11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама


Қысқа мерзімді жоспарлардың құрылу сапасы



бет68/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Қысқа мерзімді жоспарлардың құрылу сапасы
туралы тақырыптық тексеру
анықтамасы
«атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 09.01-16.01.23 күндері аралығында пән мұғалімдерінің қысқа меззімді жоспарларының сапалы, талапқа сай құрылуын бақылау мақсатында тақырыптық бақылау жүргізілді. Күнделікті пән мұғалімдерінің қмж-ларының талапқа сай жазылуы тексеріліп, кері байланыс берілді
Қысқа мерзімді жоспарлардың құрылу сапасы бойынша пән мұғалімдерінің күнделікті қысқа мерзімді жоспарлары сабақ басталғанға дейін қаралып, түрлі кеңестер беріледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы негізінде пәндер бойынша күнделікті қысқа мерзімді жоспар құру кестесіне сәйкес алынады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған күнделікті сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзімді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады.
Мектеп мұғалімдерінің сабағына қатысу барысында, біріншіден Қысқа мерзімді жоспарлары қаралады. Жоспардағы оқу мақсаты мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант екенін түсіндіре отырып, оқу мақсаттары оқу бағдарламасы (ҰМЖ) негізінде құрастырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспардан алынып, күнделікті сабақта сабақ мақсатын мұғалім өзі шығарады. Сонымен қатар, күнделікті қысқа мерзімді жоспарда ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға сабақтың мақсаты көрсетілуі тиіс.
Бақылау барысында анықталғаны,
Көркем еңбек пәні мұғалімі Жанысбаев М- қысқа мерзімді жоспары күнтізбелік –тақырыптық жоспарға сәйкес келеді. Сабақ мақсаты оқу мақсатымен сәйкес келеді. Қмж 382 бұйрыққа сәйкес жасалған. Қысқа мерзімді жоспар көптеген түзетулерді қажет етеді. Жаңа тақырып түсіндірілмеген. Тапсырма берілмеген. Топта 5-6 оқушы бар алайда қысқа мерзімді жоспарды 3 топқа бөліп қойған. 5 бала топқа бөліне ма деген сұрақ туындайды. Сабақ жоспарында әдіс-тәсілдер қолданылмаған, пайдаланылған әдістер мақсатқа сай емес.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Абдельданова А- қысқа мерзімді жоспары 382 ші бұйрыққа сәйкес жасалған. Тапсырмалар нақты сабақ мақсатына сәйкес жасалған. Тапсырмаларға сәйкес критерий , дескрипторлар ұсынылған, бағалау жүйелі жүргізілген.
Асемова Г- қысқа мерзімді жоспары күнтізбелік –тақырыптық жоспарға сәйкес келеді. Сабақ мақсаты оқу мақсатымен сәйкес келеді. Тапсырмаларға сәйкес критерий, дескрипторлар ұсынылған.
Орыс тілі пәні мұғалімі Абдельданова Ж- қысқа мерзімді жоспары 382 ші бұйрыққа сәйкес жасалған. Тапсырмалар нақты сабақ мақсатына сәйкес жасалған. Сабақ мақсаты оқу мақсатымен сәйкес келеді. Сабақтың мақсатына жету үшін тапсырмалары толықтыруды қажет етеді.
Даулетханова У - оқу мақсаттары дұрыс емес. Психологиялық ахуал (қол шапалақтау) жас ерекшелігіне сәйкес келмейді. *** белгісі көрсетілген. Ол нені білдіреді??? Бағалауды жүйелі жүргізу керек. Дескриптор ұсынылған алайда қай тапсырмаға берілгені белгісіз.
Бастауыш сынып мұғалімі Сембаева Ж- оқу мақсатына сабақ мақсаты сәйкес келеді. Тапсырмалар сабақ мақсатына сәйкес келеді. Бағалау жүйелі жүргізілген. Сабақта белсенді әдістер қолданылған бірақ түрлендіруді қажет етеді.
Алтынбекова Н- қысқа мерзімді жоспары 382 ші бұйрыққа сәйкес жасалған. Тапсырмалар нақты сабақ мақсатына сәйкес жасалған. Тапсырмаларға сәйкес критерий , дескрипторлар ұсынылған, бағалау жүйелі жүргізілген.
Козыбаева Ш- Сабақ жоспары талапқа сай жасалған. Мақсатқа сәйкес тапсырмалар ұсынылған. Тапсырмаларға критерий , дескрпитор берілген. Бағалау нақты көрсетілген. Алайда сабақ жоспарында ФЦ, МТ белгілері көрсетілген, ол нені білдіретіні белгісіз.
Қазақ тілі пәні бойынша Дарқанова А-сабақ мақсаты оқу мақсатына сәйкес келеді. Сабақтың барлық кезеңдері орынымен сақталған. Сабақ мақсатына сәйкес тапсырмалар берілген, бағалау жүйелі жүргізілген.
Нурмуханова С- тапсырмалар сабақ мақсатына негізделіп жасалған, бағалау жүйелі жүргізілген. Сабақ мақсаты оқу мақсатына сәйкес келеді.
Информатика пәні мұғалімі Байжукенова А- сабақ мақсаты дұрыс емес. Тапсырмалар мақсатқа байланысты емес. Сабақта пайдаланылатын әдістерді түрлендіру қажет. Сабақта АКТ пайдалану
Салкеева Ш- сабақ мақсаты оқу мақсатына негізделіп жасалған. Тапсырмалар мақсатқа жетуге бағытталған. Бағалау жүйелі жүргізілген. Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдер қолданылған.
Тарих пәні мұғалімі Ақжолова М- сабақ жоспары талапқа сай құрылған. Белсенді әдістер пайдаланылған және олар сабақ мақсатына жетуде ұтымды алынған. Тапсырмалар нақты және түсінікті ұсынылған

Мұғалімдерге кеңестер беріліп, оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыра отырып, сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі екені түсіндірілді. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау не үйренетіндігіне болжау жасайды. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда мұғалім ҰМЖ-да оқу мақсатын қанша сағатқа жоспарланғанына сәйкес негізгі сұрақтарды оқу мақсатын толығымен немесе бір бөлігін таңдайды. Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын таңдаған дұрыс, күнтізбелік-тақырыптық жоспарда қанша мақсат көрсетілсе, бір сабақта да сонша мақсат болады. Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына айналдырылады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейді, оларды тек ықшамдауға немесе түсіндіруге болады. Сабақ мақсатын құруда барлығы, кейбір оқушылар деген сөздерді қолдану , қолданбау мұғалімнің өз еркінде. Себебі, мұғалім мақсатқа жету үшін дескриптор, тапсырманы орындау қадамдарын құрастырса болады. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді. Сонымен бірге мұнда саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс деп есептелінеді.


Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруда мынаны негізге алса болады:

  • сабақтың тақырыбын анықтау;

  • әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;

  • оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;

  • тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;

  • төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;

  • уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;

  • жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.

  • сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;

  • оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;

  • тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.

Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз. Әрине , саралау бойынша оқушыларға қолдау көрсетіп, әр тапсырманы орындау алгоритмін ұсынуға болады. Бұның барлығы мұғалімнің шығармашылығы мен іскерлігіне байланысты болмақ. ҚМЖ - мұғалім айнасы, мұғалім жұмысының көрінісі. Сауатты құрылған ҚМЖ сабақ нәтижесіне жетер жетістіктің іргетасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет