Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз: 1-қортынды: Қарым-қатынас және коммуникация ұғымдары бірі бірінен ажырамайтын, бір-бірін толықтыратын және өзара байланысқан, әрі айырмашылықтары бар екі түрлі процес.
Коммуникация әлеуметтік процестерге әсер ету процессі, қарым-қатынас танымдық немесе аффективті-бағалаушы сипаттағы ақпараттарды алмастыру барысында адамдардың тұлға аралық өзара әрекеттесу процесі болып табылады.
2-қортынды:Коммуникацияның модельдеріндегі ең маңызды психологиялық фактор: жіберілген хабарламаның жетуі және қабылдануы.
3-қортынды: Коммуникативті дағдылар байланысқа жеңіл түсе алуға, әңгімені жақсы жүргізе білуге, тыңдай білуге, өз көзқарасын айта білуге, аргумент келтіре алуға, өз позициясын қорғай білуге, мәмілеге (компромисске) келе алатын ептілікті дамытуға негіз болады және позитивті коммуникацияның нәтижесін қамтиды.