1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Қазақтан экологиясындағы зымырандық-ғарыштық жобаның келеңсіз рөлі: Байқоңыр ғарыш айлағы



бет66/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

48.Қазақтан экологиясындағы зымырандық-ғарыштық жобаның келеңсіз рөлі: Байқоңыр ғарыш айлағы.
Байқоңыр Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955жылы қаланған.
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің
1.Елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы,
2. Ракета ұшырудың қауіпсіздігі,
3. Қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.
Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды.
ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі болып табылса қазіргі таңда осы бір аса ірі ғарыш кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалып отыр.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерлерін тигізуде:
— ұшу процесінен кейін, атомосфераның табиғи режимі бұзылады;
— атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;
— атмосфераның озон қабатын бұзады;
— территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтары мен сынықтарымен зақымдайды;
— қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
— ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді.
өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендеген.Жыл сайын Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына 30 – 35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді. Ауа ылғалдылығының төмендеуі, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгертуі, ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырлады.
«Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы құрт бұзылып, 3-5 туәлікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның төмеңдеу процесі жиі байқалатыны белгілі.Бұлардың барлығы адам ағзасы зиянды екендігі мәлім болып отыр. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей федерациясына 20 жылға берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет