3. Қышқылдық-негіздік индикаторлар
Бейтараптау реакцияларынан титрлеудің аяқталуын анықтайтын сыртқы белгілер байқалмайтын болғандықтан, осы мақсатта титрленетін жүйеге бейтараптану реакциясының эквиваленттік нүктесіне жуық ерітінді түсін өзгертетін, индикатор қосады.
Анализдеу тәжірибесінде осыған ұқсас органикалық қосылыстардың көптеген мөлшерінен тек жиірек қолданылып, белгілі талапты қанғаттандыратын кейбіреулері ғана пайдаланылады:
индикатордың бояуы оның өте аз концентрациясында жақсы байқалуы тиіс;
индикатор түстерінің ауысуы рН-тың қысқа аралығанда шұғыл болуы тиіс;
зат бояуының өзгеруі қайтымды болуы тиіс.
Әр түрлі индикаторлардың бояуы рН ортаның әр түрлі аралығында өзгереді және көбінесе қышқыл реакциясының эквиваленттік нүктелерінде емес, біраз екі жақтың біріне ауытқуы байқалады.
Бейтараптау реакцияның индикаторлар әрекет механизмінің қышқылды-негіздік теориясын ең алғаш В.Оствальд (1894ж.) ұсынды. Бұл теорияға сәйкес осы индикаторлардың барлығы әлсіз қышқылдық немесе негіздік қасиет көрсетеді, олар сулы ортада келесідей диссоциацияланады:
HInd ↔ H+ + Ind-
IndOH ↔ Ind+ + OH-
HInd – әлсіз қышқыл және протонның доноры болып саналады, ал IndOH - әлсіз сілті. Индикаторлардың диссоциацияланбаған түсі диссоциацияланған иондардың түсінен өзгеше болады, мұны қышқылдық ортаның өзгеруі кезінде байқай аламыз.
Мысалы, сулы ерітіндіде лакмустың иондалмаған молекулаларының түсі қызыл, ал аниондар көк түске боялады, яғни лакмусы бар ерітіндіге жайлап сілті қосса, протондардың су молекуласында иондармен байланысу есебінен келтірілген теңдеуде тепе-теңдік оңға қарай ығысады. Лакмустың аниондық формасы ерітіндіге көк түс береді. Егер осы ерітіндіге енді қышқыл қосса, сілтінің артық мөлшері бейтараптанған соң ерітіндіге сутегінің иондары жинақталады, олар индикатордың аниондарымен өзара әрекеттесе алады, сөйтіп реакцияның тепе-теңдігі солға қарай ығысады. Түзілген диссоциацияланбаған индикатор молекулаалры ерітіндіні қызыл түске бояйды.
Екі түсті боялған формалы индикаторлар қостүсті деп аталады. Егер оның бір ғана түске боялған формасы болса, онда біртүсті (фенолфталеин, паранитрофенол және т.б.) индикаторлар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |