18. Бөксе аймағының топографиялық анатомиясы. Талшықты кеңістіктің ақпараттандырылуы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Шекаралары :
жоғарғы — мыңын ңыры (crista іlіаса);
төменгі — бөксе ( sulcus gluteus) қыртысы;
ішкі —сегізкөз бен құйымшақ;
латералды — spina iliaca anterior-мен үлкен ұршықты қосатын сызық.
Бөксе аймағының сүйектік жалғама- негізі жамбас сүйектері мен оның жалғамаларынан, жіліктен және жамбас-сан буынынан қүрылған болып келеді.
Қабаттары.
Бөксе аймағының терісі қалың, май бездері көп болады. Дәнекер тін талшықтары теріні, оның астында жатқан шандырмен байланыстырады. Тері асты шел қабаты көлемді, одан өтетін беткей фасция (f. superficialis) шел қабатты 2-ге бөледі: беткей және терең.
Терең қабаты белдің шел қабатына айналып, боксе аймағының жоғарғы бөлімінде орналасқан — бел-бөксе май қабаты (massa adiposa lumbo-glutealis) деп аталады. Шел қабатында үсақ веналар, бөксе артерияларының тармақьары жэне беткей нервтер (пп. clunium superior, medialis, et inferior) орналасқан.
1) nn. clunium superior, (бөксенің жоғарғы нервтері) жоғарғы үш
бел нервтерінен басталады. Мықын қырында, боксе фасция-
сын тесіп отіп, тері астына шығады;
2) nn. clunium medii (бөксенің ортаңғы тармағы) жоғарғы үш
сегізкөз нервтерінен құрылған. Бүл нервтер боксе фасциясын, аймақтың медиалды бөлігінде тесіп өтіп, латералды жағының тері астылық май қабына өтеді.
3) nn. clunium inferior, санның артқы терілік нервісінен тарайды. . Бүл нервтер тармаңтары боксе фасциясын аймаңтың төменгі бөлігінде тесіп шығып, тері астында жоғары бағытталып тарайды.
Меншікті шандыр-бөксе фасциясы (f. glutea) тығыз, сіңір тал- шықтарынан қүралған. Бүл шандыр жоғары жағынан белдің мен- шікті шандырына (f. lumbo-dorsalis), ал төменгі жағынан санның жалпаң шандырына (f. latae) айналады. Ғ. glutea үлкен бөксе бұлшықетін қоршап, қүндақ түзіп түрады. Оның беткей жапырағы бүлшықеттің артқы-үстіңгі бетін, ал терең жапырағы алдыңғы-терең бетін жауып түрады. Бөксенің үлкен бүлшықетінің (т. Gluteus maximus) жоғары қырынан жоғарырақ жерде екі жапырақ қомылып, бір жапыраңшаға айналады да, мыңын қырына (crista іііаса) бекиді.
Бүлшықеттер.
Беткей, ортаңғы, тереңдегі болып үш қабат орналасады:
1) беткей қабаты: үлкен бөксе бүлшықетімен, ортадағы бұлшықеттің сыртқы бөлігінен (т. gluteus minimus) түрады. Оның астында үлкен үршың (trochanter major) аймағында кілегей ңалта —bursa trochanterica орналасады;
2) ортаңғы қабаты: ортаңғы бүлшыңеттің ішкі бөлігінен, ал- мүрт тәрізді бүлшықет (т. piriformis), ішкі жапңыш бүл- шықет (т. obturatorius internus), егіз бүлшықеттер (тт. gemeli) және санның төртбүрышты бүлшықетінен (т. qua dratus femoris) ңүралған;
3) терең ңабаты екі бүлшыңеттен түрады: жоғарыда —бөксенің кіші бүлшықеті (т. gluteus minimus); төменінде —сыртқы жапңыш бүлшықет ( т. obturatorius externus).
М. gluteus maximus-тің астында маңызды майлы-дәнекер тінді кеңістік бар. Бүл жердегі шел қабаты алмүрт тәрізді бүлшыңет- тің үстіңгі және астыңғы саңылауы (foramen supra—және infra-
piriforme) арқылы жамбастың шел қабатымен байланысады, кіші шонданай тесігі арңылы, шонданай-тік ішек шүңңыры (fos. ischio- rectalis) шел қабатымен жэне шонданай нервінің бойымен санның артқы бетінің бүлшықет аралың кеңістігімен байланысады.
Ортаңғы боксе бүлшыңетінің астында болбыр дәнекер тінмен толған түйық кеңістік бар. Егер бүл аймақта ірің, қан жиналатын болса, олар үзаң уаңыт бойы анықталмайды.
Тамырлар мен нервтер. For. suprapiriforme —арқылы жамбас қуысынан бөксенің жоғарғы артериясы және нерві (a. glutea supe rior жэне а. gluteus superior) шығады. Жамбас қуысынна бөксенің жоғарғы венасы ( v. glutea superior) жэне лимфа тамырла- ры (vasa lymphatica) кіреді. Осы жерде бөксенің жоғарғы лимфа түйіндері (lymphonodi glutei superior) орналасады.
For. infrapiriforme арқылы жамбас ңуысынан бөксенің төменгі артериясы (a. glutea inferior), ішкі жыныс артериясы (a. pudenda interna), шонданай нерві ( n. ischiadicus), санның артқы нерві ( n. cutaneus femoris posterior), бөксенің төменгі нерві ( п. gluteus inferior) жэне жыныс нерві (п. pudendus) шығады. Жамбас қуысына и. glu tea жэне vasa lymphatica кіреді. Тесіктің өзінде бөксенің төменгі лимфа түйіндері (lymphonodi glutei inferior) орналасады. A. glutea superior қүрсаң асты артериясының (a. hypogastrica) тармағы, бөксе аймағында өзінің соңғы тармақтарын береді. V. glutea superi oi біреу немесе екеу, үсақ веналардың жиналуынан пайда болад.
Жоғарғы боксе атериясының үш бөлігін ажыратады:
1) «жамбас ішілік» —басталған жерінен, алмүрт тәрізді бүл- шықет үсті тесікке дейін (2 —4 см);
2) «өзекшелік» бөлігі—алмүрт тәрізді бүлшықет үсті тесікте орналасқан бөлігі (3 —4 см);
3) «жамбастан тыс» бөлігі —алмүрт тәрізді бүлшықет үсті те- сіктен шыңқан жерінен, оның тармаңтанған бөлігіне дейін.
Жоғарғы боксе нерві алмүрт тәрізді тесіктен шыңңан соң жоғарғы артериядан сыртңары жэне томен орналасады. Нерв ортаңғы жэне кіші боксе бүлшыңеттерін және жалпаң фасцияны керуші бүл- шыңетті нервтейді. Ж арақат салдарынан, нерв кіш і боксе бүлшың- ет, алмүрт тәрізді бүлшыңет пен мықын сүйегі арасында қысылуы мүмкін. Бүл кезде боксе бүлшыңеттерінің атрофиясы және санды әкету функциясы жоғалады. Томенгі алмүрт тәрізді бүлшықет тесігінің қүрылысы күрделі, одан —vasa pudenda inferior, п. ischiadicus, п. gluteus inferior, n. cu taneus femoris posterior, vasa pudenda interna, n. pudendus шығады.
Осы қүрылымдардың, іштен сыртңа қарай орналасуы: —жыныс нерві (п. pudendus) орналасқан;
—ішкі жыныс қантамырлары (a. et v.pudenda interna)', —төменгі боксе нерві (п. gluteus inferior)-,
—сан артының тері нерві (n. cutaneus femoris posterior)', —бөксенің төменгі қантамырлары (a. et v. gluteus inferior)', —шонданай нерві (п. ischadicus).
Бөксенің беткей және ортадағы бүлшықеттер арасындағы майлы шел қантамыр, нервтерді қоршап жатады . Бүл майлы шел келесі көрші аймақтармен байланысады:
1) алмүрт тәрізді бүлшықет тесік асты арқылы , жамбастың париеталды майлы-шелімен;
2) кіші шонданай тесігі арқылы шонданай-тік ішек майлы шелімен;
3) шонданай нерві бойындағы ұлпа арқылы тақым шұқыры мен;
4) жапқыш артерия бойымен әкелу і бұлшықеттер үлпасына. Боксе аймағындағы бұлшықеттер арасындағы үлпаның қабынуы енгізілген инъекция салдарынан болуы мүмкін. Мысалы, дәріні бүлшықет ішіне емес, майлы-шел ішіне енгізу (күкірт-қышқылды магнезиді) бүлшықеттің асептикалық ісінуіне әкеліп, кейіннен ісінген бүлшықет арасындағы нервтер мен қантамырларды қысады.
Достарыңызбен бөлісу: |