Айнымалыэлектр тогы Орныққан ерiксiз тербелiстi сыйымдылығы, индуктивтiлiгi және актив кедергiсi бар тiзбектен айнымалы токтың өтуi деп қарастыруға болады, ол
U = Um cost (11.16)
айнымалы кернеуден пайда болды деп ескеремiз. Бұл ток:
I =Im cos(t - ) (11.17)
заңы бойынша өзгередi. Ток амплитудасы Um кернеу амплитудасымен, C, L, R, тiзбек параметрлерiмен анықталады:
. (11.17 а)
Ток кернеуден фаза бойынша бұрышқа қалып отырады, ол тiзбектiң параметрлерiне және жиiлiкке байланысты:
. (11.18)
0 болған жағдайда ток кернеуден озып отырады. (11.17 а) өрнектiң бөлiмi
- толық электр кедергiсi немесе
импеданс деп аталады.
Егер тiзбекте тек актив кедергi ғана болса, онда Ом заңы IR = Umcost түрін қабылдайды. Бұл жерде ток кернеумен бiр фазада болады, ток күшiнiң амплитудасы:
Im = Um / R .
Кез келген нақты тiзбекте R, C, L болады. Кейбiр жеке жағдайларда бұл параметрлердiң кейбiреулерiнiң токқа әсерiн ескермеуге болады. Мысалы, тiзбектегi R-дiң мәнiн ноль деп, ал С мәнiн шексiздiкке тең деп алуға болады. Онда (10.9), (11.18) формуладан:
, (11.19)
ал tg = екенi шығады.
ХL=L (11.20)
шамасын реактивтi индуктивтi кедергi немесе индуктивтi кедергi деп атайды. Индуктивтiкте ток кернеуден /2 -ге қалып отырады. Ендi R мен L-дi нольге тең деп алайық. Онда (11.17), (11.18) формулаларынан:
Im=UmС, (11.21)
tg = - аламыз.
Xc =1/C (11.22)
шамасын реактивтi сыйымдылық кедергi немесе сыйымдылық кедергiсi деп аталады. Тұрақты ток үшiн Хс=, одан тұрақты ток жүрмейдi. =/2 болғандықтан конденсатор арқылы жүретiн ток кернеуден /2-ге озып отырады.
Ендi R=0 десек (11.17) формула:
(11.23)
түрге енедi.
Х= L - 1 /C = XL – XС (11.24)
шамасын реактивтi кедергi немесе реактанс деп атайды.
(11.17), (11.18) формулаларды tg = Х / R, түрiнде жазуға болады. Сонымен, R және Х кедергiлердiң мәнiн үшбүрыштардың катетiнiң бойына салсақ, гипотенуза сан мәнi жағынан Z-тi бередi. Айнымалы ток тiзбегiндегi бөлiнетiн қуатты табайық. Қуаттың лездiк мәнi ток пен кернеудiң лездiк мәндерiнiң көбейтiндiсiне тең:
(11.25)
Келесi формуланы пайдаланып:
,
(11.25) өрнектi мына түрде аламыз:
(11.26 )
Iс жүзiнде Р(t) қуаттың орташа мәнi ғана бар, оны Р деп белгiлейiк.
Мұндағы cos( 2t - )-дiң орташа мәнi нольге тең болғандықтан:
. (11.27)
(11.18) формуласынан:
, (11.28)
бұл мәндi (11.26) өрнекке қойып, Um/Z =Imекенiн ескерсек,
(11.29)
өрнегiн аламыз. Осындай қуатты
(11.30)
ток күшi де бередi.
(11.30) әсерлiк ток күшi мәнi деп аталады, осыған орай
(11.31)
әсерлiк кернеу деп аталады.
Орташа қуаттың әсерлiк мәндерi арқылы өрнегi:
Р= UIcos . (11.32)
сos - қуат коэффициентi деп аталады. Техникада сos-дi мүмкiндiгiнше үлкен етуге тырысады. сos аз болса, онда қажеттi қуатты алу үшiн тiзбектен үлкен ток өткiзуге тура келедi.