11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама



бет33/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Сынып

ІV-тоқсан
2022-2023

І-тоқсан
2023-2024

Айырмашылығы: -4,9%



70,5

64,2




64,7

62,5




69

68,7

-0,3



68

61,0

-7



66,6

65,3

-1,3



55,5

60,0

5



63

56,2

-6,8



55

62,5

7



71

66,6

-5



65

60,0

-5



62,5

61,0

-1,5



62,5

60,0

-2,5



56

60,0

4



62

62,5

0,5

10а

60

63,6

3,6

10б

53,3

54,0

0,7

11а

50

70,0

20

11б

66,6

57,0

-9,6

1-11

66,0

61,1

-4,9



Пәндер бойынша білім сапасы төмен сыныптар анықталды:

  1. Қазақстан тарихы, пән мұғалімі О.Зейнелғабдылов. 8 сынып, білім сапасы – 58,0%

  2. Физика, пән мұғалімі А.Тәттібекова. 8 сынып, білім сапасы – 58,0%;

11 б сынып - 57%


Ұсыныс:



  1. Білім сапасын төмен көрсеткен – 10б, 5б сыныптарын мектепішілік бақылауға қою;

  2. Физика, қазақстан тарихы пәндерін пәндік бақылауға алу;



Қысқа мерзімді жоспарлардың құрылу сапасы
туралы тақырыптық тексеру
анықтамасы
қараша, 2022 жыл
Қысқа мерзімді жоспарлардың құрылу сапасы бойынша пән мұғалімдерінің күнделікті қысқа мерзімді жоспарлары сабақ басталғанға дейін қаралып, түрлі кеңестер беріледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы негізінде пәндер бойынша күнделікті қысқа мерзімді жоспар құру кестесіне сәйкес алынады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған күнделікті сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзімді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады.
Мектеп мұғалімдерінің сабағына қатысу барысында, біріншіден Қысқа мерзімді жоспарлары қаралады. Жоспардағы оқу мақсаты мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант екенін түсіндіре отырып, оқу мақсаттары оқу бағдарламасы (ҰМЖ) негізінде құрастырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспардан алынып, күнделікті сабақта сабақ мақсатын мұғалім өзі шығарады. Сонымен қатар, күнделікті қысқа мерзімді жоспарда ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға сабақтың мақсаты көрсетілуі тиіс.
А. Саябаеваның сабақтарына қатысуда, күнделікті сабақ жоспарында оқу мақсаттары берілгенімен, сабақ мақсатын көрсетілмегені анықталды. Сабақ мақсатына сай келмейтін тапсырмалар орындатуды жоспарлағаны көрінді. Ал жас маман Зейнелғабдылов О, 1 сынып мұғалімі Қ.Байкисенова, биология пәнінің мұғалімі Смакова Р, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мустапова А сабақтарында оқу мақсаттарынан, сабақ мақсаттары айқындалып, соған дескриптор құрастырылғанын көруге болады.
Мұғалімдерге кеңестер беріліп, оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыра отырып, сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі екені түсіндірілді. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау не үйренетіндігіне болжау жасайды. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда мұғалім ҰМЖ-да оқу мақсатын қанша сағатқа жоспарланғанына сәйкес негізгі сұрақтарды оқу мақсатын толығымен немесе бір бөлігін таңдайды. Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын таңдаған дұрыс, күнтізбелік-тақырыптық жоспарда қанша мақсат көрсетілсе, бір сабақта да сонша мақсат болады. Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына айналдырылады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейді, оларды тек ықшамдауға немесе түсіндіруге болады. Сабақ мақсатын құруда барлығы, кейбір оқушылар деген сөздерді қолдану , қолданбау мұғалімнің өз еркінде. Себебі, мұғалім мақсатқа жету үшін дескриптор, тапсырманы орындау қадамдарын құрастырса болады. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді. Сонымен бірге мұнда саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс деп есептелінеді.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруда мынаны негізге алса болады:

  • сабақтың тақырыбын анықтау;

  • әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;

  • оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;

  • тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;

  • төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;

  • уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;

  • жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.

  • сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;

  • оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;

  • тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.

Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз. Әрине , саралау бойынша оқушыларға қолдау көрсетіп, әр тапсырманы орындау алгоритмін ұсынуға болады. Бұның барлығы мұғалімнің шығармашылығы мен іскерлігіне байланысты болмақ. ҚМЖ - мұғалім айнасы, мұғалім жұмысының көрінісі. Сауатты құрылған ҚМЖ сабақ нәтижесіне жетер жетістіктің іргетасы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет