1. Еңбекті қорғау және практиканы ұйымдастыру, өткізу бойынша нұсқаулық. Лагерьдің нормативтік-құқықтық базасымен және отряд вожатыйының функционалдық міндеттерімен танысу



Дата25.01.2022
өлшемі14,92 Kb.
#114638
түріСабақ
Байланысты:
№1 тапсырма
оооз, қысқа мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, Силабус Test, Есеп ТЖБ, 27.04.20, 27.04.20, 83fe017eaff367daa5b740e4ef4953d1 (3), 83fe017eaff367daa5b740e4ef4953d1 (3), тест, шт практикум, шт практикум, тест, Документ (5)

1. Еңбекті қорғау және практиканы ұйымдастыру, өткізу бойынша нұсқаулық. Лагерьдің нормативтік-құқықтық базасымен және отряд вожатыйының функционалдық міндеттерімен танысу

Жаз айлары – балалар үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс –балалардың жалпы физиологиялық,сана–сезімдік,дүниетанымдық тұрғыда даму,жетілу кезеңі.
Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.

Жазғы демалысты ұйымдастырудағы тәрбиелік бағыттар бағдарламасы:

-спорттық және сауықтыру мәдениетін толыққанды еркін демалу арқылы қалыптастыру;

-өлкетану, патриоттық,шығармашылық, ой-өрісті дамыту мәдениетін қалыптастыру;

-бос уақытты тиімді еңбекпен ұштастыруға, өзін-өзі жеке өмірге дайындау мәдениетін қалыптастыру;



Жазғы лагерьдің мақсаты:

- балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен үшін қажетті жағдайлар жасау;

-жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының,дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау;

-балалардың денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті -жағдайлардықаматамасыз ету.



Жазғы лагерьдің міндеттері:

-олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

-азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;

-ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, спортта, туризм мен өлкетануда, басқада таным әрекеттерінде білімін дамыту.



Негізгі принциптері:

-балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін, құқығын сақтау;

-жеке қызығушылықтарын сақтап, жеке тұлға ретінде баланы дамыту;

-жеке басының қиыншылықтарын шешуге және өзге балалармен тіл табыса білуге үйрету;

-өзін-өзі басқару ұйымы мен педагогикалық басқару тәсілдерінің сәйкестігі;

-ұжымның өзіндік жұмыс жасау мүмкіндіктерінің құқығы болуы.



Аға тәлімгер –балаға жан-жақты тәлім беруші. Тәлім жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді.

Аға тәлімгер төмендегідей міндеттерді орындайды:

1.1. Оқушылардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері жұмыстарының дамуына ықпал етеді; балалар мен жеткіншектердің инициативасы, қызығушылығына және қажеттілігі бойынша жұмыс атқарады, олардың бағдарламаларын жасауға көмектеседі;

1.2. Оқушылардың жас ерекшелігінің қызығушылығына және өмір талабына сай ұжымдық шығармашылық жұмыстар ұйымдастырады, қоғамдық ұйым, бірлестіктер жұмыстарының формасы мен мазмұнын жаңартуға ықпал етеді. . Балалар мен жеткіншектердің бірлестіктер мен ұйымдардың жұмысымен кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды;

1.4. Өзі өткізетін жұмыстардың тақырыбы бойынша мектепті безендіруді ұйымдастырады;

1.5. Оқушылар бос уақытында азаматтық және адамгершілік позициясын көрсету үшін, өзінің қызығушылығы мен қажеттілігін жүзеге асыру үшін, бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін мектепте жағдай жасайды;

Күтетін нәтиже:

- өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беру;


- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеру;
- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғыну;
- туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беру;
- азаматтық - елжандылық сананы қалыптастыру;

Жазғы лагерь жұмысының орындаудағы шарттар:

1.Нормативтік құжаттар:

1.1.Жаз айларында балалардың бос уақытын ұйымдастырудың бағдарламасы.

1.2.Жазғы лагерьдің ішкі тәртіп ережесі.



1.3.Жазғы лагерьдің күн тәртібі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет