1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері. Орталық биліктің оқиғаға берген әділетсіз бағасы



бет70/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

53.Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері. Орталық биліктің оқиғаға берген әділетсіз бағасы.


Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлады. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа-өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен, «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты. Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды, ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып қалуға тырысты. 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден 100, Ташкенттен 300, Челябіден 203, Новосибирскіден 203, Свердловскіден 225, Тбилисиден 450 адам тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді жіберген. Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.
99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды.Екі адам ату жазасына кесілді.Олар Қайрат Рысқұлбеков пен Мырзақұл Әбдіқұлов. Ату жазасы халықаралық қауымдастықтың қарсылығы нәтижесінде кейіннен 20 жылдық абақтыға ауыстырылды. Қайрат Рысқұлбеков Семей абақтысында қайтыс болды. Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова Ербол Сыпатаев және тағы басқалар Желтоқсан оқиғасының құрбаны болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет