Саяси жүйе ұғымы, мəні, құрылымы Саяси жүйелердің қызметтері жəне типологиясы Саяси тəртіп билікті жүзеге асыру əдісі ретінде



бет1/3
Дата02.02.2022
өлшемі20,62 Kb.
#116989
  1   2   3
Байланысты:
2 лекц
15a2d939-3824-4627-93ed-5a678f50bf36 (2), ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, Кунделик Апилова, бух есеп, 4 Дәріс кешені, УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ КАДАСТРОВАЯ ОЦЕНКА И ЗОНИРОВАНИЕ ЗЕМЕЛЬ (1), лекция 1, Силабус, ИС 342 силабус, Спутниктік байланыс және навигация жүйелері, Практикум по гидравлике, Шаршеналиев диплом, Дип.-Арысқұм-мұнай-кенінің-бұрғылау-қондырғысының-жаңартылған-қосалқы-элементтерін-электр-энерги

2 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ

2.1 Саяси жүйе ұғымы, мəні, құрылымы 2.2 Саяси жүйелердің қызметтері жəне типологиясы 2.3 Саяси тəртіп билікті жүзеге асыру əдісі ретінде

2.1 Саяси жүйе ұғымы, мəні, құрылымы

Саяси жүйелер теориясы ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдарында пайда болды. Осы теорияның негізін қалағандар болып американдық саясаттанушылаар Д. Истон мен Г. Алмонд табылады. Д. Истон. «Саяси жүйелер» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» (1965) еңбектерінде саяси жүйелер теориясының негізін қалады. Оның түсіндіруінше, саяси жүйе сырттан келетін əсерге жауап беретін, дамушы жəне өзін өзі реттеп отыратын ағзаға ұқсас. Бұл жүйе бір бүтінді түзетін көптеген бөлшектерден тұрады, оны қоршаған ортадан бөліп тұратын белгілі бір шекаралары болады. Г. Алмонд «Салыстырмалы саяси жүйелер» атты мақаласында (1956) саяси жүйе мемлекеттікпен қатар мемлекеттік емес саяси мінез-құлықтың алуан түрлілігін білдіреді, оларды талдау негізінде екі деңгей - институционалды жəне бағдарлаушы - бөлініп шығады. Институционалды қоғамның саяси институттарын зерттеуге, ал бағдарлаушы шынайы саяси құрылымды, саяси мəдениетті зерттеуге баса назар аударады. Қазіргі заманғы саясаттануда саяси жүйе ұғымы екі мəнге ие: а) саяси жүйе түрлі саяси феномендердің қасиеттерінанықтауға, сипаттауға көмектесетін теориялық, ойлау құралы ретінде түсіндіріледі. Осы тұрғыда бұл категория саясишынайылықтың өзін көрсетпейді, саясатты жүйелік талдау құралы болып табылады (партиялар, мемлекет, саяси мəдениет жəне т.б.); б) саяси жүйе — ол қоғамдағы биліктің қалыптасуы менқызмет етуінің шынайы күрделі механизмі. Бұл механизм мемлекеттен, партиялардан, саяси бірлестіктерден, БАҚ, электораттан жəне т.б. тұрады. Осылайша, қоғамның саяси жүйесі - ол нақты қоғамдағы саяси тəртіптің тарихи дəстүрлері мен ұстанымдарына, саяси, əлеуметтік, құқықтық, идеологиялық, мəдени нормалардың ережелеріне бағынатын, қоғамның саяси ұйымдарының қағидаларының, процестерінің, саяси институттардың, саяси рөлдердің, қатынастардың бүтін, ретке келтірілген жиынтығы. «Саяси ұйым» жəне «саяси жүйе» ұғымдарының арақатынасы туралы. Кейбір əдебиеттерде аталған ұғымдар синонимдер ретінде қарастырылады. Бірақ айырмашылықтары бар. Қоғамның саяси ұйымы дегеніміз саяси институттар мен саяси құқықтық нормалардың жиынтығы. Саяси ұйым жетекші, биліктік ұйымдастырушы құрылым ретінде түсіндіріледі. «Саяси жүйе» категориясы «саяси ұйым» ұғымынан кеңірек, себебі саяси жүйе саяси ұйыммен қатар өзіне саяси сана, мəдениет, коммуникация, саясатқа қатысу сияқты құрылымдық элементтерді қосады. Қоғамның жүйешелері (ішкі жүйелері).



Саяси жүйенің құрылымы мыналардан тұрады: а) барлық саяси жүйенің қаңқасын, материалдық негізін, оның биліктік басқару құрылымын түзетін саяси институттардан; б) қоғамдағы саяси қатынастарды реттейтін саяси нормалардан; в) саяси жүйенің элементтерінің арасындағы тік жəне көлденең байланыстардың негізі болатын саяси қатынастардан; г) саяси жүйенің қалған бөліктерін жасау мен өндіру процесін орталықтандыратын саяси санаға; д) жүйенің дамуындағы құндылықты басымдықтарды анықтайтын жəне жүзеге асыратын саяси мəдениеттен; е) сəйкес ақпаратты тарататын саяси коммуникациядан; ж) саяси жүйені қолдау немесе оппозицияның белгілі бір дəрежесін көрсететін саясатқа қатысу; Саяси нормалардың рөлі. Формальді нормативті жүйелердің ішінде жетекші орынды мемлекеттің нормативті жүйесі-құқық иеленеді. Құқық саяси партиялар мен басқа да саяси ұйымдар, кəсіби одақтар, жастар ұйымдары жəне т.б. жасаған саяси нормативтік жүйемен бірге қызметін жүзеге асырады. Бұл жерде ерекше рөлді басқарушы партиялардың саяси нормативтік жүйелері атқарады. Себебі оларға нормативті актілер формасында қабылданған мемлекеттік органдардың шешімдері сүйенеді. Саяси нормалар жоғарыда аталған ұйымдардың жарғыларында, олардың бағдарламаларында, декларацияларында жəне т.б. көрінеді. Демократиялық мемлекеттерде саяси нормативтік жүйе заң шығарушы биліктің жоғарғы органдарының депутаттарының мінез-құлықтарының негізінде жататындықтан, конституциялық нормаларға қажетті толықтырулар ретінде көрінеді. Саяси жүйені құрылымдық құраушыларын зерттеудегі барлық келтірілген тəсілдер негізінде мынадай қорытындыға келеміз: қоғамның саяси жүйесі - ол бүтін, күрделі, ықтимал жəне ашық жүйе.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет