Модуль 2. Маркетингтегі тауар және баға саясаттары. Тақырып 1. Маркетинг жүйесіндегі тауар 1-тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз. 1.Маркетингтегі тауар деген не? Тауардың қандай деңгейлерін бөліп көрсетуге болады?
2. Тауарды қандай белгілері бойынша жіктейді?
3. Тауарлық белгіге қандай талаптар қойылады? Тауарды қаптау қандай функцияларды атқарады?
4. ТӨЦ деген не және оны ұзартудың қандай тәсілдері белгілі?
5. Тауарға сервистік қызмет көрсету деген не?
1.Тауар – мұқтаждықты не тұтынасты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық объект, қызмет, адам, орын, мекен және идея болуы мумкін.
Сонымен қатар біздер тауар бірлігінің анықтамасын да білуіміз керек.
Тауар бірлігі –мөлшермен, бағасымен, сырт пішінімен және басқа атрибуттармен сипатталатын ерекшеленген бүтіндік.