1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Қазақстан Республикасында



бет75/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

57.Қазақстан Республикасында Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы.
1985-1991 жылдары Михаил Горбачев бастаған Одақ басшылығы жүргізген қайта құру саясаты айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге алып келсе, оның ақыры сол кезде өмір сүрген партиялық-мемлекеттік жүйенің бұзылуына, ал кейін КСРО-ның ыдырауына соқтырды.
Қалыптасқан осы үдерістер орталық деңгейде және одақтас республикаларда мемлекеттік биліктің жаңа институттарын құру қажеттігін туындатты. 1990 жылғы 14 наурызда Халық депутаттарының съезі елімізде Кеңес Одағы Коммунистік партиясының (КОКП) ғана билік жүргізетінін бекіткен КСРО Конституциясының 6-бабының күшін жойды. Осымен бір мезгілде КСРО Президентінің лауазымы енгізілсе, кейін бұл орынға М.С.Горбачев сайланды.
Егер аталған шара одақтық деңгейде орталық билікті күшейтіп, мемлекетті сақтауды көздесе, 1990 жылдың 24 сә­уірінде тағайындалған Қазақ КСР Президентінің лауазымы мен 12-шақырылған Жоғарғы Кеңестің Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы етіп сайлауы республиканың мемлекеттік егемендігіне қол жеткізуі жолындағы алғашқы маңызды қадам болды.
Қазақ КСР Президенті өзінің мәртебесіне сәйкес, республика шеңберінде азаматтардың құқы мен бостандығы сақталуының кепілі ретінде танылып, Қазақ­станнан Одақ ішінде және ха­лық­аралық қатынастарда өкі­леттілік етті, Қазақстанның бү­кіл аумағында міндетті кү­ші бар жарлықтар шығарып, азаматтық қабылдау және басқа да мәселелерді шешу бойынша міндеттер атқарды. Оның бір мезгілде кез келген деңгейдегі Кеңестің халық депутаты болып сайлана алмайтыны билікті бөлісу институтын дамыту үдерісінде аса үлкен маңыз иеленді.
Сол уақытта Президенттің билігі бір жағынан одақтық құрылымдармен, екінші жағынан республиканың Жоғарғы Кеңесімен едәуір шектеулі болатын.
Қоғамда дағдарысты үдерістер белең алып, осыған орай тұрақтылықты қамтамасыз ету ерекше маңызды болды.Республиканың бүкіл мемлекеттік билік жүйесін, сондай-ақ, оның шеңберінде Президенттік билікті күшейту қажеттігі туындады.
1991жылдың 20 қарашасында «Мемлекеттік билік құры­лым­дарын жетілдіру мен Қазақ КСР-індегі басқару және Қазақ КСР-інің Конституциясына (Негізгі Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Аталған заңға сәйкес Президенттің ұсы­нысы бойынша Жоғарғы Кеңес сайлайтын республиканың Ви­це-президенті лауазымы та­ғайындалып, Министрлер Кеңесі Премьер-Министр бас­қаратын Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды, Президент пен Министрлер Кабинетінің аппараттары біртұтас президенттік аппаратқа біріктірілді
1991 жылғы жедел өзгерістер жағдайында қазақстандықтардың се­нім деңгейін арттыру және олардың өзі жүргізетін саяси бағытты қолдауына қол жеткізу мақсатында бүкілхалықтық сайлау өткізу туралы шешім қа­былдады. 1991 жылдың 1 жел­тоқсанында өткен алғашқы тікелей президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевқа 868 176 сайлаушы немесе дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушының 98,78%-ы өз дауыстарын берді.1991 жылы өткен президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге вице-президент болып Ерік Асанбаев сайланды. 
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республи­касы болып өзгертілді. 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануы мемлекеттің институттық жүйе­сін түбегейлі өзгертті., Вице-президенттің лауазымы қысқартылды. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі мен өкілеттілігі айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Ол тек мемлекеттегі үстем тұлға ғана болып қоймай, сондай-ақ, биліктің барлық тармағының үстінен қарайтыны мойындалды.
Осылайша Қазақстанда пре­зи­денттік институт қалып­тасып, жеткілікті деңгейде орнықты сипатқа ие болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ретінде Нұрсұлтан Назарбаевқа 2012 жылдан бастап кезекті президенттік сайлауларға мер­зімсіз қатысу құқы ұсынылды. Ал 2010 жылдың маусым айында егемен Қазақстанды құру мен дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысы Ұлт Көшбасшысы деген атаққа лайық деп табылды.


58.1989 ж. Тіл туралы заңның қабылдануы және оның маңызы.
1989 жылы 22 қыркүйекте 11 сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің кезектен тыс 14 сессиясы қабылдаған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының тіл туралы» Заңы қабылданып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Содан бір айдан кейін, яғни 22-қазанда Халықарлық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды.
ҚР президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қыркүйектің 22 – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. 1989 жылы қабылданған Тіл туралы Заңымыздың жаңа өмірдің, яғни тәуелсіздік талаптарына сөйкес келе бермейтін тұстары байқала бастады. Оны қайта қарап, қазіргі жағдайға сәйкес түзу қажеттігі туды. Сөйтіп Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 1997 жылы шілденің 11-інде “Қазақстан Республикасын­дағы Тіл туралы” Заңға қол қойды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет