1 тарау. ҚАтынастың нормативті қҰҚЫҚТЫҚ Қоры дипломатиялық қатынастың қалыптасуы


Германия елшілігінің қоғаммен саяси жұмысы белгілі бір мақсатты және міндетті саясатты ұстанады



бет2/4
Дата17.12.2016
өлшемі1,05 Mb.
#4047
1   2   3   4

Германия елшілігінің қоғаммен саяси жұмысы белгілі бір мақсатты және міндетті саясатты ұстанады:

I. «Паблик дипломаси» бұрын: дипломатия елшіліктердің қабылдайтын елдің Үкіметімен қатынасы; бүгін: «қоғамдық дипломатия» — елшіліктердің қабылдайтын елдің жұртшылығымен қатынасы;


II. Мақсаттары

Баспасөзбен және жұртшылықпен жүргізілетін жұмыс, Германияны шетелдерде көрсетудің міндеті болып табылады. Бұл жұмыс:



  • Германия туралы бәрін қамтитын, шындықты және қазіргі көріністі беру;

  • Германиялық саясатты және оның шет елдердегі мақсатын түсіндіру;

  • дүниежүзілік масштабтағы ақпараттар алмасуына үлес қосу;

  • қабылдаушы елмен арадағы достық қатынасқа ықпал ету.

III. Басты міндеттер

Басты міндеттер болып табылатындар:



  • жаңа мың жылдық басындағы Германияны таныстыру: елді біріктіруді аяқтау, Берлин жаңа астана және т. б.

  • Германияны экономикалық қызмет үшін тартымды орын ретінде көрсету (жоғары технологиялар, экологиялық таза технологиялар, әлеуметтік болжалды нарықты шаруашылық, білім жүйесі)

  • Германияны маңызды ел —ЕО қатысушысы ретінде көрсету

  • Германия үшін трансатлантикалық қатынастың маңыздылығын көрсету

  • бейбітшіл саясаттың бөлігі ретінде , Германияның БҰҰ-ғы және басқада халықаралық ұйымдардағы ролін көрсету

  • дамуға көмек көрсету бойынша ынтымақтастықтағы Германия ролін көрсету.

IV. Құзырет

Елшілік өзінің жұртшылықпен жүргізетін саясаттық жұмысында Сыртқы істер министрлігімен және Берлиндегі Федералдық өкіметтің Баспасөз және ақпарат Ведомствосының шетелдік бөлімімен тығыз ынтымақтастықта болады.

Елшіліктің жұртшылықпен және баспасөзбен жұмысының жауапкершілігі елшіге жүктеледі. Оған тікелей, баспасөзбен жұмыс жасау бойынша референт, яғни елшіліктің баспасөзбен жұмыс жасайтын бөлімінің жетекшісі (пресс – атташе) бағынады. Қабылдаушы елдегі баспасөзбен жүргізілетін жұмыс, ішкі қолдануға арналған баспасөзбен жүргізілетін жұмысқа қарағанда артықшылықты (мысалы, жарияламаларға шолу, баспасөз жарияламалары туралы баяндамалар).
V. Мақсатты топтар

Бұл анықталған топтарға арналады, бәрінен бұрын мультипликаторларға:



  • кәсіпқой редакторларға

  • бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы баспагерлер мен кәсіпкерлерге

  • бағдарламалар редакторларына

  • жас редакторларға

  • маңызды ведомстволарға, парламентке, үкіметтік органдарға

  • жоғары қызметтегі партиялық және кәсіподақтық қызметкерлерге және кәсіпкерлер одағының қызметкерлеріне

  • экономика, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім, тәрбиелеу, ғылым және ғылыми зерттеулер, дін, жастар қозғалысы, спорт, өнер және әдебиет салаларындағы маңызды жеке тұлғаларға.

VI. Құралдар және әдістер

Типтік құрал болып Сыртқы істер министрлігінің баспасөз және ақпарат Ведомствосымен ынтымақтастық, жәнеде ақпараттық сұхбат пен Германияның және қабылдаушы елдің журналистерімен қандайда бір уақиғалардың ортасында сұхбаттасу табылады. Немістің БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) үшін жұмыс істейтін журналистер цитата ретінде қолданылуы мүмкін болатын, сөзді сөйлеу үшін Сыртқы істер Министрлігінің рұқсаты қажет. Осылай, Германияда жасалатын көрініске қатысты бірыңғай аргументтер туралы қамқорлық пайда болады. Қандай да бір консулдық қызмет көрсету болатын, азаматтардың жеке мәліметтерін жариялау принципті тиым салынған.

Жұмыстың басқа құралы болып елшіліктің жарияланымдары болуы мүмкін, мысалы, «Германо-казахстанские отношения в 2001 году»2 брошюрасы, немесе баспасөз үшін тұрақты берілетін хабарламалар. Соңғысы Федералдық үкіметтің мәлімдемесін, екіжақты мүддені көрсететін маңызды жарияламаларды тез таратуға және баспасөзбен кездесуге шақыруға арналған.

Баспасөзбен жұмыс жүргізуде үлкен маңызды орын алып келе жатқан – Интернет. Сыртқы істер Министрлігінің 1995 жылдан бері өзінің жеке сайты бар — «www.auswaertiges-amt.de». Әрбір германиялық елшілікте тура осылай өз сайтын құруы керек.

Тағыда бір құрал болып табылатын – ол «Германия» журналы, ол арнайы шет елдер үшін басылып шығарылады, Қазақстандада орыс тілінде таратылады. Ол мультипликаторларға және лауазымды адамдарға тегін жіберіледі. Әлуеттік оқырмандардың үлкен бөлігі журналды тікелей Германиядан алады. «Германия» журналында басылған статьялар проблемасыз қайта басыла береді. 1998 жылдан бері ағылшын және неміс тілдерінде «Außenpolitik» («Сыртқы саясат») журналы басылып шығарылады. Ол өзінің көптеген беттерін Германияның ТМД елдерімен қатынастарына арнайды. Ол туралы егжей – тегжейлі ақпаратты Интернет бойынша «www.außenpolitik.de» сайтынан алуға болады. Одан өзге «Германия. Фактылер» кітабы шығарылады, ол орыс тілінде басылып шығарылады, сұраныс бойынша елшіліктен алуға болады.

Шетелдерде біздің ақпараттық жұмысымызда одан ары қолданылатын құрал «Немецкая волна» радио— және телеканалы болып табылады, бұл канал қазіргі кезде неміс, ағылшын және испан тілдерінде телевизиялық хабарлар жүргізеді. Қазіргі кезеңде Солтүстік Америкада тағыда екі неміс телеканалдарының сыналу жұмыстары жүргізілуде, олардың хабарды бүкіл дүниежүзіне таратуы қарастырылған, ал олардың бағдарламалары көңіл көтеретін және көркем фильмдерден тұрады.

Баспасөз бен ақпараттың Федералдық ведомствасының фототекасы сұраныс бойынша Германиядағы көкейтесті саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірді кескіндейтін суреттер мен слайдтарды бере алады. Тапсырыспен елшілікке өтініш жасауға болады.

Баспасөз бен ақпараттың Федералдық ведомствасы өзінің кең көлемдегі документальді фильмдер жинағынан (неміс тілінде), БАҚ өкілдерін қызықтыратын бейнетаспалар бере алады, оларды БАҚ өкілдері елшіліктен жалға ала алады.

Сонымен қатар, елшілік Германияға телевизиялық немесе көркем фильмдер түсіруге баруға жәрдемдеседі. Бұл кездесу мерзімі туралы алдын – ала келісім немесе қарым – қатынасты орнықтыруға көмек, жәнеде фильм түсіруші топтың болған мерзімін толыұ қаржыландыру болуы мүмкін. Соңғысы, әрине тек қана өте маңызды жобаны жүзеге асыру жағдайында, қаражаттың жетімсіздігінен іске асыруға болмайтын кезде ғана орын алады. Мұндай жобалар өте ұқыпты, жақсы дайындалған болуы керек, яғни оларды ерте бастан жоспарлау керек; фильмнің шын мәнінде эфирден көрсетілетіні туралы, үлкен телеканалдың әзірлеген концепциясы мен кепілдігін егжей – тегжейлі көрсету керек.

Федералдық үкіметтің қонақтарды қабылдау бағдарламасы Германияға шамамен бір аптаға журналисттерді, редакторларды, баспагерлерді, парламент депутаттарын және үкіметтік құрылымның жоғары лауазымды өкілдерін шақыруға мүмкіндік береді. Неміс тілін білу талап етілмейді. Бұл бағдарлама бойынша шақырылған тұлғалар бір жағынан «тағырыпты сапарларға» қатысады, яғни Германияда дайындалған және жүргізілетін бағдарламаларда және екінші жағынан шақырылғандардың арнайы тілегіне орай “жеке сапарлар” ұйымдастырылады. Алматыдағы елшілік әрбір жылы осындай “сапарларға” екі адамнан төрт адамға дейін жібере алады.

Сонымен қатар, елшіліктің Германияда жүргізілетін халықаралық конференцияларға қатысуы үшін журналисттерді шақыруға мүмкіншілігі бар. Жол қаражаты мен сол жақта болу уақытының қаражатының шығынын германиялық жақ өз мойнына алады. Дегенмен, қойылатын шарт, ол конференцияның өткізілетін тілдерінің бірін білу: неміс, ағылшын, француз және испан тілдерінің бірін.

Егер журналист оған тек қана, белгілі бір сұхбаттасушымен қарым – қатынас орнықтыруға немесе белгілі бір қалалар не болмаса мекемелерде болуға жәрдемдесу көрсетілуін қажет етсе, оған бағдарламалық көмек көрсетіле алады. Бұл кезде оған, мысалыға сұхбаттасушымен кездесуге, қонақүйден нөмір алуға, жабдықтар мен студияның, оператор қызметінің берілуі туралы келісуге көмек көрсетіледі. Мұндай бағдарламалық көмектің табысты өтуінің алғы шарты, күні бұрын тапсырысберу және қажетті қызмет көрсетудің нақты баяндалуы болып табылады.

Жұртшылықпен саяси жұмыс жүргізудің тағы бір құралы — Федералдық үкіметтің дәріс оқу бағдарламасы. Жоғары лауазымды саясат, экономика және ғылым саласындағы неміс өкілдері, таңдамалы тыңдаушыларының алдында, Германиямен байланысты маңызды тақырыптарға дәрістер оқуға немесе баяндамалар жасауға шетелдерге сапар шегеді. Осымен бірге, елшілік қызметкерлеріде көп жағдайда өздері баяндамалар жасайды.

Одан өзге, елшілік шет елдердегі көрмелерге және экономикалық жәрмеңкелерге қатысады және қоғамдық резонансқа есептелген өзінің дербес жобаларын өткізеді. Ол сонымен қатар, хабарландыруларменде жұмыс істей алады.

Кеңестер Одағы ыдырағаннан соң және жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болғаннан соң, Германияда Орталық Азия елдеріне қатысты “аймақтық тәсіл”3 қалыптасты, демек саясат тек жеке алынған ел үшін емес, барлық аймаққа қатысты құрылады. Және бұл кезде германиялық саясат, менің білуімше, келесідей критерияларға сүйенеді: саяси тұрақтылық, демократиялық реформаны жақтаушылық және олардың практикалық жүзеге асуы, нарықты экономикалық реформаларды іске асыру және, соңында, неміс халқының осы немесе басқа мемлекеттерде болуы.

Ол кезде, яғнибұдан он жыл бұрын, мұндай келіс, барлық ықтималдық бойынша, ақталынды, өйткені аймақтың барлық мемлекеттері бірдей жағдайда болды және біртипті проблемаларды шешуде болды, саяси саладада, экономикалық саладада. Дегенмен өткен он жыл және олардың тәуелсіз өркендеуі Орталық Азияның әрбір елімен өз ойынша қолданылды. Мемлекеттік құрылыс процестері, қоғамды либералдау және демократтау, нарықтық рельске түсу әртүрлі өтті және әрқалай қарқындылықпен. Бүгін Орталық Азия елдерінде әртүрлі саясаттық және экономикалық моделдер қалыптасуда деп айтуға болады. Олар экономикалық процестердегі мемлекет ролі тұрғысынан қарағанда өзара кәдімгідей айрықшаланады, ал олардың қаржылы – несиелік жүйелерінде айырмашылық бұданда көп. Азаматтық қоғам құру жолында алға басу тереңдігі мен дәрежесіле әрқилы. Бұл тізімді одан әрі жалғастыра беруге болады.

Осы жағдайларда, әсіресе сауда – экономикалық ынтымақтастықта, аймақтық тәсілден дербес – елдікке өту оңтайлы болар еді.
1.2. Ынтымақтастықтың негізін қалаушы құжаттар
Германия Қа­зақстанның егемендігін ССРО таралғаннан соң бірден мойындады - 31 желтоқсанда 1991 жылы. Ал бірден келесі жылы біздің жас мемлекетіміздің жетекшісінің іс сапарымен баруы мүмкіндікті болды. Сол қыркүйекте 1992 жылы алты негіз қалаушы құжаттарға қол қойылды, оның ішінде келесідей саяси және экономикалық көзқараспен өте маңызды құжаттар: Қатынастың негіздері туралы біріккен хабарлама және Экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстан – герман кеңесін құру туралы Келісім.

Қа­зақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы экономика, өнеркәсіп, ғылым мен техника салаларындағы кең масштабтағы ынтымақтастықтың дамуы туралы шартта айтылады:

«Қа­зақстан Республикасы және Германия Федеративтік Республикасы, 1975жылғы 1 тамыздағы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Қорытынды актінің принциптері мен ережелерін, 1990 жылғы 21 қарашадағы жаңа Еуропа үшін жасалған Париж хартиясын, жәнеде СБСЕ –нің басқа құжаттарын жетекшілікке ала отырып, берік ниетпен, 1990 жылы 3 қазанда біріккен Германияны құрғаннан кейін және 1991 жылы 16 желтоқсанда Қа­зақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, міндетті халықаралық – құқықтық негізде қарым – қатынасты құруда және оны 1992 жылғы 22 қыркүйектегі Қа­зақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар негіздері туралы біріккен хабарламаға сәйкес кеңінен дамытуда, Қа­зақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы экономика, өнеркәсіп, ғылым мен техника салаларындағы кең масштабтағы ынтымақтастықтың дамуы екі мемлекеттіңде халқының тұрмыс жағдайын жоғарылатуға ықпал ететініне сенімділік білдіреді»4

Жетекшілік көзқарасымен қарағанда екі лидерде — Н. Назарбаев және Г. Коль, бір буынға, бір заманға жататын және менталитет жағдайында ұқсастықтары бар, — бір – бірімен сөз тапты, жәнеде ары қарай олардың арасындағы қарым – қатынас достыққа ұштасты. Саясат тұғырынан қарағанда Назарбаевтың мүддесі, бәрінен бұрын, неміс инвестициясы мен германдық экономикалық көмек еді, ал Кольдікі — қазақстандық немістердің тағдыры мен неміс өнімдері үшін Қазақстан рыногінің ашық болуы еді. Бірінші мен екінші ресми сапардың арасындағы кезең өте молықтырулы болды.

Қазіргі кезде Қа­зақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының елшісі Андреас Р. Кёртинг (2001жылдан бері) болып табылады. Германия Федеративтік Республикасындағы Қа­зақстан Республикасының елшісі - Вячеслав Гиззатов (2000 жылдан бері). Германия, Франция және Ұлыбритания елшіліктері өздерінің жалпы, әкімшілікті ғимаратта орналасуымен Қазақстанмен өз мүдделерінің принципті дәл келетініне көңіл аудартады.

Қа­зақстанның Германиядағы стратегиялық мүддесі, басымдылығы қандай. Егер оны қысқаша тұжырымдасақ, онда ол инвестиция, технология, өзара пайдалы сауда. Бірақ, тек қана экономикамен, оның біздің сыртқы саясатты стратегиямыздағы басымдылығына қарамастан, Қа­зақстанның Германиядағы мүдделері шектелмейді. Біз өзіміздің Еуропалық одақпен байланыстарымызды беріктендіруді мақсат етеміз, онда Германия біз үшін, жанамалай айтсақта, тікелей айтсақта, – бұл «Еуропаға кіретін қақпа». Стратегиялық көзқараспен қарағанда, ГФР біз үшін өте маңызды мүддені көрсетеді. Тағы бір көңіл аударатын нақтылық, ол Қа­зақстан мен Германияның арасында саяси салада қандайда бір келіспеушілік жоқ, дәлірек айтсақ, халықаралық проблемаларға деген біздің көзқарасымыз практикалық толығымен сәйкес келеді. Бұл біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық үшін, атап айтсақ, стратегиялық келешекке жақсы негіз болып табылады. Ал ол, өз кезегінде, экономикалықтан өзге, саяси проблемалардың кең көлемін қамтиды. Бүгінгі күннің ең қажет мәселесі – бұл Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамасыздандыру, терроризммен және есірткі саудасынмен күресу. Соңғы проблемамен германияняң үкіметі өте қам жейді. «Біз бұл салада неміс және кеңірек алсақ – еуропалық қолдауға сүйенеміз.»5

Германия Федеративтік Республикасы мен Қа­зақстан Республикасы арасындағы саяси қатынастар оңынан құрылды. Қа­зақстан Германиядан өзінің Батыс Еуропадағы маңызды серіктесін көреді. Екі мемлекеттің арасында толық сенімділікті диалог өркендеді. Мамандар деңгейіндегі берілетін кеңес барлық пайда болатын мемлекет аралық проблемалардың масштабты және толық қаралуын қамтамасыз етеді. Жоғарғы және өте жоғарғы деңгейдегі екі жақты ресми сапарлар герман – қазақ ынтымақтастығының тереңдеуіне ықпал етті. Федералдық президент профессор д-р Роман Херцог 1995 жылы сәуірде мемлекеттік ресми сапармен бізде болды. Ал 1992 жылы қыркүйекте, 1997 жылы қазанда және 2001 жылы қазанда Германия Федеративтік Республикасында ресми сапармен президент Нұрсұлтан Әбішевич Назарбаев болды. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі деңгейінде көптеген кездесулер өтті. Сыртқы істердің Федералдық министрі д-р Кинкель Қазақстанда 1996 жылдың мамыр айында болды, ал одан қызметті қабылдаған Йошка Фишер мырза 2001 жылдың мамырында келіп қайтты.

Өзінің бүгінгі жағдайларымен Қа­зақстан мен Германия бір – біріне ұқсайды. Екі елде өзінің астаналарының орынын ауыстырды, белгісіз кезеңдерді және жоспарлы экономиканың бас тартуын бастан кешірді (Қазақ­стан — ауыр нарықтық реформа және трансформация кезеңін, Германия — жаңа жерлердің бейімделуі мен бірігуін) және қазіргі кезде көптеген жоспарлары бар, келешекке сеніммен қарайды. Сөз жоқ, Назарбаев пен Шредерге сөз тақырыбы жеткілікті болады. Шын мәнісінде екі мемлекетте бір – бірін жаңа, олардың өздерінеде тән емес рольді атқаруға итермелейді. Неміс саясеткерлері, транзитті мемлекет үшін, сырттан демократиялық жүйе ретінде зорлап міндеттелген, тұрақсыз саяси жүйенің немен сескендіретінін жақсы біле тұра, Германия барлық соңғы жылдары Қазақстанда плюра­листік және демократиялық жүйенің дамуын белсенді қолдауда болды. Өз кезегінде Қа­зақстан, ол аймаққа АҚШ, Ресей, Қытай сияқты мемлекеттер өз мүдделерін шегелегеніне қарамастан, Германияны Каспий және Орталық – азиялық аймақтарға тек қана ірі экономикалық аймақ ретінде емес, сонымен қатар геосаясаттық ойыншы ретінде қатысуын табандылықпен үндеді.

Ресми сапармен болған кезінде, Президент әскери ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қою рәсіміне қатысты. Одан бұрын, 10 сәуір 1995 жылы, Қа­зақстан Республикасы Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметі арасында ұйымдастырылған қылмыспен, терроризммен және қылмыстың басқада қауіпті түрлерімен күресудегі ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

Қа­зақстан Республикасының Қорғаныс министрі Сата Токпакбаевтың айтуына қарағанда, бұл келісім шартқа қол қою АҚШ-тағы соңғы уақиғалардың салдары болып табылады. Ал оның негізгі бөлімі біздің мамандарды Германияның оқу орындарында дайындау мәселелерін қарастырады.

Ресми сапар шеңберінде өткен герман – қазақстандық кооперациялық кеңес жұмысына экономика министрі Жақсыбек Күлекеев және Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченко қатысты. Олар неміс әріптестерімен статистика, көлік, құрылыс салалары бойынша келісімге қол қойды.

Кездесулер кезіндегі қысқа үзіліс кезінде Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапар қорытындысына түсініктеме берді, жүргізілген келіссөздерді біздің еліміз үшін табысты және пайдалы деп атады.

Берлиндіктердің байқауынша, қазақстандық жетекшінің осы ресми сапары бұрынғы сапарына қарағанда ГФР бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше айшықты жарияланды.

Азиялық мемлекеттерге қатынасы бойынша сақтықпен қарайтынын жасырмайтын ел, біздің қатынасымыздың қастықсыз, дұрыс пікірлі екеніне көз жеткізді. Федералдық канцлер Г. Шреде­рмен кездескеніндеде және федералдық президент И. Payмен кездескеніндеде Қазақстан мемлекетінің басшысы қазақстандықтардың халықаралық қауіпсіздік, экономика мен саяси тұрақтылықты беріктендіру мәселелеріндегі жайғасымын ашық және анық жеткізді.

Н. Назарбаевтың бундестаг депутаттарының, ГФР-ның сыртқы саяси қоғамдары өкілдерінің, герман – қазақстан қоғамының және Германияның іскерлерінің алдында сөйлеген сөздері шынымен қызығушылықпен қабылданды.

Қа­зақстан лидері жас республиканың қалыптасу жолдары туралы, осы жолдағы бірінші қадамдардың қаншалықты күрделі болғандығы және бірінші позитивтік алға жылжуды күтудің қалай қажытқаны туралы айтып берді. Бірақ, қазіргі онжылдық меже, сол уақытта қабылданған шаралардың қаншалықты дұрыс және мезгілді болғандығын көрсетті. Экономикалық еркіндік пен саясаттық тұрақтылық — Қазақстанның бүгінгі күнінің болмысы.

«Біз ТМД-да бірінші болып зейнетақылық және коммуналдық салада реформа жүргіздік, мемлекеттік қызметтің абыройын жоғарылаттық және барлық күшті жемқорлық пен сыбайластықтың тамырын жоюға бағыттадық. Елдің экономикасын орта- және ұзақмерзімді келешекте дамыту үшін берік негіздер құрылды.»6 - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол сонымен қатар, демократизациялану, азаматтардың құқығы мен еркіндігін қамтамасыздандыру салаларындағы қол жеткізген жетістіктерді атады.

130 ұлттың өкілдерінің дінді таңдауда еркін екендігіне анық дәлелдеме, ол жақында өткен біздің елімізге Рим Папасының ресми сапары бола алады, - деді Президент. «Ешкім ата – тегінің, әлеуметтік жағдайының, қызметтік және ауқаттылық жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатынасының, пікірінің, тұратын жерінің немесе қандай бір басқа жағдайларының уәждері бойынша ешқандай кемсітушілікке ұшырай алмайды.»7. «Әркім өзінің ұлтын, қандай партияға және дінге кіретінін анықтай және көрсете алады»7.

Нұрсұлтан Назарбаев қатысушылардың көңілін елдің инвестициялық тартымдылығына аударды. Жекелей айтсақ, ол шетелдік капиталды тарту үшін жаңа мүмкіндіктердің құрылуы және тұрақты түрде жетілдірілуі туралы айтты. Біздің Президентіміздің сөзі бойынша, Қазақстан саяси және әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізді, отандық және шетелдік компаниялардың тең құқықтылығын қамтамасыз етті, әкімшіліктің араласуынсыз нарықты бәсекелес ортаны кепілдендіретін, икемді макроэкономикалық саясатты жүргізеді. Президент Германияның іскерлік бөлігін біздің экономиканы білмейтініне сілтеместен, біздің рынокқа келуге шақырды - өйткені Германияға бұл жолы үкімет мүшелерінің жартысы және елуге тарта кәсіпкерлер келіп отыр, олар барлық сұрақтарға жауап бере алады және жаңа біріккен жобаларды қуанышпен қарсы алады – деді, бұл ұзақ қол шапалақтаумен қабылданды.

«Біз, қазір республикада екі жарым мыңдай саналатын, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) дамуы үшін барлық жағдайларды жасадық. Көптеген мәселелерде, мысалы, қоршаған ортаны қорғауда, олар үкіметке үлкен көмек көрсетуде»8, - деді мемлекет басшысы, мемлекет өміріндегі ҮЕҰ ролі туралы сұраққа жауап бере тұрып.

Қа­зақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы шарттың 13 бабында кең масштабтағы ынтымақтастықты дамыту туралы айтылады: «Шартқа отырған Жақтар, қазақ экономикасын қайта ұйымдастыруға бағытталған күштердің табысты болуының өзекті маңызы, әскери өндірісті азаматтық өнімге өткізу (конверсия). Сондықтанда, олар осы саладағы тығыз ынтымақтастық туралы және өз мүмкіндіктеріне қарай сәйкес жобаларды қолдайтындықтары туралы келісті. Қа­зақстан Республикасы, конверсия жобаларын жүргізу үшін алғы шарт болып табылатын, өндіріс қажетсінулерін талдауды жүргізу үшін, сәйкес өндірістерге мүдделі неміс кәсіпорындарының кіруін қамтамасыз ететін, қолданудағы заңдарға сәйкес барлық шараларды қолдануға дайындығы туралы мәлімдейді.»9

1993 жылдың 1 қаңтарынан бірыңғай еуропалық нарық көлеміндегі сауда кедендік ресмиліксіз және шекаралық бақылаусыз жүргізіледі. Бірақ ЕО шеңберіндегі кедендік, салықтық, әкімшіліктік тосқауылдардың жойылуы, оның басқа елдер үшінде жойылатынын көрсетпейді. Олар ЕО сыртқы шекарасына шығарылады, олардың қолдампаздық ықпалын күшейтеді және ЕО кірмейтін мемлекеттер үшін қиындық туғызады.

Халықаралық шартты – құқықтық практикадан алынған тәжірибелерге сүйене отырып, Қа­зақстан сыртқы саясаттық келіссөздер барысында, екіжақты ынтымақтастықтың барлық негізгі аспектілерін қамтитын құжаттардың толық пакетін қабылдауға ұмтылады. Қол қойылуы мен күшіне енуі сыртқы саясаттық курсты жүргізудің тиімділігін шарттастыратын негізгі шарттар болады:



  1. Мемлекет аралық қатынас принциптері туралы шарт.

  2. Инвестицияны сыйақылау және қорғау туралы шарт.

  3. Екі еселікті салық салуды болдырмау туралы шарттар.

  4. Құқықтық көмек туралы шарттар.

  5. Консулдық қатынас саласындағы шарттар.

  6. Мәдениет және гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы шарттар.

Еуропалық елдермен шартты – құқықтық базаны құру процесі әліде аяқталған жоқ. Мысалы, Ұлыбританиямен құқықтық көмек және консулдық қатынас саласында, Венгриямен — құқықтық көмек және мәдени ынтымақтастық туралы, Германиямен — екі еселікті салық салуды болдырмау және консулдық қатынас саласында, Ита­лиямен — мәдени және консулдық қатынас саласында және т. б. келісімдер жоқ.

Шарттар мен келісімдер жүйесінде бірінші дәрежелі рольді, ынтымақтастықтың барлық салаларында екі елдің арасындағы өзара қатынастың негізін орнататын, саясаттық шарттар атқарады. Қандайда бір мемлекетпен қалыптасқан өзара қатынастың сипаттамасына шарттың атауы жауап береді. Бұл достық пен өзара көмек туралы шарт, достық қатынастар туралы шарт, қатынастар негіздері туралы шарт, қатынастар негіздері туралы декларация және т. б. бола алады.

Батыс Еуропа елдерімен егемендік пен территориялық тұтастықты құрметтейтін принциптерді, бір – бірінің ішкі істеріне араласпау және басып кірмеуді, күшті қолданбауды немесе күшпен қатер төндіруді, теңдік пен өзара пайданы мағлұмдаушы саясатты келісім шарттар жасалынған. Өктемдік ережелері жоқ, бұл келісім шарттардың мағлұмдаушы сипатына қарамастан, олар шарттасушы жақтардың орындауы қажетті белгіленген нормалар мен міндеттерді тудырады. Мұндай құжаттар ынтымақтастықтың ары қарай дамуының іргетасы болып табылатындықтан, олардың практикалық жүзеге асуы басымдылық бағыттары бойынша үкімет аралық және ведомство аралық шарттар пакетінде өз орынын табады.

1993 жылдың 1 сәуірінен Қазақстан мен Германия арасында, Алматыдағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі жанында әскери атташе штабының құрылуымен қуатталған, әскери – саясаттық қатынаста қолданыс табады. Қорғаныстың Федералдық министрі Рюе мырзаның Қазақстанға ресми сапармен келуімен екі елдің қорғану министрлері 19.08.1993 жылы Ынтымақтастықты дамыту туралы Мәлімдемеге қол қойды. Қазақстанның қорғаныс министрінің Германия Федеративтік Республикасына ерулік ресми сапары 1994 жылы сәуірде болды. Брюссельде өткен НАТО елдерінің қорғаныс министрлерінің кездесуі кезіндегі министрлер деңгейінде өткен кооперация бойынша серіктестерімен, сонымен қатар Алматыда транзиттік жағдаймен болған уақытындағы сұхбат, Германияның Қазақстанмен достық қарым – қатынасты дамытуды жалғастыруға дайын екенін көрсетеді. Германия жағалау күзетінің төрт кораблін, формалы киімдер мен қарулану заттарды, жәнеде медико-санитарлық мүліктерді беріп, қазақстандық әскери күштер құрылысын қолдады.

1994 жылдан бері Қазақстан, неміс тілін оқытудыда қатар жүргізетін, әскери мамандар дайындауда қолдау көріп отыр. Жыл сайын Германияда он екі офицер оқып шығады. Осы уақытқа дейін, 71 қазақстандық әскери қызметші Германияда әскери оқуды аяқтады, оның бесеуі дайындықты Бас штабта өткізді, ал үшеуі Бундесвер университетінде оқыды. Қазіргі уақытта 10 офицер Германияда оқып жатыр, оның төртеуі курстарда оқиды, ал 2002 жылдың қаңтарынан Бундесвер университетінде оқитын болады. Германияда болу уақыты 9 аймен 3 жылдың арасында ауытқиды: жұмсалатын шығынды толығымен қорғаныстың Федералдық министрлігі өз мойнына алады.

Одан өзге, жыл сайын эксперттер деңгейінде штабтық келіссөздер, семинарлар және мәжілістер өткізіліп тұрады, жәнеде мамандардың өзара ресми сапарлары болады.

НАТО – ның «Бейбітшілік жолындағы серіктестік»10 көлемінде өткен халықаралық оқу үйрену кезінде 1995 – 1999 жылдары, екіжақты кездесулер болды. Германия қазақстандық әскери күштердің қажеттіліктері мен тілектерін ескере отырып, өз мүмкіншіліктері шеңберінде ары қарайда көмектесуге дайын. Қорғаныстың Федералдық министрлігі үшін, Қазақстанның әскери күштеріне «демократиялық мемлекеттің қарулы күштеріне» қайта құрылу кезінде көмек беру, жәнеде қазіргі рангалық қатынастарды құру кезіндегі қолдау назар аударатын жер болып тұр. Одан өзге, Бундесвер елгеде, және қарулы күштергеде медико-санитарлық мүліктерді қайтарусыз бере отырып, гуманитарлық көмек көрсетті. Мысалы, 1994 жылдан бері гуманитарлық көмек нысанында және федералдық жерлер көмегімен Бундесвер қорларынан жалпы сомасы 11,3 млн. неміс маркасы болатын материалдар мен мүліктер берілді.

Қорғаныстың Федералдық министрлігі Қазақстанмен екіжақты әскери – саясаттық қатынасты келешекте ары қарай тереңдетуді және әскери күштердің модернизациялану процесіне жәрдемдесуге көңіл білдіреді. Германия өзінің Қазақстанның әскери күштерімен ынтымақтасуымен Қазақстанда егемендік пен тұрақтылықтың сақталуына өз үлесін қосқысы келеді.

Қазақстанның өзінің көршілерімен екіжақты ынтымақтастық пен қатар Орталық – азиялық мемлекеттермен аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға, оның ішінде әрине ТМД шеңберінде соңғы кезекте емес (ТМД, Ресеймен, Беларуссиямен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен), ұмтылатыны Германияда оң қабақпен қарсы алады. Осылайша, 1999 жылы Қазақстанның ынтагерлік білдіруімен, Азиядағы сенімді күшейтудің өзара әрекеті мен шаралары бойынша Мәжілістің принциптері туралы Мәлімдемеге қол қойылуын Германияда оңынан қабылданды. НАТО-мен серіктестікте бейбітшілік жолында шартына (1994) және Еуропалық одақпен Серіктестік және кооперация туралы Келісімге қол қойылуы, Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа табысты бірігуге тырысатынын дәлелдейді. Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасы өздерінің екіжақты қарым – қатынасын халықаралық ұйымдардағы кооперацияларғада таратты (БҰҰ, ОБСЕ, Солтүстікатлантикалық кооперациялық Кеңес). БҰҰ – ғы ынтымақтастық оңынан болып тұр. Екі жақта тұрақтылыққа бағытталған қарусыздану процесін жалғастыруға, жанжалдарды болдырмауға, дағдарыстың алдын алуға және жеңіп шығуға, ядролық қаруды таратпау саясатын сөзсіз қолдауға, қаруды қайтару бойынша БҰҰ регистрінде белсенді ынтымақтасуға шақырады. Одан өзге, Германия Қазақстанға әскери кадрлерді оқытуға және қарулы күштерді қамтамасыздандыруға, жәнеде конверсия кезінде көмектеседі. Қазақстан Германияның қауіпсіздік Кеңесін қайта құруға ұмтылуын қолдайды және Германияның осы ұйымға тұрақты мүшесі болып кіруін қолдайды. Фридриха Эберта атындағы қор Алматыда өз кеңсесін ашты. Ол Қазақстанда өзінің көптеген шараларымен азаматтық қоғам құруды қолдайды. Басқа саяси қорларда Қазақстанда бірді-екілі шаралар өткізді.

1999 жылдың қаңтарынан Алматыда ОБСЕ Орталығы ашылды, қазіргі кезде оны германия дипломаты Елші Хайнрих Хаупт жетекшілік етеді. Оның қызметінің негізін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ОБСЕ арасындағы „Memorandum of understanding" құрайды, 2 желтоқсан 1998 жылғы.

2001 жылы 3 қазанда Нұрсұлтана Назар­баева Германияға ресми сапармен барды, оның қорытындысында екі елдің арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты алты құжатқа қол қойылды. Экономикалық серіктестік саласындағы жобаларды ары қарай әзірлеумен айналысатын арнайы жұмысшы топты ұйымдастыру бойынша қол жеткізген келісім шаралардыңда маңызы өте жоғары.

Федералдық президент Йоханесс Payмен болған әңгіме, негізінен біздің елдеріміздің терроризммен күресте қолдана алатын шаралары мен халықаралық проблемелар төңірегінде өтті. Қазақстан басшысы, тағыда «Талибан»-ды ауғанстан халқымен, ал терроризмді — ислам дінімен қауымдастыруға болмайтынын атап өтті. Жазалау актілері асығыс болмай, ойланып жасалуы керек. ҚР Президенті, ауғанстан дағдарысын шешу бойынша маңызды шаралар қабылдауға шақырды, бірінші кезекте — в әлеуметтік – гуманитарлық салада, ҚР басшысының айтуынша осы сала терроризмнің пайда болуына ықпал етуде.

Қазақстан Президенті мен германиялық истеблишмент өкілдерінің арасындағы келіссөзде, Америка қайғысынан кейін Батыс үшін ең маңызды мәселе, халақаралық терроризммен күрес көңіл аударатын басты мәселе болды.

Терроризммен күрес тақырыбы Қазақстан Президентінің Германияға барған сапарындада басымдылықпен қаралды. Герхард Шредер мен Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген біріккен пресс-конференцияның ең үлкен бөлігі АҚШ-тың Ауғанстанға қатысты әскери операциясына арналды. Қазақстан Президенті өзінің елінің "өз қол астындағы барлық құралдармен Вашингтонға көмек көрсететінін" жариялады. Ол сонымен қатар, дүниежүзілік қоғамдастыққа, Орталық Азиядағы тұрақтылыққа ислам экстремистерінің қандай қауіп туғызатыны туралы бұрынырақ ескерткені туралы еске түсірді. Осы аймақтың екі мемлекетіне - Өзбекстан мен Қырғызстанға – бұл проблемамен, 1999 және 2000 жылдары олардың территориясына экстремистердің қарулы отрядтары басып кіргенінде бетпе – бет кездесуге тура келді.

Осы тақырыптың жалғасы ретінде, Нұрсұлтан Назарбаев, Берлинде Германияның саясаткерлері және іскерлерінің алдында сөйлеген сөзінде, келіссөз столының басына Солтүстік альянстың талибанға қарсы жетекшілері мен "Талибан" қозғалысының жетекшілерін отырғызып, коалициялық үкімет құруды ұсынды. Бірақта, деді президент, 20 жылдан бері бірін – бірі қырып соғысып жатқан Ауғанстанда барлық жанжалдасушы жақтарды алдын – ала қарусыздандыру қажет. Дегенмен терроризмге қарсы коалиция дүниежүзін христиандар мен мұсылмандарға бөлмеуі керек, ал талибтерді Ауғанстан халқымен шатастыру үлкен қателік. Қазақстан Президенті, сонымен бірге 8-10 қарашада оның елі Азия континентіндегі сенімділік шаралары бойынша Кеңестің (СВМДА) мүше – елдерінің саммиті өтетін жер болатынын жариялады. Назарбаев, СВМДА сайлау бастамасымен өз уақытында Қазақстанның шыққанын еске түсірді, ал ОБСЕ штаб-квартирасында (президенттің "Эпицентр мира" кітабын талқылау кезінде) Қазақстан президентінің бастамасына сәйкес жоғары бағалар берілгенін, жәнеде БҰҰ құрылымдарындағы және ынтымақтастықтың Шанхай ұйымдары шеңберіндегі оның атқарған қызметінеде жоғары бағалар берілді.

Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа шығуының бірден – бір факторы болып тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік шекарасының бұзылмауы табылады, бұл елдің сыртқы саясатының бірінші дәрежедегі міндетінің бірі және ол мемлекеттің ұлттық және аймақтық қауіпсіздігінің саясатының жүзеге асуымен тығыз байланысты. Сыртқы саясат қорғану қабілеттілішімен қосылып сыртқы қауіпсіздіктің жүйесін құрайды. Екіжақты және көпжақты ынтымақтастық нысандарымен берілетін кепілдеме, ұлттық дипломатияның ағымды жұмысының жемісі болып табылады, бұл жұмыста Қазақстанның басқа мемлекеттермен өзара қатынасының инфрақұрылымының дамуы үшін жүргізілетін азапты еңбектерінің үлесіде бар.

Президент Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясында 1992 жылы күзде сөз сөйлеуі осы дүниежүзілік ұйымның мінбесінен біздің еліміздің бірінші көрінуі болып табылды, бұл Қазақстанның дүниежүзілік саясатқа қатысуыға ұмтылысын көрсетеді. "БҰҰ ның жұмысына белсенді қатыса отырып, Қазақстан көптеген халықаралық мәселелер бойынша шешімдер әзірлеуге қатысуға нақты мүмкіндігі бар, әрине бірінші кезекте ремпублика үшін маңызды мүдделі мәселелерді. БҰҰ на мүшелік біздің елімізге саясаттық, экономикалық беріліс береді, біздің мемлекетіміздің прогрессивті дамуына, оның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді. "

Еуропалық одақ Қазақстан мен осы аймақтағы басқада елдердің тәуелсіздігін, егемендігін және территориялық тұтастығын нығайтуды қолдайды, демократиялық нормалардың және демократия институтарының, адам құқығының, заңның жоғары тұруынның ары қарай дамуына қолдау көрсетеді. ЕО үкіметтік органдар мен парламенттер арасындағы қарым – қатынасты кеңейту жолында сөз сөйлейді.

Сондықтан, ССРО құлағаннан кейінгі кезеңде, Қазақстанның алдында агрессияға ықпал ету оның тек қана дәстүрлік ұғымында емес, агрессияға алдын – ала ықпал ету сияқты маңызды мәселе тұрды. Қазақстанға өзін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету қажеттілігі туады, ең алдымен күшті мемлекеттердің саяси агрессиясынан, сондықтанда экономика мен әскери білімнің гармониялық дамуындағы халықаралық қауіпсіздікте соншалықты қажетті болып табылады. Шын мәнінде, бүкіл бұрыңғы кеңестік кеңістікті жайлап алған, экономикалық және саяси дағдарыс жаңа тәуелсіз мемлекеттерді, басқа, күштірек мемлекеттер тарапынан экономикалық және саяси қысым мен бопса қатерлігі алдында осал етіп көрсетеді.

Қазақстан қарсыластардан көрі достарының көп болғанын қалайды, ал ең бастысы – мемлекеттердің бір бірімен өзара қатынасына тәуелсіз, саяси және экономикалық тиімділік іздейді. Бірақ Қазақстанға қатысты оның геосаяси жағдайымен байланысты агрессияның кез – келген формасын қолдану мүмкіндікті.

Басқа мемлекеттермен сыртқы саяси сенімділікті кеңейту шараларымен, мемлекеттің тәуелсіздігін қорғауда негізгі ішкі шарт ретіндегі, қорғану қабілеттілігін нығайтуменде беріктенеді.

Екі елдің басшылары АҚШ-тағы қазалы уақиғадан кейінгі дүниежүзінде қалыптасқан жағдайды, жәнеде халықаралық терроризммен күресу саласында екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Ресми сапар барысында, Президент әскери ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылу рәсіміне қатысты. Одан бұрын, 10 сәуір 1995 жылы, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасында, ұйымдастырылған қылмыскерлік, терроризм және қылмыстың басқада қауіпті түрлерімен күрестегі ынтымақтастық туралы Келісімге.11

Қа­зақстан Республикасының Қорғаныс министрі Сата Токпакбаевтың айтуына қарағанда, бұл келісім шартқа қол қою АҚШ-тағы соңғы уақиғалардың салдары болып табылады. Ал оның негізгі бөлімі біздің мамандарды Германияның оқу орындарында дайындау мәселелерін қарастырады.

Орталық Азиядағы процестерге ықпал ететін маңызды факторлардың бірі , жоғарыда айтылып өткендей, алдыңғы шептегі әлемдік аймақтық державалардың сыртқы саясатты белсенділіктері болып қалады.

Орталық – Азиялық аймақта бүгінгі күні элементтері байқалатын, стратегиялық бақталастықтың ары қарай күшейуі, жаңа қарама - өайшылықтарды тудырады, бірақ енді идеологиялық негізде емес, ал геосаясаттық және экономикалық негіздерде. Одан өзге, бірқатар бағалылықтар бойынша, Еуразияның орталық бөлігін геосаясаттық жоспарда, ресурстық потенциал мен көліктік байланысты – геоэкономикалық және әскери жоспарда бақылауда аймақтың ықтималдық мүмкіндігі бар деп есептеуге негіз бар.

Өткен уақыттың сабағы, кез – келген мемлекеттің құндылығы оның өзін-өзі қорғай алуында екеніне көз жеткізеді. Бұл концепция өз күшін тарихи дамудың қазіргі кезеңіндеде толығымен сақтайды, оны 11 қазандағы уақиға мен оның артынан болған жағдайлар көрсетті. Терроризм – көне заманнан белгілі, сол уақыттан келе жатқан, саяси күрестің қылмыстық әдісі. Теракттың антиктік (көне) мысалы - Юлия Цезардың өлтірілуі. Жаңа уақытта террор ерекше жауыздық сипатты алды – оның қаруы, қолдану кезінде қатысы жоқ кездейсоқ құрбандар – кінәсі жоқ адамдар болатын, жарылғыш заттар. Ең жаманы, қоғамды қорқыту мақсатында террористер кінәсі жоқ адамдарды әдейі өлтіре бастады. Ресейлік "ХІХ ғасырдың бомбистары", Еуропадағы "қызыл бригадалар", солтүстікирландық және басктық сепаратистер. Араб әлемінде терроризм жуыршығыстағы жанжалдың салдарынан туды. Христиандық императивке "Өлтірме!"12 Құран оданда қатаңырақ ескерту береді: "Кінәсіз адамды өлтіруші, барлық адамды өлтіргендей"13. Террорист – кінәсіздерді өлтіруші.

Сондықтан, Қазақстан үкіметі және қарулы күштері, халықтардың қауіпсіздігі мен бейбітшілікті сақтауда қатаң курс жүргізе отырып, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық қажетті жағдайды жасайды.

Ғылым мен техниканың қазіргі қол жеткен табыстары Қазақстанның қарулы күштерін ең жетілдірілген қазіргі қарулар мен соғыс техникасымен қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді, әскери істің барлық салаларында түбегейлі революциялық өзгеруді жүзеге асырады. Құрылықтағы әскердің қосылыстары мен бөлімдерінің құрамында қазіргі танкілер, жаңа ұрыс машиналары мен бронетранспортерлар, ракеталық-артиллериялық құралдар бар.

Ұрыста қолданылатын қаруланулар мен соғыс техникасы неғұрлым күрделі және жетілдірілген болса, солғұрлым қазіргі қару мен соғыс техникасын жеткілікті білетін және тиімді қолданатын, моральды – саясатты, ұрыстық және психологиялық қасиеттері жоғары жауынгер – адамның ролі маңызды болады.

Командир жоғарыда айтылған қасиеттерден өзге ұрысты жүргізудің әртүрлі әдістерін жақсы қолдана алуы, жағдайдың өзгеруіне тез жинақылық көрсете алатын, дер кезінде, қысқа мерзімде шешім қабылдай алатын, өз жауынгерлеріне соғыс міндеттерін қоя алатын және олардың орнықтырылған мерзімде орындалуын талап ете алатын болуы керек.

Қазіргі жағдайларда жалпы әскери ұрыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талап жоғарылауда, Тек қана ұрысқа қатысушы бөлімшелердің анық келісімді әрекеттерінің және күштерінің арқасында ғана алға қойылған міндеттердің табысты орындалуына қол жеткізуге болады.

Осының бәрі командирден жалпы әскери ұрыстардың қазіргі табиғатын зерттеуді, өз қол астындағы штатты, берілген және қолдаушы бөлімшелерді пайдалану әдістері мен негіздерінің өте жақсы білімі болуын, олардың техникалық және соғыстық мүмкіндіктерін, жәнеде ықтималды қарсыластың бөлімдері мен бөлімшелерінің әрекеттерінің тактикалық білімін, ұрыста қолданатын күрес құралын білуді талап етеді.

Әлем “алтын ғасырға” “қайырымдылық заманына” кіруге дайын емес, және құқық пен еркіндікті қорғауда әскер тұр.



2 ТАРАУ. Ынтымақтастықтың Экономикалық мүдделері
Қазақстан мен Еуропалық одақтың сыртқы экономикалық қатынастарының келешегі туралы айтқанда, келесі жағдай ескерілуі керек, ЕО елдерінің арасындағы сауда көлемі, ЕО-ның әлемнің басқа елдеріне экспортының деңгейінен 60% артады. Бұл тенденция ішкі рыноктың реформалары мен табыстарының өсуі нәтижесінде жақын келешектеде сақталады. Бұл ЕО-тың үшінші елдерге қатысты саясатында ықпал етеді.

Еуропалық одақ Қазақстан мен ТМД басқа елдерінің ең ірі серіктесі болып табылады. Соған қарамастан, ТМД мемлекеттерінің және Шығыс Еуропа елдерінің меншікті салмағы ЕО жалпы сауда көлемінде салыстырмалы жоғары емес (8%) және, мамандардың бағалауы бойынша, бұл жақын уақытта байқамалы өсуі күмәнді. Мысалы, ЕО-ның Қазақстаннан алатын импортының негізгі статьясы минералды шикізат болып табылады. Бірақ бұл өнім оңтүстік-шығыс өндірісшілері жағынан, тіпті ЕО елдерінен, сонымен қатар Ресей және Шығыс Еуропа елдері жағынан қатаң бәсекелестікті сезінеді. ЕО ішкі нарығының реформалары ЕО елдерінің экспортынан гөрі, Қазақстаннан импортқа үлкен тиімділік көрсетеді. Қазақстаннан Еуроодақтың мүше-мемлекеттеріне алатын импорттың едәуір өсуі, шетелдік инвестициялар мен технологиялар көмегімен өндірілетін жаңа тауарлар есебінен қамтамасыздануы мүмкін. Сауда айналымы бұрыңғыша, бірқатар жылдар ішінде, күрделі қаражат жұмсау масштабынан қалып отырады.

Кез – келген елде, әсіресе шектелген ішкі нарықты елде, қайта жаңғыру процесі үлкен дәрежеде, кең халықаралық еңбектің бөлінуі ұсынатын пайданы ол қаншалықты толық қолдануға қабілетті екеніне тәуелді болады. Қазақстан өнеркәсібінің құрылымы Еуропалық одақтың көптеген мүше – елдерінің индустриалдық құрылымынан едәуір ерекшеленеді. Қазақстан өнеркәсібі үшін бұрынғыша "кері мамандандырылу" сипатты — экспортта төменгі дәрежелі өңделген тауарлардың басым болуы, бірқатар жағдайларда энерготасығыштар мен шикізаттың белгілі бір түрлерінің әкетілімінде ерекше шоғырлануы және ғылымды қажетсінетін және тұтынушылық тауардың көптеп әкелінуі, жәнеде көлік құралдарының көптеп әкелінуі. Сонымен қатар, Қазақстанның әлсіз дамыған экономикасының салыстырмалы факторларының бірі, жоғары технологиялық өнімдерді импорттауға мәжбүр ететін, еңбекті қажетсінетін салалардың басымдылығымен сипатталатын, тозығы жеткен салалық құрылым болып табылатынын айтуымыз керек.

Жалпыға белгілі, Қазақстанның басты экономикалық плюстарының бірі, минералды шикізаттардың қорының молдығы болып табылады. Минералды шикізаттармен сенімді және жеткілікті қамтамасыздандыру мәселесі, өздерінде мұндай қор салыстырмалы аз болатын Еуропалық одақтың дамыған өнеркәсіптік елдері үшін, басымдылық танытады. Бұл елдерде мемлекеттің қаржылай қолдауымен шикізаттың стратегиялық қорын жасауға курс жүргізіледі, жәнеде өзінің кен қазушы өнеркәсіптері үшін қолдампаздық шаралар (оның ішінде өзінің шикізатына жоғары баға қою) жүзеге асырылады.

Дегенмен, қазіргі жағдайларда Қазақстанның шикізаттық байлығы өз бетінше оның экономикалық гүлденуінің сенімді базасы болады деп есептеу аңғырттық болар еді. Мысалы, Еуропалық одақ елдерінде шикізат көздеріне тәуелділікті төмендету саясаты жүргізіледі, ол отынды үнемдеу және энергияның альтернативті көздерін жасау, материал мен энергия сақтаушы технологияларды игеру, синтетикалық материалдар өндіру жолдарымен іске асырылады. Сондықтан Қазақстан экономикасының қайта құру құрылымының маңызды міндеті сыртқы экономикалық байланыстардың шикізаттық бағыттамасын жеңу, дербес толық циклді ғылымды қажетсінетін өңдеуші өнеркәсіпті жасау курсы болып табылады. Еуропалық комиссия эксперттерімен, Қазақстанның сыртқы экономикалық комплексінің қазіргі күйі, бірқатар оң жылжулардың болуына қарамастан, оның экономикалық әлуеттілігіне, өтпелі кезеңнің дағдарысын жеңу міндеттеріне және тұрақты өнеркәсіптік өсуді қамтамасыздандыруға сәйкес келмейтіндігін белгілейді. Сыртқы сауданы жүзеге асырудың әлемдік деңгейі, қандайда бір ұйымдаспауды, жеке өндірушілердің ЕО өнеркәсіпті дамығанелдерінің рыногіне жекешелеп кіруінтолығымен болдырмайды, экспортты, маркетингті, ірі экспорттық жобаларды қаржыландыруды жылжыту проблемаларын шешуде ұлттық экспортерлардың шоғырлануын талап етеді.

Горбачевтық қайта құру кездерінде-ақ ССРО Еуропалық Одақпен жақындасу курсын ұстанды, “жалпы еуропалық үй” біріккен құрылысы, ОБСЕ-нің қатысуымен континенттік проблемаларды ұжымды шешу. Дегенмен, соңғы жылдардың уақиғалары Қазақстанның Еуропалық қоғамдастыққа тез және қиындықсыз бірігуі туралы биік сенімдерден шықпады. Бұл алдыңғы шептегі еуропалық державалармен екіжақты қатынастың маңызын жоғарылатады.

Басымдылық, өзінің экономикалық әлуеттілігі бойынша ЕО басты орынды алатын және өзгелерден ерекше гиганттық ресей рыногін игеруге мүдделі Германияға тиесілі. ҚР ерекше қатынасы оның онсызда осы континенттегі ықпалшы ролін одан әрі беріктендіруге әсер етер еді.

Шығыстың халықаралық зерттеудің Кельт федералдық институтының талдама құжатында айтылған: «Батыстық серіктестердің бәрінен бұрын, қазақстандық реформаның табысына ең үлкен пайданы Германия әкелер еді.»14

Осымен қатар, шығыс бағытындағы Германия әрекетінде, ТМД елдерін екінші дәрежелі рольдерге итеруге, германдық ықпалды өзінше қосымша факторға айналдыруға қауіпі бар "дранг нах Остен" саясатының өзіндік экономикалық нұсқасы байқалады.

Германиямен серіктестік қатынасын өзара тиімді негізде дамыта отырып, Қазақстан оларды басқада еуропалық державалармен теңбағалы жақындасумен теңестіруге тырысады.

1996 жылдың маусымында Еуропалық Одақ, Қазақстанда қатысқан, Брюсселде Біріккен комитетінің бірінші мәжілісін өткізді. Мәжілісте жұмыс бағдарламасы келісілді, соның негізінде екі жақтыңда экспорттары, тарифтік және фискальдық саясатты енгізе отырып, екі жақты сауда және инвестиция жағдайларындағы өзгерістерге талдау жүргізеді.15

Мемлекет үшін басқа елдермен экономикалық қатынас — оның өзіндік саясаттық мүдделерінің аймағы және олардың өздері мемлекеттің өзін сыртқы саясаттық атқарылатын қызмет құралы ретінде қолданады. Мемлекет (немесе мемлекеттер одағы), басқа мемлекеттермен “экономикалық қатынасты” орнықтыра отырып, сонымен қатар өзінің саясаттық мақсатын жүзеге асырады.


2.1. ГФР Қазақстандағы кәсіпкерлерінің мүддесі
ГФР Қазақстан Республикасының, тауар айналымы бойынша Ресейден кейін екінші орынды және еуропалық елдер арасынан бірінші орынды алаотырып, ең негізгі саудалық серіктестерінің бірі болып табылады. Соңғы бес жылдың ішінде біздің елдеріміздің арасындағы сауда көлемі үш есеге өсті және За последние пять лет объем торговли между нашими странами вырос в три раза и достиг в 2001 жылы 2,7 млрд. маркаға жетті. Тағы бір қызық кезең: 1999 жылдан бері Қазақстан экспорты Германиядан алынатын импорттан жоғары. 2000 жылы Германиямен арадығы біздің саудадағы оң сальдо 1 млрд. маркаға жетті. Биылғы жылы эксперттер тағыда ГФР біздің экспорттың 15–20% өсуін күтуде.

Қазақстандағы неміс капиталы мен неміс технологиясының қатысуын сөз етсек, онда қазіргі уақытта Қазақстанда 120 германиялық фирмалар мен банкілердің өкілдіктері жәнеде 160 аса бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

Германия федералдық деңгейле, қаржылық және техникалық ынтымақтастық бағыты және “Гермес” сақтандыру қаптамасы бойынша даму саясатын қолдауды жүзеге асырады, жер бойынша – Төменгі Саксониямен тікелей серіктестік қатынастар ұсталады, ал халықаралық деңгейде Германиядан қаражаттың бір бөлігі жан – жақты ынтымақтастықтың әртүрлі бағдарламаларын жүзеге асыруға беріледі (БҰҰ, ТАСИС). Қазақстан экономикасына ынтымақтастықтың әртүрлі каналдары бойынша түскен неміс капиталының жалпы көлемі 1,8 млрд. маркадан асып кетті. Мен келтірген мәліметтер, Германияның Қазақстан экономикасындағы үлесінің аумақтылығын анық көрсетеді. Дегенмен, дүниежүзінің үшінші экономикалық державасы болып табылатын, ГФР инвестициялық қатысуы екі жақтың әлуеттілігіне барлық уақытта жауап бермейтініде айдай анық болып тұр.

Неміс бизнесінің Қазақстандағы инвестициялық қатысуының жеткіліксіздігінің объективтіде, субъективтіде себептері бар. Жалпыға белгілі, Қазақстанның тәуелсіз дамуының бастапқы этаптарында шетелдік инвестициялардың басты ағысы, инвесторлар үшін тек қана капитал қажетсінетін емес, сонымен қатар ең қызықтыратын мұнай газ секторына бағытталды. Ал Германияда, тарихи қалыптасқан жағдай, көмірсутекті шикізатты қазып алумен айналысатын ірі мұнай газ компаниялары жоқ. Осыны есепке алғанда жағдай әбден түсінікті, Қазақстан экономикасына капитал салу көлемі бойынша неміс фирмалары, “Шеврон”, “Мобил”, “Тексако”, “Бритиш петролеум”, “Аджип” және басқалары сияқты халықаралық гиганттардан қалыс қалады. Одан өзге, неміс экономикасы 80% орта және шағын кәсіпорындардан тұрады, олар сыртқы рынокта байқап әрекет етеді және ірі халықаралық компаниялардан айрықшаланатыны, өздеріне жоғары тәуекелділікті бере алмайды. Сонымен қатар ескеру керек, өткен он жыл жаңа шығыс жерлерінің экономикасын біріккен жалпы германиялық экономикаға қарқынды интеграциялау жылдары болды, бұл үлкен қаржылық қаражаттарды әкетті және сыртқы рыноктардағы неміс бизнесінің белсенділігін төмендетуге әкелді. Қазақстанның заңының тұрақсыздығы, шенеуніктердің бетімен кетуіде, ұзақ уақытқа және тұрақты серіктестік қатынасқа, істік қатынастарда тазалық пен міндеттілікке үйренген неміс инвесторларының сенімін бекітуге ықпал етпеді. Көптеген жағдайларда қазақстандық жақ, халықаралық стандарттарға жауап беретін, тіршілік қабілетті жобалармен әлуетті неміс инвесторларын дер кезінде қамтамасыздандыра алмады.

Қазақстан-герман экономикалық ынтымақтастығына ұйымдастыру қолдауы да жетіспеді. Экономикалық ынтымақтастық саласындағы негізгі координациялаушы орган болып табылатын, Кооперациялық кеңесте 1995 жылдан бері өз жұмысын атқаған жоқ.

Осыған байланысты 13 мен 19 қараша аралығында 2000 жылы Берлинде Қазақстан достарының Германиялық қоғамымен және ГФР-дағы біздің республиканың елшілігі белсенді жәрдемімен ұйымдастырылған “ Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа бірігуіндегі Еуроазиялық көліктік коридорлар және олардың атқаратын ролі” халықаралық ғылыми – практикалық конфереция өтті. ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі, конфереция жұмысында Қазақстанның, Ресейдің, Германияның және Ұлыбританияның ғалымдары мен саясаттанушылары, саясаткерлері, банкілік және іскер топтарының өкілдері, сонымен қатар елшіліктің қызметкерлері қатысқанын жариялады. Конференцияда баяндама жасағандар: ГФР Бундестагының депутаты, Қазақстан достарының Германиялық қоғамының төрағасы және СДПГ парламенттік фракциясының төрағасының орынбасары Гернот Эрлер, ГФР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Вячеслав Гиззатов, “Сименс АГ” концернінің вице-президенті, Африка, ТМД, Таяу Шығыс аймақтарымен ынтымақтастық мәселелері бойынша уәкілетті Шарфф және басқалары. Өзінің сөзінде Г.Эрлер, қалыптасушы жүйеде жаңа көліктік коридорларының, мысалы “Ұлы Жібек жолы” сияқты, ТМД және Орталық Азия елдерінің дүниежүзілік шаруашылыққа бірігуі үшін қандай маңызы бар екеніне тоқталды. Г.Эрлердің пікірінше, көліктік коммуникация жүйесін дамыту Орталық Азияның ғаламдық процеске қатысуының бір нысаны болып табылады. Берлинде, еуроазиялық көліктік коридорлар және олардың Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа бірігуіндегі маңызы проблемалары бойынша өткен конференция, осы тақырыпқа еуропалық, германиялық және ресейлік топтардың мүдделілігін айқындады. Пікір алмасулар көрсеткендей, еуропалық және германиялық серіктестерді тек қана ынтымақтастықтың жалпы шеңберлігі және Орталық Азия мен жеке Қазақстан аймақтары төңірегіндегі геосаясаттық фон қызықтырып қоймайды, сонымен қатар ЕО үшін маңызы бар жобаларды жүзеге асырудың нақты детальдары да мүдделендіреді.

Қазақстанның экономикалық жағдайының жақсаруы Германиямен экономикалық ынтымақтастықты активтендіруге жаңа оңтайлы мүмкіндіктер ашады. Елдің жетекшілері, өңдеуші өнеркәсіптердің, машина жасаудың, көліктік – коммуникациялық кешендердің, химия мен мұнай химияның дамуының есебінен экономиканың қайта құрылымдалуы мәселелеріне көңіл бөлуді күшейтуде. Неміс компаниялары өзінің техникалық деңгейі бойынша ең бәсекелестік қабілеттілер қатарына жатады және қазіргі негізде көрсетілген салалардың қайта жаңғыруына қомақты үлес қоса алар еді. Ол үшін Қазақстан жағынан, осы салаларға неміс компаниялары келуіне арналатын оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ететін, мемлекеттік қолдампаздық қажетті. Инвестицияны кепілдендіру механизміде жетілдіруді талап етеді. Жалпы алғанда, өзін ақтамаған ынтымақтастықтың орнына, ынтымақтастықтың жаңа ұйымдастырылған нысаны талап етіледі. Қазіргі уақытта елшілік осы проблемалармен айналысады.

Қазақстан Республикасы мен Германия Федаративтік Республикасы арасындағы шартта экономика, өнеркәсіп, ғылым мен техника салаларындағы кең масштабтағы ынтымақтастықты дамыту туралы 6 статьяда айтылған: «Шарттасушы Жақтар әрбір мемлекеттегі қолданудағы заңдарға сәйкес фирмалар мен ұйымдардың филиалдарын құруға жәрдемдесуге өзінің дайын екендігі туралы жариялайды. Жәнеде филиалдардың орналасу орынын еркінше таңдау принципімен жетекшілік етеді. Екі мемлекеттің фирмалары мен ұйымдарына, қолданудағы халықаралық міндеттемелер шеңберінде, үшінші елдер фирмалары мен ұйымдарына қатысты ыңғайлы режимнен кем түспейтін оңтайлы жағдайлар жасалуы керек. Бұл ереже тең дәрежеде, сәйкес мемлекеттің қолданбалы заңы шеңберінде жетекшілер мен мамандарды жұмысқа қабылдау және еңбектену қызметіне қатысты әрекет етеді.

Шарттасушы Жақтар ұлттық заң шектеуінде және халықаралық сауда практикасына сәйкес фирмалар мен ұйымдардың филиалдарына, филиалдың ағымды жұмысы үшін қажетті жабдықтар мен материалдардың импортын екінші Шарттасушы Жақтың сәйкес территориясына орналасатын орынына рұқсат беріледі.

Шарттасушы Жақтар, уақытша сәйкес басқа мемлекетте коммерциялық мақсатпен жүрген, жетекші қызметкер болып табылатын немесе олардың фирмасы туралы ерекше білімді мамандар болатын, немесе жоғары немесе салыстырмалы білімді мамандарға, жәнеде олардың жақын туыстарының сәйкес территорияда еркін қозғалу мәселелерінде, сонымен қатар әрбір мемлекетте қолданбалы заңдарға және мемлекет аралық келісімдерге сәйкес, іскерлік және соған сәйкес қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті елге келуге, жұмыс жасауға және басқада ресмилік жағдайларға рұқсат беру мәселелерінде, сәйкес басқа мемлекеттің азаматтарына оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Шарттасушы Жақтар қолданбалы заңдардың ережелері негізінде және мемлекет аралық келісімдерге сәйкес, табыс табу мақсатында сәйкес екінші Шарттасушы Жақ территориясына келетін, оның азаматтарына келу және қызмет жасаудың оңтайлы жағдайларын жасау мәселелерінде тең дәрежеде ынтымақтасады.»16

Қазақстан эконо­микасында «Сименс», «Алкатель», «Крупп» және басқа концерндер сияқты гиганттар өз орынын тапты, бірақ жалпы алғанда Алматының эконо­микалық ынтымақтастық деңгейіне көңілі толмады. ҚР мен ГФР арасындағы сауда – экономикалық қатынастың мәнін түсіну үшін, оларды жалпы еуропалық саясат контектіндеде, неміс экономикасының ерекшелікті құрылымы контектіндеде қарастыру керек.

Кеңіс Одағы құламас бұрын ЕО жаңа тәуелсіз мемлекеттерге кең масштабтағы көмек көрсету курсын алды (Еуроодақтың ең белгілі бағдарламасы - ТАСИС), бірақ сол уақытта өз рыногін ТМД елдерінің өнімдерінен оқшаулай бастады («тарифтік саясат атауымен белгілі»). Қа­зақстанда ол бірінші кезекте болат пен кен экспорты саласына қатысты болды, оның ішінде уран кендері. Екінші жағынан, Қазақстан мемлекеттік деңгейде несиені сақтандырудан бас тартқанда, ГФР үкіметі өзінің кәсіпкерлері үшін ашқан «Гермес» несиелік бағыты тоқтап қалды. Нәтижесінде жүздеген миллион маркалар талап етілмей қалды. Сонымен, 1990 жылдардың бірінші жартысында неміс кәсіпкерлері арасында біздің рыногіміз инвестиция үшін тым тәуекелші деген пікір туды.

Сондықтан Қазақстан Республикасы мен Германия Федаративтік Республикасы арасындағы шартта экономика, өнеркәсіп, ғылым мен техника салаларындағы кең масштабтағы ынтымақтастықты дамыту туралы 2 статьяда айтылған:

«Шарттасушы Жақтар, екі мемлекеттіңде кәсіпорындары мен ұйымдары арасындағы сауда мен ынтымақтастыққа, сәйкес ұлттық заңдар мен сәйкес ұлттық және халықаралық міндеттер негізінде қабылданған қажетті шаралар жолымен жәрдемдеседі.

Осыған байланысты, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді қаржыландыру және беру мәселелерінің маңызын ескере отырып, олар көрсетілген мақсаттарға, сәйкес ұлттық және халықаралық құқықтық нұсқамалар мен ережелерді ұстанып, экспорттық несиелер үшін мүмкіндікті оңтайлы жағдайларда, кепілдіктер беріледі. Жәнеде Шарттасушы Жақтар, сәйкес екінші Шарттасушы Жақтың экономикалық және қаржылық әлуеттері мен экспорттық кепілдемелері арасындағы өзара байланысты ескереді.

Шарттасушы Жақтар екі мемлекеттіңде кәсіпорындары мен ұйымдары арасындағы кедергісіз қарым – қатынастарды қамтамасыздандыру үшін құқықтық және материалдық алғышарттарды құрады.

Осы мақсатты іске асыруда, герман экономикасының өкілі Бюросы маңызды роль атқарады. Қазақстан Республикасы бұл Бюроның қызметіне жәрдемдесуге өзінің дайын екенін жариялайды.»17

Осындай жағдайларда Қазақстан Пре­зиденті 1997 жылдың қарашасында Боннға барады. Германияға екінші ресми сапары Н.Назарбаевтың, алдында ғана Қазақстан үшін және каспийлік ресурстардың келешекте дамуы үшін өте маңызды көп миллиардты келісімге қол қойған, Вашингтонға ресми сапарының жалғасы болғанын айта кетуіміз керек. Боннда ол Германияны каспиийлік мұнайшығарушы инфрақұрылымның қаражаттануын инвестициялауға шақырды, бірақ оның үндеуі жауапсыз қалды. Коль, өзі жеңіліс тапқан сайлаудың мәселесінен аспады; негізгі ішкі қаражаттық ресурстар шығыстағы жерлерді игеруге жұмсалынды; немістің экономикасының со­циалдық нарықтық моделі, осы уақытқа деін орын алып тұрған, стагнация фазасына кіре бастады.

Екінші жағынан қазақстандық жақта, орташа және шағын кәсіпорындарға базаланатын, Германияның әлеуметтік – экономикалық құрылымының ерекшеліктерін ескермеді. Тура осындай деңгейде, Германия Қазақстанды және басқада оралық азияттық мемлекеттерді инветировать етпекші еді. Қазақстан бірге жұмыс істеп үйренген, «Сименс» типті ірі концерндер, әрине бұл ережеден тысқары. Дегенмен, Каспий теңізі неміс саясаткерлерін қызықтырмады деп айтуға болмайды, шын мәнінде керісінше. Кольдің үкіметі билік басында соңғы айларда тұрғанда, социал-демократтық партиясында 1998 жылдың шілдесінде Каспий аймағы бойынша құжат туылды. Ол құжатта, Каспий теңізі көршіліес державалардың геосаясаттық ойыннына және саясаттық бәсекелестігіне айналмауы керектігі бекітілді. Аймақтың дамуы негізіне, барлық компаниялардың, оның ішінде неміс компанияларыныңда, мүддесін қамтамасыз ететін шындықты бәсекелестік шарттардың экономикалық тәсілі салынуы керек. Экономикалық сипаттамадағы көптеген егжей – тегжейліктерді еске бермей айтатын болсақ, қазақстандық және неміс лидердерінің, ірі масштабтағы саясаткерлер ретінде, көптеген параметрлері өте ұқсас.

ҚР мен ГФР лидерлерінің арасындағы келіссөздер арқасында, біздің елдеріміздің арасындағы қатынастар жап – жақсы дамып келе жатыр. ҚР мен ГФР арасындағы сауда – саттық көлемі соңғы жылдары иікпестен жоғарылады (1995 — 2000 жылдары ол үш есеге өсті) және былтырғы жылы 3 млрд. маркаға дерлік жетті. Айта кететін бір жайт, 1999 жылғы біздің Германияға экспортымыз ГФР бізге импортының көлемінен асып түсті. 2000 жылы Қазақстан пайдасындағы сыртқы сауда балансының оң сальдосы 1 млрд. маркаға жетті, ол ГФР-дағы Қазақстанның басты экспорттық жайғасымдарының бағасының өсуімен (мұнай —80 %), жеткізіп берудің физикалық көлемдерінің артуымен (ме­талдар —14 %) болды. Биылғы жылы Германиядан импорттың өсуі жоспарлануда, бәрінен бұрын станоктар, жабдықтар, электротех­никалық тауарлар, машиналар мен химиялық өнімдер, бұл бәрінен бұрын бірінші кезекте басқа позитивті факто­рмен — қазақстандық кәсіпорындардың қаржылық жағдайын және инвестициялық тапсырыстың тұрақты дамуын жақсартумен сипатталады.

Қазақстанда 120 германиялық фирмалар мен банкілердің өкілдіктері жәнеде 160 аса бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Екі жақты ынтымақтастықтар келесідей салаларды қамтиды: мұнайгаздық («Қазгермунай», Прой-саг»), минералды-шикізатты («Эшкон», «Ивикон» ИБИ), көліктік-коммуникациялық («Сименс», «Даймлер-крайслер», «Дойче Телеком»), ауыл шаруашылығында (БАСФ, «АгрЕво»). Одан өзге, соңғы кездерде жиөанкездік кеңінен даму табуда. Келешекте ҚР мен ГФР арасындағы эко­номикалық ынтымақтастық федералдық жерлер деңгейінде дамитын болады, бұл ең келешекті деп саналады. Өткен жылы «Қазақстан – Төменгі Саксония» жұмысшы тобы өз жұмысын бастады. ГФР жағынан келесідей көлемде көрсетілетін ресми көмектің маңызы өте зор: қаржылық (жеңілдікті несиелердің бөлінуі), техникалық (нақты жобаларға гранттар беру) және жеке ынтымақтастық (мамандарды оқыту). Жалпы алғанда қазақстан экономикасына салынған барлық неміс инвестициялары 2000 жылдың аяғында 1.84 млрд. ма­ркаға жетті.

Қазақстанның дүниежүзілік елдер инвесторлары үшін ең мұдделі жиырманың ішіне кіретіні белгілі.

Осыған қатысты ҚР Президенті, еуропалық елдер арасындағы Қазақстанның басты сауда серіктесі болып табылатын, Германияның ерекше ролін атап өтті. Мемлекет басшасының сөзі бойынша, енді, «…біздің міндетіміз өндірістік – инвестициялық өзара әрекетке өту болып табылады. Бұл жерде бизнесмендер, кәсіпкерлер жәнеде қарапайым адамдар арасындағы қарым – қатынаста өте маңызды орын алады».18

Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға соңғы ресми сапары кездесілерге мол болды, кездесулер саяси қызметкерлерменде, немістің іскер топтарыменде өткізілді.

Қазақстан Президенті Дойчебанк АГ, Коммерцбанк АГ және Сименс АГ болды.

«Президент Назарбае­втың Коммерцбанкпен кездесуінде Германияның саяси, экономикалық бетке ұстарларының 350 өкілдері қатысты »19, -деп хабарлады телефон арқылы Франк­фурттан Қазақстандағы Коммерцбанк өкілдігінің басшысы 4 қазанда.

Марко Графф Президенттің біздің елдеріміздің арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту туралы сөзіне үлкен қызығушылық көрсетті.

«ГФР - дағы көпшілік Қазақстан туралы ақпаратты жеткіліксіз біледі, сондықтанда осы кездесу бұл кемшілікті жояды»20, - деді ол.

Графф мырзаның пікірі бойынша, президент Назарбаевтың ресми сапарының нәтижесі жақын келешекте байқалатын болады, өзін көп күттірмейді.

"Біз Қазақстанда көптен бері жұмыс істеп келеміз және алғы шептегі қазақстандық банкілермен кеңес берушілік және корреспонденттік қатынас саласында белсенді ынтымақтасамыз. Қазіргі кезде тапсырыскерлерді тікелей несиелендіру мүмкіндігін қарастырып отырмыз"21, - деп қосты ол, Қазақстан Республикасындағы Коммерцбанк қызметі туралы айтқан кезде.

"Ынтымақтастың өркендеуінің келешегі Қазақстан мен корпоративтік секторлардың қаржылық рыноктарының эволюциясының жылдамдығына тәуелді", - деп бізге телефон арқылы мәлімдеді Дойчебанканың еншілес бөлімшесі Ди-Би Секьюритиз Қазақстанның президенті.

"Кез – келген ынтымақтастық, мейлі ол елдер арасындағы болсын немесе серіктестер арасындағы болсын, шешуді талап ететін, белгілі бір түсінбеушіліксіз және мәселесіз болуы мүмкін емес деп ойлаймын ", - деді Ерлан Елемесов, Германия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге кедергі келтіретін проблемелар туралы айтқан сөзінде.

Ол Дойчебанктің, Қазақстанның барлық ірі банкілерімен және корпорацияларымен ынтымақтасуға шын көңілімен дайын екендігін атап өтті.

"Бірінші кезекте мұнай мен газ, сақтандыру саласындағы істер және таукен металлургиялық кешендер сияқты секторлардағы жұмыстар келешекті"22, - деп нықтады сөзін Елемесов мырза.

Оның бағалауы бойынша, Германия мен Қазақстан арасындағы экономикалық өзара қатынас Қазақстан Президентінің ресми сапарынан соң жаңа қосымша импульс алады.

Ресми сапардан соң, екі жақты қатынаста, әсіресе сауда – экономикалық, жаңа оң импульс алу үміті өзіне көңіл аудартады.

Ал импульс әрине қажетті, өйткені проблемалар жеткілікті.

ҚР СІМ талдауында, ұзақ уақыт мерзімінде неміс капиталының мемлекеттік бағыттада, дербес компаниянияларданда инвестициялық ағым көлемінің төмендегені байқалатыны көрсетілген.

Қазақстан СІМ мұның себептерін егжей – тегжейлі келтіреді, бірақ біз Қазақстанға қатысты себептерге тоқталамыз:



  • заңның тұрақсыздығы, сонымен қатар өз міндеттерін орындамау, бірінші кезекте мемлекет жағынан;

  • Германиямен арадағы ынтымақтастық жұмысына жауапты тұлғалардың жиі ауысуы;

  • жемқорлық, мемлекеттік ведомстволардың еркінсуі, жәнеде олардың біліксіздігі;

  • тікелей инвестициялар бойынша кепілдік берудің саясаттан алшақтауы.

Германияның фирмалары әлдеде қанағатсыз шектеулі келісімдерге көңілдері толмайды – келісілген шарттарды сақтаудың жеткіліксіздігі, құқықтық қорғанудың жоқтығы, экономикалық процеске мемлекеттік органдар жағынан кірісулер -, деп көрсетеді ҚР Германия елшілігі.

"Қазақстанда табысты коммерциялық қызмет атқару үшін немесе қазақстандық кәсіпорындармен өзара тиімді коопе­рациялық қатынасты орнықтыру үшін патенттелген рецептте жоқ, кепілдендіретін сенімді әдістерде жоқ", деп көрсетеді елшілік қазақстандық серіктестерімен іскерлік орнату бойынша берілген пікірлерінде.

«шын мәнінде, Қазақстанда әлуетті тапсырыскерлер мен саудалық серіктестер іздеу кезінде, көптеген басқа елдердегі жолдар сияқты жолдар ашық» екені айтылады.

Дегенмен сонымен қатар ерекше көғіл аударылады: «әншейінде ашық нарықта қолданылатын көптеген маркетинг принциптері (әзірше) ТМД елдерінде қолданыла алмайды».23

Елшілік тағыда бір кезеңге көңіл аударады, ол аймаққа экспортты соншалықты жібермейтінғ Орталық Азияның елдерінің ішіндегі бірігудің жеткіліксіздігі.

"жұртшылықтың сатып алу қабілеттілігі шектеулі мүмкіндікте" екені бірнеше рет қайталанады.

Бірақ елшілік көңіл аударады "бұл жағдай тез өзгере алады, егер жеделдетілген мұнай алу есебінен және сонымен байланысты валютамен түсетін қаражаттың өсуі тұрмыстық өмір деңгейін біраз жоғарылататын болса".

"Мұндай келешектілікте, мұнай саласындағы мамандандырылған кәсіпорын, коммуникациялар, көліктер, мұнай саласына арналған жабдықтар салаларында Қазақстанға қызығушылық біраз жоғарылайды ", - деп жалғастырады елшілік. Сонымен, Қазақстанның Германиямен істік қатынастарында, барлық сыртқы экономикалық саясаттағы сияқты, үлкен акцент мұнайға қойылады.

Осы жерде Елемесов мырзаның сөзі қайта еске оралады: " Бірінші кезекте мұнай мен газ сияқты секторлардағы жұмыстар келешекті ".

«Негізгі инвестициялық жоба болып Қазгермунай біріккен кәсіпорыны табылады».24



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет