10 лекция Дәрістің мақсаты мен міндеттері


БАУЫРЖАН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ



бет3/6
Дата25.12.2022
өлшемі31,37 Kb.
#164328
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
VQSBTMUJEUBC19122022111943

БАУЫРЖАН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы – тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Бауыржан Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Бауыржан Момышұлы – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат. Бауыржан Момышұлы – соғысты өз көзімен көрген жазушы. Батыр Бауыржанның айтар ойы, жазар тақырыбы – соғыс шындығы. Ол өз шығармасының кейіпкері, өзінің образдарымен тұтасып кеткен тұлға. Барлық оқиғалардың бел ортасында өзі болғандықтан автор әңгімені өз атынан айтады. Ол сырттан бақылаушы емес, сұрапыл соғыс жылдарын басыннан өткізген дана тұлға.
Менің жобамның мақсаты: Бауыржан Момышұлының сұрапыл соғысты, ауыл тіршілігін шынайы сипаттаған шығармаларының ұлттық құндылығын анықтап, көпшілікке таныту, бұл шығармалардың маңыздылығын түсіндіру, Бауыржан Момышұлының ұмытылған шығармаларын жаңғырту. Өзектілігі: Бауыржан шығармалары майдан шебіңде жүріп, көзі көрген өмір тәрбисінен алынған отты жүректің, ыстық қанмен жазылған 59

шығармалар. Осыған өзі айтып өткен мына сөздері толық дәлел: «Менің шығармаларым тұтастай және толығымен менің өз басымның естеліктеріне, ерекше делінген эпизодтар естеліктерінің жиынтығынан іріктеп, алынған елеулі көріністерге негізделген. Оларда ойдан шығарылған оқиғалар да, ойдан жасалған адамдар да жоқ». Сондықтан да Бауыржан Момышұлының тұңғыш шығармасы «Ұшқан ұя» повесімен танысу арқылы қазақ халқының салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымен тереңірек танысып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді күшейту, ұлттық тәрбиені қалпына келтіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет