Ақпараттық қауіпсіздік
10.1А Компьютерлік жүйелер Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік шаралары – деректерді резервтік көшіру және шифрлау Оқу мақсаты: 10.1.3.2 қауіпсіздік шараларын деректерді резервтік көшіру, шифрлауды, айнабетіндегідей көшірмелеу (зеркалирование) ұғымдары арқылы сипаттау 10.1.3.3 деректерді қорғау тәсілдерін қолдану туралы дәлел келтіру Бағалау критерийлері - Деректерді қорғау тәсілдерін сипаттай алады
- Қауіпсіздік шараларын сипаттай алады
- Қауіпсіздік шараларының артықшылықтары мен кемшіліктерін саралай алады
- Деректерді қорғау тәсілдерін бір - бірімен салыстырады
Ақпаратты қорғау әдістері
Программалық
Ұйымдастыру-шылық
Криптографиялық
Техникалық
Ақпаратты қорғау әдістері
Ақпаратты қорғаудың техникалық әдісі Ақпаратты қорғаудың техникалық шараларына бейнебақылау, дабыл беру жүйелері, сондай-ақ ақпараттарды таратуға жол бермейтін және бұғаттайтын басқа да құралдарды пайдаланумен байланысты болады. Қорғаныстың аппараттық әдістерін қолдану мынадай техникалық құралдарды пайдалануды ұсынады: 1. Тыңдалатын және жазылатын құрылғылардан қорғайтын TRD-800 категориялы радиохабарлағыштар мен магнитофондар детекторы; 2. Жасырын бейне бақылау құратын модульдік нөмірлер; 3. Ақпаратты жеткізудің дұрыстылығын қамтамасыз ететін ақпаратты анықтылыққа тексеру сызбалары; 4. Құпиялы құжаттарды жіберуге арналған SAFE-400 категориялы факстік хабардың скремблері. Ақпаратты қорғаудың программалық әдісі - Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық шаралары: мәтінді шифрлау, файлдарды уақытша жою, құпия сөздерді бір деректерге енгізу үшін пайдалану, зиянды бағдарламалардан қорғау мүмкіндіктері.
Программалық әдістер келесі функцияларды іске асырады: 1. Идентификация, аутентификация, авторизация (Pin кодтар, парольдер жүйелері арқылы); 2. Резервті көшіру және қалпына келтіру процедуралары; 3. Антивирустық программаларды белсенді қолдану және антивирустық қорларды жиі жаңартып отыру; 4. Транзакцияны өңдеу. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдісі Бұл ақпаратты шифрлаудың, кодтаудың немесе басқаша түрлендірудің арнайы әдісі, Мұның нәтижесінде ақпарат мазмұнына криптограмма кілтінсіз және кері түрлендірмей шығу мүмкін болмайды. Криптографиялық қорғау – ең сенімді қорғау әдісі, өйткені ақпаратқа шығу емес, оның тікелей өзі қорғалады, (мысалы, әуелі тасуыш ұрланған жағдайдың өзінде ондағы шифрланған файлды оқу мүмкін емес). Деректерді резервтік көшіру - бүлінген немесе бұзылған жағдайда түпнұсқа немесе жаңа орынға деректерді қалпына келтіруге арналған деректердің көшірмесін жасау процесі. Сақтау ортасы (қатты диск, дискета және т.б.) жүргізілуі мүмкін.
Резервті көшірудің мақсаты–ақпараттардың ағымдағы көшірмесі қандай да бір себептермен жоғалған жағдайда, ақпаратты (құжаттарды, бағдарламаларды, параметрлерді және т.б.) тез және арзан түрде қалпына келтіру.
Деректерді резервтік көшіру
Криптология- Ақпаратты оны түрлендіру арқылы қорғаумен шұғылданатын ғылым. - Криптология- Ақпаратты оны түрлендіру арқылы қорғаумен шұғылданатын ғылым.
- Криптография - Құпияжазу, ақпаратты заңсыз пайдаланушылардан қорғау мақсатымен оны түрлендіру әдістері жайындағы ғылым.
- Криптоанализ - Ақпаратты оның кілтін білмей-ақ қалайша кері шифрлау мәселесімен айналысады.
- Шифр - Бақылаушыда мәлімет болмаған жағдайда, ашық ақпаратты бастапқы қалпына келтіре алмайтындай етіп түрлендіру үшін қолданылатын шартты белгілер тізбегі.
- Шифрлау - Белгілі бір адамнан басқалар оқи алмайтындай етіліп ақпаратты математикалық, алгоритмдік түрлендіру әдісі.
Шифрлеу екі бағытта жүргізіледі – шифрлеу және шифрдан шығару
Шифрлеу
Кілт
Ашық мәтін
Шифрлеу алгоритмі
Шифрленген мәтін
Шифрдан шығару алгоритмі
Ашық мәтін
Айнабетіндегідей көшірмелеу (зеркалирование)
- Бір желілік коммутатордан екіншісіне (VPN) пакеттерді көшіру процесі
Қалыптастырушы бағалау үшін жұмыс.
Келесі сұрақтарға жазбаша жауап бер:
- Деректерді қорғаудың қандай тәсілдерін білесің?
- Қауіпсіздік шараларының 2 артықшылықтары мен кемшіліктерін жаз
Дескриптор:
- Деректерді қорғау тәсілдерін сипаттай алады
- Қауіпсіздік шараларын сипаттай алады
- Деректерді қорғау тәсілдерін қолдана алады
- Қауіпсіздік шараларының артықшылықтары мен кемшіліктерін саралай алады
- Деректерді қорғау тәсілдерін бір - бірімен салыстырады
Рефлексия 5-5-1 - Бүгінгі сабақ қорытындысын 5 сөйлеммен жаз...
- Бүгінгі сабақтағы маңызды 5 cөз
- Толғандырар бір сұрақ
Қолданлған әдебиет - https://znanio.ru/media/4aparatty-aupszdk-programmaly-amtamasyz-etu-prezentatsiya-2588294
Достарыңызбен бөлісу: |