1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


«ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң.Қазақстандығы алғашқы жалпыұлттық Президент сайлауы



бет78/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

61.«ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң.Қазақстандығы алғашқы жалпыұлттық Президент сайлауы.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы тарихи құжат болып табылады.
«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялы және құқықтық мемлекет деп танылды.
ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 7 тараудан, 18 баптан тұрды.
Бірінші тарауы ҚР Тәуелсіз мемлекет деп аталады. Бұл тарауда ҚР тәуелсіз, демократиялы, құқықтық, унитарлы мемлекет және ҚР барлық мемлекеттер мен өзара қатынасын халықаралық принциптері бойынша құрады, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық делінген.
Екінші тарауында, ҚР халқы мен азаматы туралы айтылған. Халық бұл мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Азаматтардың тең құқықтылығына қастандық жасау заң бойынша жазаланады.
Үшінші тарау, ҚР мемлекеттік өкімет органдары деп аталады. Мұнда заң шығарушы билік Жоғарғы Кеңес құзырында, ал атқарушы билік Президент, Сот билігі ҚР Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты болып табылады.
Төртінші тарау ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері туралы жазылған. Онда жер, оның қойнауы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі мемлекеттің меншігінде болады делінген. Бесінші тарауда, ҚР дүниежүзілік қауымдастықтағы мүшелігі туралы айтылған.
Алтыншы тарау – ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қорғау.
Жетінші тарау – Қорытынды ережелер
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, (Преамбула - Ата заңдағы  және басқа да құжаттардағы  кіріспе бөлім ), 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау және басқалар.

1991жылы 16 казанда " Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСРПрезидентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР президентін сайлау 1991 жылдың 1 желтоқсанына белгіленді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды. 1991 жылы 10 желтоқсанда"Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы" қаулы қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. На- зарбаев 1991 жылдың 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына  қол қойды.


2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін бекіту туралы қабылдаған заңы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасып, дамуы мен нығаюына қосқан айрықша үлесін мойындау болып танылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет