11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама



бет16/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Пәндік-жинақтық бақылау
бойынша анықтама, 10б сыныбы
қараша, 2023 жыл

Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру жоспарына негізінде, мектеп директорының 06.11.2023ж №244-ө бұйрығына сәйкес, І – тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасын төмен көрсеткен 10б сыныбына 07.11.-29.11.2023ж күндері аралығында пәндік-жинақтық бақылау ұйымдастырылды.
Негізгі орта білім беру деңгейін аяқтаған оқушылар, жалпы орта білім беру деңгейіне көшті. Бұл оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
10б сынып оқушылары жаратылыстану-математикалық бағытында оқытылады.


Жаратылыстану-математикалық бағытта:

  1. Инварианттық компонент - 28 сағат+6 сағат, барлығы 34 сағат.

  2. Инвариаттық компоненттен таңдау пәндері: 3 сағат,

«Химия пәнінен есептер шығару жолдары» - 2 сағат, К.Шарипова;
1 сағат-«Өсімдіктер физиологиясы», М.Нугманова

  1. Элективті курстар – Жаһандық құзыреттілік - 1 сағат.

Спорттық ойынға 1 сағат бөлінген, А.Джакаев жүргізеді, ІІ-кезек сабақ кестесіне қойылған.

Сынып оқушыларының бағыт бойынша бейімделуі, сабаққа қызығушылықтарын байқау мақсатында мектеп әкімшілігі 10 сабаққа қатысқан. Сабаққа қатысу барысында оқушылардың сабаққа қатысуы, пәнге деген қызығушылықтары төмен екендігі анықталды. Сабақ үстіндегі белсенділіктері орташа қалыптасқан. Болашақ мамандықты игеру мақсатында бағыт бойынша бөлінгендіктен, психолог тарапынан оқушылардан сауалнама алынды.


Атап айтқанда:
8, 10 қараша, Алгебра сабағы, пән мұғалімі Г.Самарханова
Өткен білімді еске түсіруде Қабытай Д, Мұхаметхан А.Зұлқарнай тақтаға шығып берілген мұғалім көмегімен есепті формула бойынша шығарды. Жалпы сынып оқушылары үй тапсырмасын орындамай келгені анықталды. Жаңа сабақ барысында пән мұғалімі түсіндіріп, бірнеше тапсырманы орындатқанымен, жалпы сынып оқушылары мұғалім көмегімен ғана тапсырманы орындайтыны көрінді. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жасалды, бірақ тапсырманы толық орындай алмады. Формативті бағалау нақты жүргізілмеді, көтермеушілік болды.
Жіберілген кемшіліктер:

  1. Оқушылардың үй тапсырмасын орындамауы

  2. Берілген тапсырманы тек мұғалім көмегімен орындаулары;

  3. Сабақтың мақсатына қарай тапсырманың берілмеуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет