60.Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы. 1990 жылы желтоқсанда төрт республика — Ресей, Украина, Белоруссия жэне Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын қүру туралы инициатива көтерді, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жүмыс бастаған болатын.
1991 ж. 18—21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бұл жұмысты үзіп жіберді. KCPO вице-президенті Г.И. Янаев, KCPO премьер- министр! B.C. Павлов, KCPO Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы B.A. Крючков, KCPO Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, KCPO Қорғаныс министрі Д.Т. Язов, KCPO Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Лукьянов тағы басқалар 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Бүл ic жүзінде Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде үйымдастырылған төңкеріс еді. Осы кезде Қырымда (Фороста) болған KCPO президенті М.С.Горбачевтың сыртқы элеммен байланысын үзіп тастаған ТЖМК мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бүл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бүрынғыдан элдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әкімшіл- эміршіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитеттің № 1 қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылатын болды жэне митингілер мен демонстрациялар өткізуге, ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н. Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г. Попов, Ленинград облысы мен қаласының басшысы А. Собчак тағы басқалар қолдады. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген үшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. ТЖМК мүшелері түтқынға алынып, үстерінен қылмыстық ic қозғалды.
Тамыз бүлігі Ол КСРО-ның күйреуін жэне бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты.
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР жэне Украина республи каларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мэлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ түйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет қүру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді.1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия Республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті.
1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мэселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан қүрылған Достастық мемлекет басшылары жэне үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар қүрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси жэне әлеуметтік-экономикалық мэселелерді шешу көзделді. Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.