№103 – 104 дәріс: Тарау бойынша есептер шығару.
Сұрақтарға қысқаша анықтамаларымен формулаларын жазып жазбаша жауап беріңіз:
1. Дененің көлемі.
2. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі
3. Тік призманың көлемі
4. Көлбеу призманың көлемі
5. Пирамиданың көлемі
6. Цилиндрдің көлемі.
7. Конустың көлемі.
8. Шардың көлемі.
9. Шар сегментінің, қабатының және сектордың көлемі.
10. Сфераның ауданы
№652 есеп. AC1=13см, BD = 12 см, ВC1=11см болса, онда тік бұрышты ABCDA1B1C1D1 AC1=13см, параллелепипедтің көлемі неге тең?
Берілгені: ABCDA1B1C1D1- тік бұрышты параллелепипед;
AC1=13см, BD = 12 см, ВC1=11см; Табу керек: V-?
Шешуі:
№656 есеп. Тік бұрышты ABCDA1B1C1D1 параллелепипедінің B1D диагоналы табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды, ал A1B1ВD екі жақты бұрышы 600. Егер параллелепипедтің табанының диагоналы 12 см болса, онда көлемі неге тең?
Берілгені: ABCDA1B1C1D1- тік бұрышты параллелепипед;
№679 есеп. Көлбеу АВСА1В1С1 призмасында табаны - катеттері АВ=7см, АС=24см болатын тік бұрышты үшбұрыш. А1 төбесі, А, В, С төбелерінен бірдей қашықтықта орналасқан және АА1 қыры табан жазықтығымен 450 жасайды. Көлбеу призманың көлемін табыңдар.
Берілгені: АВСА1В1С1 - көлбеу призма.
№696 есеп. DABC пирамидасының табаны – қабырғалары AB=20см, AC=29 см, BC=21см болатын ABC үшбұрышы. DAB және DAC жақтары табан жазықтығына перпендикуляр, ал DBC жағы табан жазықтығымен 600 бұрыш жасайды. Пирамиданың көлемін есептеп табыңдар.
Берілгені: DABC - пирамида; (DAB)(ABC); (DAC)(ABC); AB=20см, AC=29см, BC=21см;
ABD=600. Табу керек: V-?
Шешуі:
№672 есеп. Цилиндрге табанындағы тік бұрышты үшбұрыштың катеті а, оған іргелес бұрышы α болатын призма іштей сызылған. Призманың биіктігі Һ. Цилиндрдің көлемін есептеп табыңдар.
№702 есеп. Конустың биіктігі 5 см. Конус төбесінен 2 см қашықтықта табанына параллель жазықтықпен қиылған. Егер кіші конустың көлемі 24 см3 болса, бастапқы конустың көлемі неге тең?
№717 есеп. Шардың радиусы 75 см. Табанындағы шеңбердің радиусы 60см болатын шар сегментінің көлемін есептеңдер.
№722 есеп. Жер бетінің шамамен бөлігін су алып жатыр. Жердің радиусы 6375 км. Жер бетінің неше квадрат километрі құрлық болады?
Достарыңызбен бөлісу: |