Сонда фигура абцисса және аппликата өстері бағытында натурал шамаларына, ал ордината өсі бағытында бұрмаланып кескінделеді. Х = Z =1, және У=0,5 келтірілген бұрмалану көрсеткіштері деп аталады. Аксонометриялық өстердің аралығындағы бұрыштар {x,z}=97̊ 10̍ және {y,z}=131̊25̍ -ка тең болады.
Диметрия эллипстің орнына сызылатын сопақшаны салу.
Сызықтау сызығы тікбұрышты изометриядағы сияқты координаттар жазықтарында жататын шаршылардың диагональдарының біреуіне параллель жүргізіледі. Бұл шаршылардың қабырғалары сәйкес координаттар өстеріне параллель және у/ өсі бағытындағы бұрмалану көрсеткіші 0,5-ке тең болатыны ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |