10 С. Мұқанов атындағы орта мектебінің 1 «в» сыныбында жүргізілетін математика таңдау пәнінен жылдық тақырыптық күнтізбелік жоспар



Дата08.09.2017
өлшемі79,62 Kb.
#31490
Пед. кеңесте бекітілді

Мектеп директоры: ___________ Т.З.Әшен

Оқу ісінің меңгерушісі:_________ Ұ.С.Смағұлова

Пән бірлестік жетекшісі:_________ С.Т. Есенова

10 С.Мұқанов атындағы орта мектебінің

1 «в» сыныбында жүргізілетін математика таңдау пәнінен жылдық тақырыптық күнтізбелік жоспар

Тақырыбы: Сандар сырын ұғынайық!

Бастауыш сынып мұғалімі: Адиева Ж.С

2015-2016 оқу жылы



Түсініктеме

Аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.

Заттарды топтастыру, нақты белгілерін табу, берілген белгілері бойынша затты анықтау, заттар мен құбылыстарды салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу сияқты тақырыптар қарастырылады. Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Сондықтан да әр түрлі логикалық қызықты сөзжұмбақтар мен ребустар шешу енгізілді. Және де талантты, дарынды оқушыларды анықтап, оларды дамыту мақсатында олимпиадалық есептерді шығару қарастырылған.

Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.



Мақсаты:

- мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындау;

- оқушылардың ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

- оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру, әрбір оқушының қызы- ғу қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау;

- барынша баланың өзіндік тәжірибесін анықтау, жетелеу, пайда- лану.

Міндеттері:

- оқушының логикалық ойлауын дұрыс қалыптастыруда матема- тикалық ұғымдарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу;

- математикалық ұғымдарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып тақырыпқа сай тәрбиелеу;

-шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағды- ларды қалыптастыру, есептеу мәдениетін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар кеңістік денелерді, геометриялық фигураларды ажыратып, логикалық ойды дамытуға арналған білімдерді меңгереді.

  • Математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін, қабілетін дамытады.

  • Есеп құмарлыққа, жылдам ойлау, тез жауап беруге тапқырлыққа үйренеді.

  • Алған білімдерін нәтижеге жете білуге қолдануды үйренеді.

  • Өз бетімен іздену, өз бетімен тапсырмалар орындау арқылы шығармашылыққа тәрбиеленеді.

Математикадан таңдау пәнінің жылдық жоспары

Барлығы – 33 сағат, аптасына – 1 сағат



І тоқсан (9 сағат)

р/с

Тақырыптар

Сағат саны

Күні

1

Заттарды санау,салыстыру

1




2

Заттың ұзындығын өлшеу

1




3

Заттар тобын салыстыру

1




4

Заттарды ретімен санау. Нешінші ?    

1




5

Сандарды оқу,жазу.    

1




6

Сандарды салыстыру.Математикалық тақпақтар    

1




7

Тең. Артық. Кем

1




8

Өрнек және оның мәні

1




9

Геометриялық  фигуралар.    

1




ІІ тоқсан (7 сағат)

р/с

Тақырыптар

Сағат саны

Күні

1

Сандар қатары. Санамақ

1




2

10 саны.Ұзындықтың өлшем бірлігі(дм)    

1




3

Математикалық  жұмбақтар

1




4

Кестелік қосу және азайту

1




5

Тақырыпқа берілген есептер

1




6

Өрнек пен сан

1




7

Тест жұмысы

1




ІІІ тоқсан (9 сағат)

р/с

Тақырыптар

Сағат саны

Күні

1

Математикалық суретжұмбақтар

1




2

Теңдеу  шешу

1




3

Есептер шығару Математикалық  санамақтар

1




4

1-сыныпқа арн.олимпиада есептерін шығару

1




5

Тіктөртбұрыштың периметрін табу

1




6

Ұзындық өлшем бірліктері

1




7

Математикалық жаңылташтар

1




8

Уақыт  өлшем бірліктері   

1




9

Тест жұмысы.    

1




ІҮ тоқсан (8 сағат)

р/с

Тақырыптар

Сағат саны

Күні

1

Математикалық қызықты есептер

1




2

Геометриялық фигуралармен жұмыстар

1




3

Геометриялық фигураларға берілген ойындар. Эстафета, «Қай топ алда?»    

1




4

Әріптік өрнек

1




5

Олимпиада есептерін шығару.    

1




6

«Ойлан, тап!», «Кім жылдам?» Математикалық ойындар  

1




7

«Жас математиктер» сайысы    

1




8

Тест жұмысы. Қорытындылау

1




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Математика 1 сынып

Жалпы білім беретін мектептің 1 сыныбына арналған оқулық Алматы «Атамұра» 2012 жыл

  1. Математикадан 105 сабақ ( жұмыс дәптері),

1 сынып

Құраст. Н.Ә. Жаманғараева, Н.Ә. Асылбекова.



Шымкент: ЖШС «Кітап», 2010, - 108 бет

  1. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар.

1-4 сыныптар. Б.М. Қосанов, Р.Қ. Өміртаева

Алматы «Атамұра», 1998 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет