12. Білек аймағының топографиялық анатомиясы (алдыңғы және артқы аймақтар). Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Пироговтың талшықты кеңістігі. Білектің алдыңғы аймағы Шекарасы


Жамбастың алдыңғы аймағының топографиялық анатомиясы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы



бет8/53
Дата18.04.2022
өлшемі3,62 Mb.
#139882
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Байланысты:
анат

16. Жамбастың алдыңғы аймағының топографиялық анатомиясы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Санның алдында ішкі жағының терісі жүқа, қозғалмалы , май және тер бездері көп болады. Тері санның сыртына қарай қалыңдайды, қозғалысы шектелген болып келеді.
Сыртқы жыныс артериясы (a. pudenda externa) — екеу болады, ерлерде үманы , әйелдерде үлкен жыныс ернін қанмен қамтамасыз етеді. Қүрсақ үсті беткей артериясы (a. epigastrica superficialis) — кейде екеу болады, жоғары кіндікке қарай көтеріледі. Мықынның беткей айналмалы артериясы (a. circumflexa ilium superficialis) — spina iliaca anterior superior-ге қарай бағытталады. Барлық айтылған артериялар a. femoralis-тің тармақтары сопақша тесік (for. ovale) аймағында аттас веналарымен бірге жүреді. Олар v. femoralis немесе үлкен тері асты венасына (v. saphena magna) келіп қүяды . V. saphena magna біреу, кейде екеу болып келеді, ол санның алдыңғы медиалды бетінде, беткей шандырдың екі жапырақшасы арасында жатып, v. femoralis-Ke қүяды . Бүл бөлімнің төменгі жағында орналасқан беткей артериялар a. Femoralis-тің бұлшықеттік тармақтарынан түзіледі. Шап жалғамасының төменгі жағының терісі n. Lumboinguinalis-тің (pl. lumbalis-тен), кейде nn. iliohypogastricus және ilioinguinalis тармақтарымен нервтенеді. Санның сыртқы жағы n. cutanei femoris lateralis-тің тармақтарымен нервтенеді. Санның латералды тері нерві жалпақ шандыр астынан, мықынның алдыңғы -үстіңгі қылңанынан медиалды жерде шығады да, етікшілер бұлшықеті арасынан өтеді. Осы жерде, санның сыртқы тері нервінің қысылу белгісі (Рот синдромы) шығуы мүмкін. Рот синдромы, осы аймақта парестезия сезімін шашу, үю белгілерін көрсетеді. Терінің алдыңғы нерві (n. cutanei anterior n. femoralis-тің бүтатқары) етікшілер бүлшықеті (m. sartorius) бағытымен жүреді. Санның ішкі бетіне n. obturatorius-тың тармақтары тарайды. Сандағы тері асты майлы шелі жақсы дамыған болып келеді және де олар беткей шандыр, меншікті шандыр болып бөлінеді.
Беткей шандыр санда екі қабаттан түрады. Екі жапырақша арасында нерв, қан және лимфа тамырлары мен лимфа түйіндері орналасқан. Hiatus saphenus — аймағында, терең жапырақша тіке талшық тор тәрізді фасцияға (fascia cribrosa) қосылған. Тері асты үлпаның тереңінде, шап асты лимфа түйіндері, шап байламы бойында және a. circumflexia ilium superficialis маңында орналасқан. Hiatus saphenus-тен томен, v. saphena magna бағаны орналасқан. Үлкен тері асты венасының диаметрі жоғары қарай кеңейе түсіп, саға маңында 7 — 8 мм жетеді.
Санның меншікті жалпақ шандыры (f . lata). Коптеген сіңірлі талшықтардан түратын тығыз жапырақ. Шандыр санның барлық бұлшықеттерін қамтып, оларға «жұмсақ қаңқа» түзеп сүйек төмпешіктеріне барып бекиді. Шандыр жоғары және сырт жағында мықты дамыған және шап жалғамасына қосылады. Төменгі жанда ол жіліншік шандырына айналып кетеді. Ғ. lata - дан латералды бүлшықет аралық перде (septum interm usculare lateralis) шығады , ол санның бұдырлы сызығының (I. asperae femoris-тъң) сыртқы ернеуіне барып бекиді, ал медиалды бүлшықет аралық перде (septum interm usculare m edialis) оның ішкі ернеуіне бекиді. Ол латералды перде санның бүккіш бұлшықеттерін жазғыш тардан бөліп тұрады , ал медиалды перде жазғыштарды әкелетін бұлшықеттерден бөледі. Әкелетін бұлшықеттер бүккіштерден артқы бүлшықет аралық пердемен (septum interm usculare posterior) бөлінген болып келеді.

Бұлшықеттер, екі қабат болып орналасады: беткей және терең.


Беткейі — m . tensor f. latae және m. sartorius-тен құралады .
Тереңі: жазғыштар — төрт басты бүлшыңеті (m. quadriceps femoris)', мықын-бел бүлшықеті (m. iliopsoas); әкелетін —тарамды бүлшықет (m. pectineus); ұзын әкелетін бүлшықет (m . adductor longus); нәзік бүлшықет (m. gracilis); қысқа әкелетін бұлшықеттен (m . adductor brevis), үлкен әкелгіш бүлшықеттен (m. adductor magnus); бүккіш - тер —санның екі басты бүлшықеті (m. biceps femoris); жартылай жарғақты (m. semimembranosus); жартылай сіңірлі (m. semimembranosus) бұлшықеттен құралады. Жазғыш бұлшықеттердің қанмен қамтамасыз етілуі және нервтенуі a. femoralis және n. femoralis арқылы болады. Әкелетін бүлшықеттердің қандануы аа. obturatoria және femoralis ал нервтенуі — n. obturatorius арқылы жүреді. М . pectineus n. femoralis пен оның тармақтары арқылы нервтенеді. М . adductor magnus-ты үлкен жіліншік нерві (n. tibialis) немесе n . ischiadicus-тъң тармақтары нервтендіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет