12- лекция. Басшылық: билік, ықпал ету және әріптестік. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі


Демократиялық басқарушылық - биліктің бөлінуі мен жұмысшылардың басқару ісіне қатысуымен сипатталады, яғни жауапкершілік жинақталмай таратылады



бет18/18
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#90041
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Демократиялық басқарушылық - биліктің бөлінуі мен жұмысшылардың басқару ісіне қатысуымен сипатталады, яғни жауапкершілік жинақталмай таратылады.

Либералдық басқарушылық – басқарушының неғұрлым сирек қатысуымен сипатталады, ал топтың өзіндік шешім қабылдауға толық еркі бар, оларды төмендегідей айырады:


Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар
Адамға көңіл бөлетін басшылар

Біріншісі жобалау мақсатының қамын ойлап, сыйақы арқылы еңбек өнімділігін көтеру жүйесін ойластырады.

Адамға көңіл бөлетін басшының алғашқы міндеті - адамдар болып табылады. Ол еңбек өнімділігін көтеруге, адамдардың арасындағы қарым – қатынасты жетілдіру жолына көп көңіл бөледі.

Адамға көңіл бөлетін басшы - өзара көмекке сүйенеді, жұмысшылардың шешім қабылдауына, қатысуына толықтай мүмкіндік береді. Осы типті басшылары ұсақ түйек қамқорлықтан қашқалақтап, бөлімшелерге жоғары деңгейлі еңбек өнімділігін орнатып, бағынушылардың қажеттілігі мен санасады.

Кейбір басшылар бір уақытта адамға да, жұмысқа да көңіл бөледі. Лайкерт лидерлік стилдің төрт базалық жүйесін ұсынды. Осы жүйелер басшылардың тәртібін жіктеуге көмектеседі.

Бірінші жүйенің басшылары – қанаушы автолитарлы басшылар.

Екінші жүйенің басшылары – игілікті – автолитарлы.

Бұл екі жүйенің басшылары бағынушыларына авторитарлы қатынасты қолдануы мүмкін, оларға шешім қабылдауға қатысуына рұқсат етіліді, бірақ шектелген жағдайларға. Сыйақы беру арқылы немесе жазалау арқылы мотивация пайда болады.

Үшінші жүйенің басқарушылары – консультативті деп аталады. Олар бағынушыларға едәуір сенімділік білдіргенімен, толықтай сенбейді. Маңызды шешімдерді жоғарғы жақта қабылдайды, ол көптеген шешімдер бағынушылармен қабылданады.

Төртінші жүйе - қолданбалы деп аталады. Бұл басшылар толығымен бағынушыларға сенеді. Басқарушымен бағынушының арасындағы өзара қарым – қатынас өзара сенімді және ресми.

Бірақ Лайкерттің қорытындысын барлық жағдайға қолдануға болмайды.

Огайо университетінің біртоп ғалымдары басшылар тәртібін екі параметрмен жіктеу жүйесінің зерттеді:

- құрылым – бұл басшының топтар қызметін ұйымдастырып, жоспарлап және топпен өзара қарым –қатнасын, тәртібін түсіндіреді;

- бағынушыға көңіл бөлу - адамдарға әсер етуді, ең жоғарғы деңгейдегі қажеттілікті қамтамасыз ете білуді, өзара қарым-қатнасты сенімділік негізін құруды және де басқарушы мен бағынушының арасында құрметтілікті, жылулық пен байланыс тәртібін түсіндіреді.

Нәтіжелі лидерлікке – жағдайлық тәсілдер. Басқарушылық нәтіжелігін феноменін ертерек түсіндіру әрекеті басқарушының тәртібінің бір параметріне көңіл бөледі, яғни қойылған міндетке бейімделе білу. Ал өте кеш зерттелген жұмыстар басшының тәртібіне көңіл бөлуді қарастырған, бірақ басқадай айнымалыларды ескермеген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет