1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттары. Стратегиялық маңызы бар жаңа темір жол магистралін салу



бет92/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

68.Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттары. Стратегиялық маңызы бар жаңа темір жол магистралін салу.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жол дың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін адамдардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету жэне жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Осымен байланысты темір жол көлігіне талаптар жыл сайын өсіп отырды жэне оның ба­сты міндеттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан — 2030" стратегиялық бағдарламасында көрініс тапқан. 1997 жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы, жэне Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік "Қазақстан темір жолы" кәсіпорны құрылды. Ал 2002 жылы бүл кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен "Қазақстан темір жолы үлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамына айналдырылды.
2002 жылы Қазақстандағы темір жолдың үзындығы 13,6 мың шақырымға жетті, оның бойындағы темір жол станцияларының саны 720 болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап жаңа темір жолдар салу жэне темір жол станциялары мен желілерді қайтадан жаңартуға ерекше назар аударылды. Соның ішінде халықаралық темір жол желілерін құруға барынша көңіл бөлінді.. Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда Достық станциясы маңызды рөл атқарады. Өйткені ол Еуропа жэне Азия елдерінің арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда үлкен орын алады. 1991 жылы қыркүйекте Достық станциясы арқылы Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасу, ал 1992 жылы маусымда жолаушылар тасу жүзеге асырылды. 1994 жылдан бастап Достық-Алашанкоу станциялары арқылы халықаралық жүк тасу жүргізіле бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан жэне Оңтүстік Ко­рея сауда байланыстары Достық станциясы арқылы едәуір өсті. Тек 2002 жылдың өзінде жүк тасу 1994 жылмен салыстырғанда 10 есеге артып, 6 млн. тоннаға жетті."Қазақстан — 2030" бағдарламасының талаптарына сай 1998 жылы мамыр айында алғаш рет егемен Қазақстанның тарихын да Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Конечная темір жол қүрылысы басталып, 2000 жылы 8 желтоқсанда аяқталды. Жолдың жалпы үзындығы — 184 шақырым. Жолды салуға республиканың эртүрлі аудандарынан 1500 жүмыс шы қатынасты, қүрылысқа 6,5 млрд. тенге жүмсалды. Бүл жол елдің Солтүстік жэне Шығыс облыстарының арасындағы қатынасты 600 шақырымға қысқартты. Павлодар облысының Ақсу жэне Май ayдандары жеріндегі табиғи байлықтарды игеруге мүмкіндік берді.
Егемен Қазақстан жеріндегі екінші маңызды темір жол қүрылысы Қостанай облысындағы Алтынсарин станциясы менАқтөбе облысының Хромтау қаласын байланыстыратын темір жол магистралі. Жолдың үзындығы 387 шақырым, қүрылыс жүмысы 2001 жылдың маусым айында басталып, 2004 жылдың қараша айының соңында аяқталып, пайдалануға берілді. Бүл жол Қазақстанның Солтүстік жэне Орталық аймақтары арасындағы жол қатынасын 1,5 мың шақырымға қысқартты жэне елді Ресейдің Қарталы-Орск темір жолына бағыныштылықтан босатты. Бүл жол мен Қазақстанның Орталық жэне Солтүстік аудандарынан Батыс облыстарға хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск жэне Одесса теңіз порттары арқылы Украинаға қара металл, ферросплав, сондай-ақ Ақтау арқылы Республиканың солтүстік облыстарынан Иранға жыл сайын 5,5 млн. тонна астық жеткізу көзделген.
1991—1994 жж. Арыс пен Шу станциялары арасындағы 600 шақырымдық жолды электр жүйесіне қосу жүмысы аяқталды. Ал 1993 жылдан бастап Шу мен Алматы арасындағы темір жолды электр қуатына қосу басталды. 1996—1999 жылдары қашықтығы 190 шақырым Шу-Отар темір жолын электр қуатына көшіру аяқталды, 2000 жылы үзындығы 90 шақырым Отар-¥зынағаш учаскесі іске қосылды, ал 2002 жылдың көктемінде Отар мен Алматы арасындағы темір жол магистралін электр қуатымен жүмыс істеуге көшіру біржолата аяқталды. Осының нәтижесінде Қазақстанда электр қуатымен жүмыс істейтін темір жол магистралінің үзындығы 3,7 мың шақырымға жетті, не­месе республикадағы барлық темір жолдың 27 пайызын қамтыды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет