1. Есепті шығару:
Бой ұзындығы 170 см, дене салмағы 50 кг, кеуде қуысының шеңбері 92 см болатын оқушының физикалық даму деңгейін келесі индекстер арқылы анықтаңыз: Кетле көрсеткіші, Брок көрсеткіші, Пинье көрсеткіші.
Семіздік немесе Кетле көрсеткіші:
СК = __Р_ = 50000 = 294,1
L 170
Р- дене салмағы (г);
L- бойдың ұзындығы.
Бұл көрсеткіш семіздікті анықтайды- бой ұзындығының І см- не дене салмағының неше грамы сәйкес келетіндігін көрсетеді. Физикалық даму мықты болса бұл көрсеткіш: ер балаларда 400- 410 г/см, қыз балаларда 370-380 г /см болады.
Брок немесе бой-салмақ көрсеткіші:
Егер бой ұзындығы :
150 мен 165см аралығында болса 100,
165 пен 175 см аралығында болса 105,
175 см ден көп болса 110 алынып тасталады, ол анықталған айырмашылық осы бойға сәйкес келетін дене салмағын көрсетеді.
170 – 105= 65 кг
3-Пинье немесе жалпы физикалық дамудың көрсеткіші:
L – (Т+ Р)
170 – ( 92 + 50 ) = 28
Т- кеуде қуысының шеңбері (қалыпты жағдайда),
L – бойдың ұзындығы (см),
Р- дене салмағы (кг).
Егер қалдық 10-15 болса, физикалық даму орташа, ал 30- дан көп болса, физикалық даму нашар деңгейде болады.
Қорытынды:
Кетле көрсеткіші CK = 294,1 нормаға сәйкес емес.
Брок көрсеткіші бойынша 170 см бой ұзындығына сәйкес келетін дене салмағы 65 кг ға тең болды , ал негізгі дене салмағы 50 кг.
Пинье көрсеткіші 28 ге тең болды, демек физикалық даму орташа деңгейде.
1. Дене салмағын анықтау. Р- дене салмағы. Дене салмағын медициналық таразымен өлшейді.
Дене салмағы көптеген экзо-және эндогендік әсерлерге байланысты. Дене салмағы тірек қимыл жүйесінің, ішкі мүшелердің дамуының, өсуінің негізгі айғағы. Оның максимальды түрде артуы, әсіресе қыз балаларда 13, ал ұл балаларда 15 жаста байқалады. 18-25 жасқа дейін дене салмағы көбейіп, кейін 40-46 жасқа дейін дені сау адамдарда бірқалыпта сақталады.
Динамометрия- қол басы бұлшық еттерінің және арқаны жазатын бұлшық еттердің күшін анықтайтын әдіс.
d- қол басының күші. Қолды иық деңгейінде жазып ұстап, динамометрді саусақтарына қатты қысу керек. Өлшеу 3 рет қайталанады да, ең жоғарғы көрсеткіш есепке алынады.
Қол күшінің орта көрсеткіші ер балалар үшін 40-45 кг, ал қыз балалар үшін- 30-35 кг.
S- арқа бұлшық еттерінің күші. Динамометрдің платформасын екі аяқпен басып, тізені бүктеп, екі қолды тізенің деңгейінде ұстап құралдың тұтқасын жоғары тартып, арқаны біртіндеп жазу керек.
Арқа бұлшық етінің ер балаларда 130-150 кг, қыз балаларда 80-130кг болады.
Достарыңызбен бөлісу: |