ГИМН орындалады
Жүргізуші:
Спорт деген денсаулықтың кемесі,
Спорт деген асар шыңның белесі.
Спорт деген біле білсең достарым,
Жан мен тәннің, сұлулықтың төресі,-деп фестивалмен құттықтап, шарамызды ашу үшін сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрүл Исағалиқызына беріледі.
Ән.
Жүргізуші:
Спорт қалған емес қазақ қазақ болғалы,
Денсаулықтың құлпысы деп ұғынамыз ал дағы
Салауатты өмір салтын біз бен сіздер ұстанып,
Желбіреген қазақ туын көтерейік жоғары!, деп бүгінгі Дуатлон жарысының жүру барысын нақты түсіндіріп өту үшін сөз кезегін Бірлік ауылдық округі бойынша Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі маманы, «Jastar» спорт клубының әдіскері Қуанышалев Болатбек Лесқалиұлына беріледі.
Жүргізуші:
Құрметті қатысушылар, жарысымыздың өту барысы түсінікті болса, жақсы көңіл күй қалыптастыру үшін фестивалге арнап көңілді би жолдаймыз.
БИ Флешмоб 4сынып қыздары
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау – деп құрметті жарысқа қатысушылар, сіздерге сәттілік тілеп, сайыс алаңына шақырамыз!
(Жарыс алаңына барады)
Достарыңызбен бөлісу: |