- есепті кезең кірістері мен падасының негізгі бөлігінің қандай көздерден алынғанын анықтау;
- өнімнің өндірістік өзіндік құны мен өндірістік емес шығындарды бөлу, оның ішінде басқару мен өткізу шығындарын, қаржылық іс-әрекет шығындарын бөлу;
- басқарушылық және қаржылық талдау мақсатында тұрақты және
ауыспалы шығындарды бөлу.
Табысты алу көздерін анықтау үшін кәсіпорынның барлық іс-әрекеті төмендегідей жіктеледі:
- негізгі және операциондық іс-әрекет (кәсіпорын өнімдерін, жұмыстары мен қызметтерін өндіру және өткізу);
- қаржылық іс-әрекет (несие алу және оларды өзге кәсіпорындарға беру; кәсіпорынның өзге компаниялардың іс-әрекетіне қатысуы; кәсіпорынның қаржылық нарықтардағы операциялары, курстық ауытқулар);
- төтенше баптар (кәсіпорын іс-әрекетіне тән болып табылмайтын операциялар).