кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық формаларының құрамы бекітілген. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы – бұл кәсіпорын серіктестері, басқа кәсіпорындар, жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы қатынастарын анықтайтын нормалар жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |