3. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі
Қазақстандық экономика жағдайында сапаның дамуы бәсекелестікпен анықтала бастады. Қазіргі даму тенденциялары кәсіпорын қызметінің барлық сфераларында сапа жүйесін жасауды қарастырады.
Сапа жүйесінің компоненттерінің бірі технологиялық процестердің дамуы мен технологиялық жабдықтарға талаптарды анықтайтын өнім сапасы болып табылады. Сондықтан кәсіпорындарда бәсеке қабілеттілікт арттыру құралы ретінде сапа жүйесін жасау отандық кәсіпорындардың ішкі рыноктағы позициясын күшейтуге, әлемдік нарыққа шығу перспективасымен тауарлар мен қызметтердіңбазалық деңгейін арттыруға бағытталуы тиіс.
Сапаны басқару жүйесі кәсіпорынның нақтылы қызметі мен ИСО 9000 сериясындағы Халықаралық стандарттарда келтірілген сәйкес элементтерді есепке ала отырып әзірленуі тиіс.
Өнім сапасын басқару жүйелі іске асырылуы тиіс, яғни кәсіпорында сапаны басқару үшін қажетті жауапкершілікті, процедуралар мен ресурстарды бөліп отыратын ұйымдық құрылымды көрсететін өнім сапасын басқару жүйесі әрекет етуі тиіс. Өнім сапасын басқару жөніндегі халықаралық тәжірибеге сәйкес кәсіпорында сапа облысындағы саясат, өнім сапасын қамтамасыз етуді, жоғарылатуды және басқаруды енгізетін тікелей сапа жүйесі бөлінеді.
Сурет 1. Өнім сапасын басқару сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: |