1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән бойынша жалпы мәліметтер
Хусайынова Н.Т., доцент м.а.
«Экология және қоршаған ортаны қоргау» кафедрасы
Байланыс ақпараты –тел.: 63-31-93 № 8 оқу ғимараты,
Кредит саны – 3
1.2 Пәннің қысқаша түсініктемесі:
Аграрлық экология — қолданбалы экологияның бір бөлімі, ауыл шаруашылығы экологиясы. Аграрлық экология мәдени өсімдіктердің түсіміне абиоталық және биоталық орта факторларының әсерін,сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін мекендейтін организмдер қауымының құрылымы мен қозғалысын, өсірілетін өсімдіктердің тіршілігіне агробиоценоздардың тигізетін әсерін зерттейді.
1.3 Пәнді оқыту мақсаты:
«Аграрлық экология» пәні магистранттарға биосфераның ауыл шаруашылығымен ластануын, тірі ағзалардың агроценозда қоректену ортасын, экологиялық дағдарыстың ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, қазіргі агросфераны сақтаудың әдістері мен жолдаын оқыту.
1.4 Пәннің негізгі міндеттері:
Пәнді оқып білудегі негізгі міндет-өзінің білімін тереңдету, ойлау қабілетін дамыту, теориялық және профессионалдық деңгейлерін жоғарлату мақсатында, жан-жақты дамыған білікті мамандар дайындау.
Пәнді оқып білудің нәтижесінде магистрант білуі керек:
- ғылыми жетілдірудің әдістемелік негіздерін білуі;
-ғылыми зерттеу әдістерінің бағыттарын оқып үйренуі;
-теориялық білімді меңгеру;
-жинақталған ғылыми мәліметтерді істей білу;
-экологиялық мәселелерді шешуде алған білімдерін және зерттеу әдістерін қолана білу.
1.5 Курстын міндеттері
- магистранттарға биологиялық және әлеуметтік экожүйелердің тіршілік етуінің
жалпы зандылықтары туралы білім беру
-мекен ету ортасын қорғау мен қалыптастыру механизмдерін көрсету
-адам қызметінің жалпы экология зандарымен үйлесімділігінің дәрежесін
көрсету
-қазіргі әлемдегі экологиялық мәселелердің сараптамасын беру
-экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын көрсету
1.6 Курстың пререквизиті:
1.6.1 Экологияның қазіргі мәселелері
1.6.2 Қазақстанның қазіргі экологиясы
1.7 Курстың постреквизит –
Достарыңызбен бөлісу: |