11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама



бет66/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Мектеп психологы, Көпесбаева Г.С
Үйден оқитын оқушы – Сулейман Бектас Абайұлы ОПМПК қорытындысы бойынша Пограничная интелектуальная недостаточность. ОНР -3 уровня. Бектаспен 6-ші сыныптың жетістіктер картасы арқылы диагностика жүргізу барысында оқушы өзі, отбасы туралы толық ақпарат бере алады, бірақ өте баяу ойланады. Қоршаған орта туралы білімі жас ерекшелігіне сай емес. Эмоционалды сөйлеу тілін тексеру барысында Бектастың сөздік қоры аз. ПМПК қорытындысында да сөйлеудің жалпы дамымауының 3-ші деңгейі деп берілген. Сурет бойынша әңгіме құрастыру барысында барлығын сурет бойынша әңгімелеп беруге тырысты, бірақ күнделікті қолданыстағы сөздер. Жазу дағдысын тексеру барысында әріптерді біледі, берілген мәтінді жақсы көшіріп берді. Бірақ өздігінен әңгіме құрастыруда қиындықтар бар. Оқу бағдарламасы бойынша оқу дағдысына келетін болсам, мәтінді қобалжып оқып берді. Тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айтуда ұзақ ойланады. Оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама/тірек сөздерді пайдаланып эссе жаза алмайды. Оқыған сөзінің көп мағынасын өзі түсінбеді. Еркін шығармашылық әңгіме еркін тақырыпта әңгімені ұстаздың көмегімен орындайды. Қарапайым математикалық дағдысыда дұрыс қалыптаспаған.(қосу, азайту) деген. Көбейту, бөлу есебін шығару барысында қиналады, ұзақ ойланады, баяу орындайды. Аз, көп ұғымы қалыптасқан. Қарама – қайшы сөздерді ажыратады. Дауысты, дауыссыз дыбыстар, олардың әріптік таңбаларын ажыратуда кезінде шатасады. Заттың атын білетін сөздерді түсінеді. Сұрақты аяғына дейін тыңдайды, бірақ сұрақтың мағынасын аса толық түсінбейді. Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізуде ұзақ ойланады. Жалпы оқушының қабылдау қабілеті, оқу бағдарламасын меңгеруде біршама қиындықтар бар екені анықталды.Бектас үйге берілген тапсырмаларды орындамайды, ауызша берілген сұрақтарға жауап бере алмайды. Көбейту кестесін білмейді. Жазу коллиграфиясы нашар, кітаптан берілген тапсырманы көшіріп жаза алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет