11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама



бет71/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Орыс тілі, Смагулова А.Р: ТЖБ нәтижелерін талдауда оқушылардың білім деңгейін, мақсатты меңгерген оқушыларды көрсете отырып, қиындық тудырған оқу мақсаттарын алған. Пән мұғалімі ТЖБ талдауын толық жазған.

  • Қиындық туғызған мақсаттар көрсетілген

  • Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларды туындаған қиындықтар тізбесі нақты көрсетілген

  • Себептері анықталған

  • Жоспарланған жұмыстар тізбесі қиындық туғызған мақсатқа сай алынған.

Орыс тілі, Даулетханова У.Р: ТЖБ нәтижелерін талдауда оқушылардың білім деңгейін, мақсатты меңгерген оқушыларды көрсете отырып, қиындық тудырған оқу мақсаттарын алған.
Тоқсандық жиынтық бағалауда 7 тапсырма берілген, пән мұғалімі оқушылар оырндаған әр тапсырмаға жеке балдары анықталмаған, соңында 7 тапсырмадан алған балы қойылған.

  • Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларды туындаған қиындықтар тізбесі нақты көрсетілген.

  • Себептері нақты анықталмаған

  • Жоспарланған жұмысты толықтыру қажет етеді.

Кемшіліктер:

  • Пән мұғалімінің тапсырмаларды орындауда қиындық тудырған мақсаттарға дұрыс назармауы, /қиындық тудырған мақсатты қайта жаза салу/

  • қиындық тудыру себептері не, яғни себептерін нақтыламау

  • Жоспарланған жұмыстар тізбесін, оқушылармен қандай түзету жұмыстарын жүргізуді нақты жоспарламау

  • Оқушы орындаған тоқсандық жұмыстарда әр тапсырманының орындалғанын тексеріп, бағаламау



Ұсыныстар:
1. Пән мұғалімінің тапсырмаларды орындауда қиындық тудырған мақсаттарға назар аудару
2. Қиындық тудырған себептерін анықтау
3. Жоспарлағн жұмыстар тізбесін нақты көрсету

2021жылдың 8-19 қараша аралығында 5-сыныптың негізгі пәндерінің жүргізілуі және білім сапасын бақылау мақсатында өткізілетін тақырыптық бақылаудың анықтамасы


«Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 2021жылдың 8-19 қараша аралығында 5-сыныптың негізгі пәндерінің жүргізілуі және білім сапасын бақылау мақсатында өткізілетін тақырыптық бақылау жүргізілді
5 сыныпта барлығы 12 оқушы, 4 ұл, 8 қыз бала . сыныпта 2 оқу озаты бар: Ахметжан Ақниет, Мәсім Айзере. Оқу екпіндісі – 4, Махамадияр Айым,
Қанат Аида ,Тлеутай Алишер, Қасымжан Жұлдыз.
Сыныптың білім сапасы – 50 %.
Жалпы сынып оқушыларының интелектуалдық деңгейі, сабаққа қызығушылық деңгейі жақсы, тәртіп жағынан жақсы. Оқушылар өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі-бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңі. Біріншіден бастауыш сыныпта бірнеше жыл бойы бір мұғалімнен ғана білім алып қалыптасып қалған оқушыларға бұл кезеңге психологиялық жағынан өту қиындық туғызса, екінші жағынан оқу бағдарламасына жаңа пәндердің енгізілуі де оқушыға әсер етеді. Оқушылар жеке бас ерекшелігі мен даму психологиясына, қабілетіне орай бейімделу процесі әр түрлі жағдайда өтеді, сондықтан ұжым алдында 5 сыныптың орта буынға көшкен кездегі қиындықтарды бірге шешіп, оқушылдардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету міндеті тұр.
Бақылау барысында барлық негізгі пәндер бойынша сабақтарға қатысық. Оқу жылының басындағы кіріс бақылау жұмыстарының нәтижелері талқыланды. Негізгі пәндердің дәптерлері, оқушылар жұмыстары , бжб, тжб жұмыстарының талдаулары тексерілді. Оқушылрдың күнделікті толтыруы, күнделікті үй тапсырмасын жазуы және оның орындалуы қадағаланды. 5 сыныптаға пәндер бойынша бейімділік деңгейлеріне диагностика жасалды. Мектеп психологы тарапынан оқушылардың мотивация деңгейлерін зерттеу, ойлау процестерінің даму деңгейін зерттеу, есте сақтау деігейлерін зерттеу шаралары ұйымдастырылды.
Бақылау барысында 12 сабаққа қатысылды. Сабаққа қатысу барысында оқушылрадың пәнге қызығушіліғі, белсенділігі, үй тапсырмаларын орындауы және мұғалімнің сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерін қоладнуы, жеке оқушылармен жұмыс жасауы, тапсырмалар беруде оқушылардың жас ерекшелігін ескеруі қадағаланды . оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында көрнекті құралдар, АКТ-мен жұмыс сияқты жұмыстар жүргізу ұсынылды.
Бастауыш сыныпта үздік болған 5 сынып оқушылары математика пәні бойынша бұл жердегі 20 баллды қорғай алмады. Оқушылар жаңа бағдарламаны дұрыс қабылдау үшін математика сабақтарында оқыту әдісін дұрыс таңдау – ең басты мақсаттардың бірі. Пән мұғалімдері сабақтарында сөздік құзыреттілікті дамыту үшін мынадай әдіс-тәсілдерді қолданып, жұмыс жүргізуде: сұрақ-жауап, көрнекілік, кітаппен жұмыс, аудио-бейне тәсілдері, интерактивті әдістерді көптеп түрлендіріп қолдану қажет. Жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық оқыту технологиясының маңызы зор. Бұл дәстүрлі әдістерге қарағанда оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді, алайда 5 сынып оқушылары өз ойларын айқын айтуға үйренбеген, топтық, ұжымдық жұмыс жүргізуге дағдыландыру қажет. Кездесетін қиындықтар негізінен: оқушылардың өз ойларын тез, жүйелі ауызша-жазбаша жеткізуге дағдыланбауы, оқулықта жоспардағы кейбір тақырыптардың бағдарламаға сәйкес келмеуі деп түсіндірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет