1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


ҚР рәміздері – ту, елтаңба, әнұранды бекіту, ұлттық валютаны енгізу



бет79/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

62. ҚР рәміздері – ту, елтаңба, әнұранды бекіту, ұлттық валютаны енгізу. Қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау.


Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады. Оның артынша Жоғарғы Кеңес Президиумының шешімімен Қазақ КСР-ның Елтаңбасы, Туы және Әнұранына өзгерістер енгізу ұсыныстарын дайындау бойынша жұмыс тобы құрылды.
Оның бірінші отырысы 1991 жылғы 15 қаңтарында өтті. Онда Республиканың мемлекеттік рәміздерінің үздік эскизіне байқау жарияланатын болып шешілді. Конкурсқа қатысу үшін барлығы 245 эскиздер мен 67 ұсыныстар мен пікірлер берілген. Мемлекеттік Елтаңба, сондай-ақ мемлекеттік Ту жобаларын қарау топтардың әр отырысында 2 кезеңнен өтті: Комиссияның құрамына Парламенттің он екі депутаты Ж. М. Әбділдин, Ә. Кекілбаев, М. Қозыбаев, С.Сартаев, М. Әуезов және үкіметтік мекемелердің жауапты қызметкерлері, ғылым және шығармашылық ұйымдардың бірқатар басшылары кірді. Жаңа Елтаңбаны дайындау бойынша жұмыс тобының басшысы болып ҚР ҰҒА академигі Салық Зиманов тағайындалды. Көптеген авторлар өз жобаларын 1991 жылы конкурс жарияланған кезде де және 1992 жылы да баспаға беріп үлгерді.
Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдері - 1991 жылдың 15 қаңтарынан бастап Мемлекеттік Елтаңба жобасының жеңімпаздары жарияланатын комиссияның қорытынды отырысы өткен 1992 жылдың 4 сәуіріне дейін жалғасты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде Қазақстан деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан деген жазу алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет