1. Құзыреттілік тұрғыдан тәрбие технологиясын таңдау «Құзыреттілік»


Тәрбиелік жүйенің құрылымы мен қағидаларына сипаттама



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі41,39 Kb.
#96193
1   2   3   4
Байланысты:
Құзіреттілік тұрғыдан тәрбие тех. таңдау

3.Тәрбиелік жүйенің құрылымы мен қағидаларына сипаттама
Тәрбие - педагогикалық жүйеде өзіндік бағыты, мазмұны, ұйымдастырылу ерекшелігі, формалары, әдіс – тәсілдері бар өте маңызды процесс. Сол себепті педагогикада тәрбиені ұйымдастырудың негізгі жүйесін, жолдарын, бағыттары мен ұстанымдарын, заңдылықтарын белгілейтін, педагогтің тәрбиелік функцияларын айқындайтын – тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі қалыптасты.
Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекеттәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті – тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру.
Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:
- үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру;
- азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыру
- оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер, т.б. қоғамдық құндылықка қатыстыру;
- қоғамның демократиялық өңделуіне, тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;
- тұлғаның мүмкіндіктері мен тілектерін, сонымен бірге әлеуметтік талаптарын ескере отырып, оның икемділігін, ептілігін және қызығушылығын дамыту;
- оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-әрекет ұйымдастыру; тұлғаны сапалы тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты іс-әрекет ұйымдастыру;
- тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функциясын, яғни, өзгермелі еңбектік іс-әрекет жағдайындағы қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру.
"Тәрбиелік жүйенің — күрделі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет