1-тапсырма. Мектеп жасына дейінгі ересек баланың психофизилогиялық даму ерекшелігімен танысыңыз және бала дамуын қолдау мен әрі қарай дамытуға бағытталған іс-шараларды қалай ұйымдастыратындығыңыз туралы ойланыңыз. Баланы дамыту



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі30,12 Kb.
#109845
  1   2   3   4
Байланысты:
тапсырма 3


1-тапсырма. Мектеп жасына дейінгі ересек баланың психофизилогиялық даму ерекшелігімен танысыңыз және бала дамуын қолдау мен әрі қарай дамытуға бағытталған іс-шараларды қалай ұйымдастыратындығыңыз туралы ойланыңыз.

Баланы дамыту

Бала бойындағы дағдылардың сипаты

Қолдау көрсету және дамыту

Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша күтілетін нәтижелерге сәйкестігін анықтау және жүзеге асыру шараларын ұсыну

Физикалық

• Секіреді

• Допты ұстайды

• Қарындашпен сурет салады

Нысандарды көшіріп, кейбір әріптер жазады.

• Тігісті тіге алады

• Велосипед тебеді

• Биіктіктен секіреді

• Өрмелей алады

• Жазады

Инені сабақтайды

• Түймелерін салып, бау байлай алады.


• Ұсақ қол қимылдарын дамытуға арналған кеңістікті және кейбір жабдықтарды қамтамасыз ету және моториканы меңгеру

• Ұсақ қол қимылдарын жақсарту үшін материалдар мен жабдықтарды қамтамасыз ету

• Қол мен көзді үйлестіруді жақсарту үшін пісіру, тігін ісі, ағашпен жұмыс істеу және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру.





Әлеуметтік-эмоциялық

• Басқа балалармен достаса алады

Туындаған келіспеушіліктерді шешуде үлкендердің көмегіне жүгінеді

• Өзіне жауапкершілік алғанды ұнатады

• Қоршаған ортаны тануға ынтасы жоғары

• Топтасып ойнағанды жақсы көреді, ойын барысында ережелерге бағына алады


Балалардың әлеуметтік дамуын қолдау:

• Жетістіктерін мадақтау

• Балаларға ұсыныстар беру, бірақ таңдауларына құрмет көрсету

Балаларға құрдастарымен, ересектермен бірге уақыт өткізуіне қолдау көрсету

• Бірлескен әрекеттер арқылы орындалатын тапсырмаларды орындату

• Балалардың әрекетін бақылау шамадан тыс болмауы, олардың өзбетінше әрекеттеріне қолдау көрсетіп, сенім білдіру

• Шешім қабылдауына мүмкіндіктер беру

Балаларды мұқият тыңдау

• Балаларға жауапкершілік алуға жағдай жасау.

Балалардың эмоционалды дамуын қолдау:

• Балаларға деген мейірімді және қамқор қатынастар орнату

• Балалардың сезімдерін көрсете алуына жағдай жасау

• Балалардың бойында өздерінің басқаларға қажеттігін сезінетіндей жағдайлар туғызу






Зияткерлік

Өмірдің әртүрлі қырындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді

• Бұл жаста балалар бір сұраққа бірнеше пікірлердің болатынын түсінеді (мысалы, суды әртүрлі ыдыстарға құйғанда түрлі көрінуі мүмкін).



• Балалардың есте сақтауын дамыту үшін болған жағдайларды айтып беруін сұрау

• Жануарларды немесе өсімдіктерді ұстағанда, қарағанда балалардың көргені, сезгенін иісі, сипап сезгені, дәмі туралы сұрау

• «Жасырынбақ» сияқты ойындарды ойнату

• Машиналарды және компьютерлерді зерделеу

Театр ойынын ойнату, қиялдау, шығармашылық шаралар ұйымдастыру

• Балалардың өз идеяларын ұсынуларына жағдай жасау






Сөйлеу

Әңгімелесе алады, әңгіме желісін құра алады

• Кітаппен жұмыс жасауды біледі

• Мәтін белгілі бір мағынаны құрайтындығын біледі

Әріптерден сөздер құрай алады



• Толық жауап беруге бағытталған сұрақтар қою

• Кітапты, суретті немесе дыбыстарды талдау

• Өткен оқиғаларды немесе көрген ертегісін, тыңдаған әңгімелерін айтып беруге өтініш білдіру

• Өзі туралы айтып беруіне өтініш білдіру.






Child and Young Person Development: The main stages of child and young person development р.3-17.

2-тапсырма. Төменде берілген зерттеу нәтижелерімен танысыңыз. Өз тәжірибеңізбен байланыстырып мысалдар келтіріңіз.
Балаларды дамыту саласында жүргізіліп жатқан зерттеулер (2018 жыл):



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет