«10 сөзді жаттау» әдістемесі Мақсаты



Дата14.12.2021
өлшемі16,76 Kb.
#100621
Байланысты:
10 сөз


«10 сөзді жаттау» әдістемесі

Мақсаты: баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.

Бұл әдістеме көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекетпен шұғылдануға жинақтай алуы, оған қосымша стимулдық материалдар (ойын, көрнекіліктер) қолданбай танымдық қызметін ұйымдастыруға болатындығы анықталады.

Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады. Олар бірнеше вариантта болғаны дүрыс. Әр вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі.

Бірінші жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріспе сөзбен бастайды: «Балалар, мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын. Оларды мұқият тындап, есте сақтап қалуға тырысыңдар. Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасындар».

Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұсқау қайталанады: «Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын. Сендер ол сөздерді тағыда қайталап айтасыңдар. Бірінші қайталаған сөздеріңмен бірге қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтыңдар».

Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі:«Мен тағы да қайталаймын, ал сендер жақсылап тыңдаңдар». Бесінші рет қайталағанда: «Мен бұл сөздерді соңғы рет оқимын, сендер олардың барлығын түгел қайталауға тырысындар» — деп ескерту қажет.

Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың есте сақтауы әрбір қайталаған сайын арта береді. Баланың денсаулығы болмай жүрсе немесе психологиялық проблемасы болса есте сақтауы, керісінше, кеми береді.

Сөздер тізімін қайталап оку барасында ешқандай қосымша түсініктеме берудің қажеті жоқ. Тек қана сөздерді өте жай қайталағанда, балаларға: «тағы қандай сөздер есіңе түсті» деген сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.

Орындау уақыты 7-8 минут.

Багалау шкаласы:

Бір рет оқығанда — 5-6, бес рет қайталағанда — 8-10 сөзді қайталау — сөздерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады; Бірінші оқығанда — 3-4, бесіншіден кейін ~ 5-7 — орта; Бірінші оқығанда — 1-2, бесіншіден кейін — 3-4 — төмен; Бірінші оқығанда — 0, бесіншіден кейін — 1-2 — өте төмен.Сөздер: уақыт, нан, аспан, өсімдік, қар, май, ағаш, көрпе, киім, дала.

Осы сияқты бірнеше вариант тапсырмалар жасап алу керек

 

АНЫҚТАМА



 МДШО бар Жаңаталап орта мектебі Ұмтыл бастауыш мектебімен КММ

Мерзімі:13.11.2020

Қатысқандар саны: 4 оқушы

Тақырыбы: «10 сөзді жаттау» әдістемесі

Мақсаты: баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.
Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады. Олар бірнешевариантта болды. Әр вариантта орындауға арнайы уақыт беріледі.

Бірінші жаттығуды психолог «Балалар, мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын. Оларды мұқият тыңдап, есте сақтап іирға тырысыңдар. Мен оқып болғаннан соң сендер олардың естеріңде қалғандарын қайталап айтасыңдар».



Сөздерді Қайталау барысында 3 Сынып оқушысы Әділ Іңкәр екі сөз ді үш мәрте қайталағаннан кейін айтып берді, 4-сынып оқушысы Нұрасыл Қайрат бірнешерет қайталағаннан кейін 4 сөз есінде қалыды.ал ждаярдық тобы сыныбыннан Большов Виктор тек 1-2 сөзді мұғалім соңына атып отырды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет