64.«Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Президенттің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы. Елбасы 1997 жылдың 10-шы қазан күні «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынған болатын.
Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді 7 негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: