Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.
Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі
Бөкей Нұралыұлы Кіші жүздің белді сұлтаны. Саяси күреске 18 ғасырдың соңынан араласа бастаған. 19 ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді. Бөкей орыс өкіметіне жағымды болды. Баласы Жəңгір Астрахан губернаторының үйінде тəрбиеленді. Орыс, парсы, араб тілдерін білді. Патша үкіметі қаражатына 1827 жылы Жасқұс деген жерде хан сарайын салғызды. Хандықтағы шұрайлы жайылым жерді хан өз туыстары мен сарай ақсүйектеріне бөліп берді. 1827 жылы 12 биден құралған хандық кеңес ұйымдастырылды. Хан тапсырмаларын орындайтын 12 старшын баж салығының жиналуын қадағалады.
Бөкей Ордасындағы қауымдық жерлерді орыс помещиктерінің, хан туыстарының иемденіп алуы, феодалдардың озбырлығы жəне Жəңгір билігінің халық мүддесіне қайшы келуі хандықтың басқару жүйесін шайқалтты. Салықтың ауыртпалығы да әлеуметтік қарсылықтың тереңдеуіне себепші болды. 1833 жылы Жəңгір ханның қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы көтеріліске түрткі болды. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі 1836-1838 жылдары болды.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары – Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы. Көтерілістің басты мақсаты – хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, жер мəселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту болды. 1836 жылы ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болды. Көтеріліс басшылары Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.
1836-1838 жылдардағы көтерілістен кейін салық мөлшеріне шек қойылды. Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды.
Бұл оқиға Ішкі Ордадағы хандық биліктің əлсірегендігін дəлелдеді. Ал көтерілістің жеңілу себептері үстем тап өкілдерінің опасыздығы, көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі жəне Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы болды. Бұл қозғалыс 19 ғасырдың 30 жылдарындағы әлеуметтік езгіге де, отаршылдыққа да қарсы бағытталған көтеріліс болды.
Достарыңызбен бөлісу: |