Омыртқа жотасы және көкірек клеткасы



Дата24.02.2021
өлшемі1,69 Mb.
#106279
Байланысты:
Омыртқа жотасы және көкірек клеткасы
Экспертиза Жамбылова А, Биохимия, 1554392529, ИГХ САУТАХЫН АРУЖАН, тесты акуш, 9 сынып КТЖ жаңа, КТЖ 8 сынып Биология жанасы, 5 сынып Жаратылыстану КТЖ 2022-23 Гульмира-2, 10-11оқу бағдар

Омыртқа жотасы және көкірек клеткасы

Дайындаған: Эмлебаева Ғалия

Омыртқа жотасы (columna vertebralis)

Омыртқа жотасы дененің жеке бөліктері мен органдарын біріктіріп, байланыстырып тұрады. Орталық нерв жүйесінің, атап айтқанда, жұлынның тірегі және қорғанышы, сонымен бірге оған маңызды қимыл органдары мен тыныс аппараты бекиді. Адамның тік жүруінің өзі де омыртқа жотасының пішініне байланысты.


Омыртқа жотасы мойын, кеуде, бел бөлімдерін және сегізкөз бен құйымшақты ажыратады.

Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады, оның 24-і жеке, ал қалғандары біріккен немесе жалған омыртқалар болып саналады.

Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады, оның 24-і жеке, ал қалғандары біріккен немесе жалған омыртқалар болып саналады.

Жеке жатқан омыртқалар өзара омыртқа аралық шеміршектер, буындар және сіңір байламдары арқылы жалғасқан.

Жалған омыртқаларға өзара бірігіп кеткен сегізкөз және құйымшақ сүйектері жатады.

Адамның омыртқа жотасының пішіні латынның S әрпі тәрізді. Мойын және бел бөлімдері алға қарай иілген, оны лордоз деп атайды. Кеуде мен сігізкөз бөлімдері артқа қарай иілген, оны кифоз деп атайды.

Адамның омыртқа жотасының пішіні латынның S әрпі тәрізді. Мойын және бел бөлімдері алға қарай иілген, оны лордоз деп атайды. Кеуде мен сігізкөз бөлімдері артқа қарай иілген, оны кифоз деп атайды.

Омыртқа жотасы орналасу жағдайына қарай бес бөлікке бөлінеді:

  • мойын бөлігі - 7,
  • арқа бөлігі - 12,
  • бел бөлігі – 5,
  • сегізкөз бөлігі – 5,
  • құйымшақ бөлігі - 4-5.
  • Сегізкөз және құйымшақ бөліктерінің омыртқалары бірігіп, сегізкөз және құйымшақ сүйектерін түзеді.

Омыртқаның құрылысы

III бел омыртқасы

(үстінен көрінісі)

Мойын омыртқалары (cervicalis)

Мойын омыртқаларының басқа омыртқаларға қарағанда қозғалу жағдайы молырақ. Жұлын тесігі кең, пішіні үш бұрышты.

Жалпы көлемі кішкентай, арқа өсінділері қысқа, ұштары екі айырлы. Көлденең өсінділердің негізінде тесік болады. Осы ерекшеліктері арқылы мойын омыртқаларын басқа омыртқалардан ажыратуға болады.

I мойын омыртқасы – атлант.

Бұл омыртқаның тесігі үлкен болғандықтан ауыз омыртқасы деп те атайды. Денесі мен арқа өсіндісі болмайды. Оның орнына алдыңғы, артқы доғасы және бүйір бөліктері болады. Денесі II мойын омыртқаға көшіп тіс тәрізді өсінді түзеді. Бұл омыртқаның II омыртқамен және шүйде сүйегімен байланысатын буын беттері болады.

Арқа омыртқалары (thoracalis)

Мойын омыртқаларға қарағанда ірілеу. Олардың әрқайсысына қабырғалар тіркеледі. Сол себептен көлденең өсіндісі мен денесінде буын беттері болады. Екі омыртқа денесінің қосылысынан пайда болған ойысқа қабырға басы кірігіп орналасады. Сонымен бір қабырға басы көрші жатқан екі омыртқа денесімен буындасады. I-XI-XII омыртқалар денесінде бүтін ойыстар болады, оларға өз қабырғалары тікелей байланысады.

Бұл омыртқалардың арқа өсінділері ұзын әрі сәл төмен қарай бағытталған. Осының нәтижесінде көкірек омыртқаларының қимылы басқа омыртқаларға қарағанда аздау келеді.

Бел омыртқалары (lumbalis)

Салмақ көп түсетін болғандықтан күшті жетілген. Әсіресе ең соңғы омыртқа ірілеу. Көлденең өсінділері қабырға қалдығының болуына байланысты ұзындау келеді. Арқа өсінділері жалпақ, тіке артқа қарап, бір біріне параллель жатады. Сол себептен адамның бел бөлігі қозғалғыш келеді.

Сегізкөз (os sacrum)

Сегізкөздің ішінде каналы бар. Оның алдыңғы жағы мен артқы бетінде нервтер мен қан тамырлары өтетін тесіктер болады. Сол себептен сегізкөз деп атайды.Сегізкөз омыртқаларының бір бірімен бітісуі 16 жастан басталып, 30 жаста аяқталады.

Омыртқалардың бірігуі нәтижесінде пайда болған. Сырт пішіні үш бұрышты келген. Жоғарғы жағы кеңейген, V бел омыртқамен, төменгі жағы сүйірленіп, құйымшақ омыртқаларымен байланысады.. Алдыңғы бетінде көлденең 4 сызық, омыртқалардың қосылуынан қалған. 4 жұп тесігі бар,жұлынның жүйкелері шығады

Құйымшақ (os coccygis)

Омыртқалардың өсінділері жойылып, омыртқа денесі ғана сақталған 4-5 қалдық омыртқалардың бірігуі нәтижесінде пайда болады. Құйымшақ омыртқаларының бірігуі 12 жаста басталып 25 жаста аяқталады.

Көкірек клеткасы

Алдыңғы жағынан төс сүйегіне, арт жағынан көкірек омыртқаларына жалғасады. Бұл 12 жұп қабырғадан түзілген.

Көкірек клеткасының жалпы сырт пішіні конус тәріздес.

Төс сүйегі (sternum)

Жалпақ келген сүйек, ол төс тұтқасынан, денесінен, семсер тәрізді өсіндісінен тұрады.

Төс тұтқасының үстінде мойындырық ойындысы, екі жағында бұғана және I қабырғамен байланысатын ойындылары болады.

Қабырға (costae)

Жұқа иіліп келген 12 жұп сүйектен түзілген.

Қабырғалардың тікелей төске байланысатын жоғарғы 7-ін “нағыз қабырғалар” дейді, қалған 5 қабырғаны “жалған қабырғалар” дейді. VIII-IX-X қабырғалар шеміршектер арқылы өзара бірігіп барып VII қабырғаның шеміршегі арқылы төске жалғасады. Ал XI және XII қабырғалар “бос қабырғалар”.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет