11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама



бет14/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Пәндік-жинақтық бақылау
бойынша анықтама, 5б сыныбы
қараша, 2023 жыл

Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру жоспарына негізінде, мектеп директорының 20.11.2023ж №255-ө бұйрығына сәйкес, І – тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасын төмен көрсеткен 5б сыныбына
20.11.-25.11.2023ж күндері аралығында пәндік-жинақтық бақылау ұйымдастырылды.

5 б сыныбында 16 оқушы бар, оның 9-ы қыз бала. Сынып жетекшісі А.Ибраева.


Сынып оқушыларының 5 сыныпқа бейімделуі, сабаққа қызығушылықтарын бақылау мақсатында мектеп әкімшілігі 11 сабаққа қатысқан. Сабаққа қатысу барысында оқушылардың сабаққа қатысуы, пәнге деген қызығушылықтары төмен екендігі анықталды. Сабақ үстіндегі белсенділіктері орташа қалыптасқан.


Математика сабағы, пән мұғалімі А.Ерсаин
7,21,23 қараша күндері мектеп әкімшілігі тарапынан сабаққа қатысу болды.
Жалпы сынып оқушыларының сабаққа қатысу белсенділіктері төмен. Мұғалім әр балаға жеке көңіл бөлгенімен, сабақта белсенді оқыту тәсідерін қолданбайды. Оқушылар есептерді шығарғанымен, ауызша шығарылу жолын түсіндірмейді. Математикалық терминдермен сөйлемейді. Бөлшек сандарды қате оқиды, мұғалім тарапынан түзету жоқ. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасалмады, Әділғазы Ә,Шедімбай М, Айтхан А. 5 сынып оқушыларының бейімделуі орташа деңгейде. Балалар берілген тапсырма дұрыс болсын, бұрыс болсын, тексертуге мұғалімнің қасына барып алады. Тақтаға шыққан баланың тапсырманы дұрыс орындады ма оған мұғалім көңіл бөлмейді. Әр сабақта формативті бағалау жүргізілмеді. Сабақ барысында оқушылар тақтаға 2-3 есеп шығарумен ғана шектеледі, күнделікті сабақтың дәстүрлі түде өткізілуі.

Жіберілген кемшіліктер:



  1. Оқушылардың 5 сыныпқа бейімделуінің орташа деңгейде

  2. Оқушылардың үй тапсырмасын орындамауы

  3. Берілген тапсырманы тек мұғалім көмегімен орындаулары;

  4. Сабақтың мақсатына қарай тапсырманың берілмеуі.

  5. Сабақта оқушылардың қызығушылығын тудыруда белсенді әдіс-тәсілдерді, ресурстарды қолданбау

  6. Формативті бағалаудың дұрыс жүргізілмеуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет