Кирхгофтың бірінші ережесі түйінге арналған. Түйін деп ең аз дегенде үш өткізгіш кездесетін нүктені айтады. Түйінге келгенде ток оң таңбамен, ал түйіннен аққан ток теріс таңбамен алынады.
Бірінші ереже былай оқылады: түйінде тоғысатын токтардың алгебралық қосындысы нольге тең болады:
1-сурет
=0 (11)
1-сурет бойынша І1+І2=І3 немесе І1+І2+(-І3) =0, яғни (11) теңдеу зарядтың сақталу заңының салдары, ол бойынша өткізгіштің нүктелерінде зарядтар жинақталмауы керек, сондықтан бір өлшем уақыт аралығында нүктеге келген зарядтар, одан сол уақыт ішінде кетіп жатқан зарядтарға тең болуы тиіс.
Егер бұл шарт орындалмаса, онда түйінде зарядтардың шоғырлануы немесе азаюы керек, бұл түйіндегі потенциалдық және тізбектегі токтың өзгеруін туғызады. (11) теңдеуді N түйін үшін жазуға болады, бірақ тәуелсіз теңдеулер саны /N-1/ болады.
Достарыңызбен бөлісу: |