№10 жалпы орта білім беретін мектебінің 2018-2019 оқу жылында жеткен жетістіктері
№10 жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының басынан бастап оқушыларымыз бірқатар жетстіктерге ие болды. Атап айтқанда, «Арқалық тарих толқынында» атты әдеби альманах жнағына жас қаламгерлер номинациясына 9-сынып оқушысы Нұрлыбек Әділбек, жетекшісі жас маман Оспан Айдана Уақитқызы және жазба ақындар номинациясы бойынша мектеп мұғалімі Карашинов Батырхан Серикбаевич енгізілді.
Қалалық пәндер олимпиадасында география пәнінен 11-сынып оқушысы Пархаев Федор ІІІ орын алды, пән мұғалімі Бирмаканов Корганбек Сагиндикович.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық Институты базасында өткізілген мектеп оқушылары мен студенттер арасындағы ғылыми жұмысына 11 «А» сынып оқушысы Арыстанбек Жібек Саматқызының «Баламалы энергия көздерін тұрмыста пайдалану жолдары» тақырыбында жазған жұмысы «Әлеуметтік маңызды» номинациясын иеленді, жетекшісі Шакенов Жұмағали Нуридденұлы.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық Институтында өткен Ы.Алтынсарин оқулары -2019 ғылыми конференциясына даярлық сыныбы мұғалімі Қуанышова Жаңыл Кәкімқызының «Жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау жағдайында білім беруді жаһандандыру, цифрландыру» тақырыбындағы баяндамасы конференция жинағына енгізілді.
Арқа жұлдызы-2018 ән байқауында 1-сынып оқушысы Таубалды Нұржайна І орын және облысқа жолдама алды, жетекшісі Ахметова Мақпал Ғабитқызы. Мектеп мұғалімдері Есимсейтова Бақытгүл Рақымжанқызы, Турганова Гульзада Сундетбаевна, Шакирова Алия Бакитжановна, Карашинов Батырхан Серикбаевичтің жазған мақалалары облыстық «Учительская плюс» газетінде жарияланды.
ҚББО ұйымдастырған «Ән жырым саған, Астана!» атты ән байқауында І орынға ие болды, «Әнім саған аманат» атты дәстүрлі ән аталымы бойынша ІІ орын, жетекшісі Ахметова Мақпал Ғабитқызы.
Достарыңызбен бөлісу: |