1-тарау. Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдарлар қабылдаған: Султангалиева Л. С. Дайындаған: Әбдікәрімова Жанна Әминов Шыңғысхан Тобы: мпко-302


Стереометрия аксиомаларынан салдарларды оқыту



бет10/14
Дата07.02.2022
өлшемі5,8 Mb.
#84688
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
1-тарау МПКО302

1.5.2. Стереометрия аксиомаларынан салдарларды оқыту
Стереометрия аксиомаларынан шығатын салдарларды оқыту үшін алдымен оқушылардың планиметрия аксиомалары туралы бiлiмдерi қайта жаңғыртылады. Ол үшін оқушыларға планиметрия аксиомаларын ашатын келесiдей сұрақтар қойылады:
1) Кез келген а) бір, а) екі нүкте арқылы неше түзу жургiзуге болады?
2) Түзудің бойындағы үш нүктенiң өзара орналасуы қандай болу мүмкiн?
3) Жазықтықты түзумен бөлгенде қандай фигуралар пайда болады?
4) Түзудiң бойына неше кесінді салуға болады?
5) Берiлген түзуге одан тысқары жатқан нүктеден оған параллель наше түзу жүргізуге болады? Т. 6.
Одан кейін оқушылардан стереометрия аксиомаларының тұжырымдамаларын айтып беру талап етіледі.
Осыдан кейiн оқушыларға мынадай сұрақтар қоюға болады:
1) Бір нүкте арқылы жазықтық мүмкiн бе? Егер мүмкiн болса, нешеу?
2) Екі нүкте арқылы жазықтық бола ма? Егер болса неше жазықтық?
3) Бip түзудiң бойында жатпайтын үш нүкте арқылы жазықтық жүргiзуге бола ма?
4) Түзу арқылы неше жазықтық жүргiзуге болады?
5) Егер түзудiң бір нүктесi берiлген жазықтықта жатса, онда ол түзу берiлген жазыктыққа тиiстi бола ма?
6) Егер екі жазықтықтың бip ортақ нүктeci болса, ол екi жазықтық қалай орналасады?
Осындай қайталау, алдын ала жұмыстарын жүргiзгеннен кейін аксиомалардан шығатын салдар теоремаларды оқып уйренуге көшеді.
Аксиомалардан шығатын салдарларды дәлелдейiк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет