« № 121 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Елбасы – ел тірегі
Сыныптан тыс іс - шара
Мерзімі: 27.11.15ж.
Үйде оқыту мұғалімі:
Сейдикеримова А.Қ
2015-2016 оқу жылы.
Тақырыбы: “ Елбасы – ел тірегі ”
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып , білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
1.Дамытушылықмақсаты:1. Балалардың ойлау қабілеттерін, еркін сөйлеуге, ойын толық жеткізуге, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыра түсуге дамыту.
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Тәрбиелікмақсаты: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, өзін-өзі көпшілік арасында ұстай білуге және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақкөрнекілігі: Ту, слайд, шарлар, суреттер т. б.
. Сабақтыңтүрі: Сыныптан тыс.
Пәнаралықбайланыс: музыка, әдебиеттік оқу, тарих ;
Сабақбарысы: I.. Ұйымдастыру кезеңі:
Саламатсыңдар ма? оқушылар, бүгінгі « Елбасы – ел тірегі » атты танымдық ойын-думанымызға қош келдіңіздер. . « Елбасы- ел тірегі » сабақ барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін, өздерінің ақылды, шеберліктерін, алғырлықтарын, , еркін сөйлей алатынын көрсеткісі келіп отыр.
II. Психологиялықдайындық:
Ақ пейілді, тілекпен.
Таза адал жүрекпен,
Амандасып алайық.
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық.
Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, бір – бірімізге тілек айтамыз.
Елбасы туралы слайд.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң, халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш Елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.
Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды жеккен, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Гимн бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын
жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
2006 жылы 7-қаңтарда гимн қабылданды.Егемен елімнің гимн жаңарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.(Гимн айтылады)
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Мұғалім:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
IV. 1- оқушы: Қазақта тұңғыш Елбасы
Пана боп Алла қолдасын!
Тіліммен дінді сақтаған,
Бар қазақ сіздей болсашы
Сенің атың Нұрсұлтан
Туған елің Қазақстан.
Мен сізден үлгі алам,
Өз еліммен мақтанам.
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні .
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бостандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
2- оқушы : Астана
Тәләйлі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың,
Осы менің –арманым
Күн тұрғанда тұратын
Жұрт сарайын құратын
Қала болсын Астана
Осы - менің мұратым!
О, Ақ орда, Ақ шатыр,
Баянды болсын Азаттық,
Осы – менің мақсатым!
Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз оссын бәйгеде
Осы – менің тілегім!
3- оқушы: Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |