10 сынып «Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата05.12.2022
өлшемі14,98 Kb.
#161237
Байланысты:
10 сынып БЖБ №1 2-тоқсан


10 сынып
«Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.3.1.1 -Температура мен молекулалардың ілгерілемелі
қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының
байланысын сипаттау
10.3.1.2 -Идеал газ моделін сипаттау
10.3.1.3 -МКТ-ның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану
10.3.2.1 -Идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы:

  • МКТ негізгі теңдеуін түрлендіреді.

  • Идеал газға анықтама береді.

  • Ыдыс қабырғасына түсіретін қысымды анықтайды.

  • МКТ теңдеуін қолданады .

  • Идеал газ күйінің теңдеуін есептейді .

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейлері
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар



  1. А) Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын тұжырымдаңыз.

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
[1]
В) Идеал газға анықтама беріңіз
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
[1]
С) Молекуланың массасы 3 есе артса, ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы қалай
өзгереді? [1]
2. Егер 6 кг газ молекуласы 200 кПа қысымда 5 м3 көлемді алса, газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын табыңыз. [1]

  1. Азоттың орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с, ал оның тығыздығы 1,35 кг/м3 болса, қысымы қандай ? [1]

4. Идеал газдың ішкі энергиясы қандай физикалық параметрлерге тәуелді:
А) Массасына В) Температурасына С) Қысымына [1]
5. Егер оттегінің қысымы 0,2 МПа, ал молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 700 м/с –қа тең болса, оттегі молекулаларының концентрациясын табыңыз [2]
6. Сәйкестендіріңіз:

1

МКТ-ң негізгі теңдеуі

P= nkT

2

Молекула массасы

ν=m|M

3

Зат мөлшері

PV=m|M*RT

4

Молекулалар саны

m0=m|N

5

Менделеев-Клапейрон теңдеуі

N=m|m0

[2]
7. Су тамшысының массасы 1 нг. Ол қанша молекуладан тұрады? [2]

Жалпы: 12

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет