1. ТҚаз балаларға клиникалық-пcиxoлoгиялық мінездеме беріңіздер



бет1/7
Дата25.02.2022
өлшемі20,84 Kb.
#133393
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1. Ò?àç áàëàëàð?à êëèíèêàëû?-ïcèxoëoãèÿëû? ì³íåçäåìå áåð³?³çäåð
Инклюзив, Көшпелілер туралы түсінік

5-тақырып. Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар
Сұрақтар:
1. ТҚАЗ балаларға клиникалық-пcиxoлoгиялық мінездеме беріңіздер.
Мемлекетіміз қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық - білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер басымды міндеттер қатарына қойылған.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау.
Қазіргі кезде қимыл-қозғалыс аппараты зақымдалған балаларға медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитация жасау, ауыр кемістіктің алдын алу мәселесі алға қойылған. Оларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға интеграциялау, яғни қоғамға пайдалы еңбекке араластыру. 
Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуы дегеніміз – жас кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін, бірақ моторлық бұзылыстар синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен қайталанып бұзылуы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет